3.5. Бағыныштылар (жұмысшылар, қызметкерлер) Бір деңгейдегі бір-біріне бағынбайтын жоғары деңгейге бағынышты әріптестер бағыныштылар болып табылады. Ұйымда жұмысшыларды жұмысқа орналастыратын кезде олардың қандай типтегі екенін назарға алу керек. Керісінше болған жағдайда жоқ жерден проблемалардың туындауы мүмкін. Басқарушылар секілді бағыныштылар да өз араларында түрлі типтерге бөлінеді. Олар:
Аналитик тип: Жалғыз жұмыс істегісі келетіндер, қате жасағанды ұнатпайды, логикаға және өндіріс әдістеріне сүйенеді.
Парагматик тип: Өздігінше шешім қабылдайды. Тәуекелден қорықпайды. Жаңа әдіспен және идеялармен жұмыс жасайды.
Реалист тип: Өзінің ойын нақты тұжырымдайтындар, жұмыс істеу қабілеті жақсы.
Критик топ: Анализ жасап алдағыны болжайтындар.
Идеалист тип: Басқаларына көмек көрсеткісі келетіндер, демократтар.