Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


-ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: ФИРМАНЫҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ



бет250/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   292
Байланысты:
менеджмент

20-ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: ФИРМАНЫҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ


Жоспар:

  1. Кадрлық саясаты туралы түсінік.

  2. Персоналды іріктеп алу және орналастыру.

  3. АҚШ мен Жапония фирмаларында персоналды басқару ерекшеліктері



Лекция мақсаты: Кадрлар рөлінің маңыздылығы.
Лекция мәтіні:
1. Кадрлық саясаты туралы түсінік
Қызметкерлерді басқару мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыратын кадрлық саясат болып табылады. Кадрлық саясат-кадрлармен жұмыс істеудегі басты бағыт, кәсіпорының кадрлық қызметін жүзеге асыратын негізгі принциптердің жиынтығы. Бұл жөнінде кадрлық саясат қызметкерлермен жұмыс істеудегі беталыстың стратегиялық жолы болып табылады. Кадрлық саясат туралы бірқатар зерттеушілер пікірі мынадай – бұл кадрлық жұмыстағы басты бағыт кәсіпорын шешімдерінде ұзақ мерзімге немесе қысқа мерзімге байланысты ең маңызды, принципиалды жағдайлар жиынтығымен анықталады. Оларда «кадрлық жұмыс» жұмыс түсінігін атап көрсетеді, оның мазмұнына кадрларды дайындау, оларды іріктеу, қайта дайындау, орналастыру, бейімдеу, шығармашылық өсуін жоспарлау, мансабын жоспарлау, кадрлар резервін құру, кадрларды аттестациялау кіреді. Кадрлық саясаттың принциптік жүйесі және олардың шығатын формалар, әдістер, бағыттар және басқарушылық қызметтерін жұмыс белгілері деп түсінетін зерттеушілер де бар. Ол қоғамдық өндіріс пен кәсіпорынның басқа салаларын қажетті саяси және іскер қажеттерді меңгерген жоғары мамандықты басқарушылық кадрларымен қамтамсыз етуге бағытталған. Бұл жерде «кадрлар» ұғымына олардың «басқару жүйесінде істейтін барлық жұмысшыларды» енгізіп отырғанын атап көрсету маңызды. Алайда кадрлар құрамын бұданда толығырақ түсіндірулер кездеседі. Тар мағынада кадрлық саясат бұл әкімшіліктің, қоғамдық кәсіпорынның барлық ұжыммен, оның әлеуметтік және функционалдық топтарымен және әрбір адаммен істеген жұмысы. Басқару құралы ретіндегі кадрлық саясат бұл мақсаты кәсіпорынның барлық жұмысшылардың күштерін қойылған міндеттерді шешу үшін бірлестіру болып табылатын ұйымдастырушы іс-әрекет. Тап осы жағдайда авторлар «кадрлар» ұғымы кәсіпорынның барлық жұмысшыларына, барлық ұжымға оның топтарымен қоса таратты, бірақ тек кәсіпорын деңгейінде.Егер осы мәселе жөніндегі барлық көзқарастарды топтастырсақ онда басқарудағы кадрлық саясатты анықтауға үш пікірді бөліп шығаруға болады: 1) «басқару жүйесінде істейтін барлық жұмысшыларды» яғни басшыларды, мамандарды, техникалық қызметткерлерді іріктеу, орналасыру ретінде; 2) басшыларды, мамандарды, жұмысшыларды іріктеу, орналастыру және пайдалану ретінде, яғни өндірістік кәсіпорындарда, бірлестіктерде және министрліктерде жұмыс істейтін қызметкерлерді түгелімен қамтиды; 3) алдарына қойылған міндеттерді шешу үшін өндірістік кәсіпорындар оның маманданған топтарымен қоса әлеуметтік процесі ретінде қарастырылған. Кадрлық саясаттан қандай рөл ойнау талап етіледі? Халық шаруашылығы саласында техникалық және экономикалық саясат жүргізуде кадрлық саясат басқару істерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Халық шаруашылығы саласында кадрлық саясатты тиімді басқару үшін кадрларды оперативті тіркеу және талдау жүйесін құрады, ал басқарудың барлық деңгейінде кәсіпорыннан министрлікке дейін белгіленген уақыт аралығында іс-әрекеттің әрбір нақтылы нақтылы сәтіндегі ақикат жағдайды көрсетеді. Оның көмегімен алынған мәлімет өндіріс саласындағы кадрлар құрамын өзгеру тенденциясын оқтын-оқтын бағалауға мүмкіндік береді, кадрларға мұқтаждықтың ғылыми негізделген жинақы және жинақы болжамдарымен жоспарларын құруға және осының негізінде халық шаруашылығы салаларын әлеуметтік даму жоспарларымен келісетін кадрлық саясатты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Басқармада істейтін кадрларды іріктеу, орналастыру алға жылжыту квалификациясын жоғарлату, бұл іс-әрекеттің бірлігі мен тұтастығын артуына, берілген жұмысқа жауапкершіліктің артуына, бүтіндей басқару жұмысының тиімділігін өсуіне және қорытындысында басқару жүйесі бейімділігінің артуына мүмкіндік жасайды. Жоспарлау мен басқаруды әлеуметтік процесстермен әректесуі кәсіпорын мен еңбекшілердің құқығы мен міндеттерін толығымен жүзеге асыру жағынан қоғам, ұжым және жеке адам мүдделерінің үйлесімділігі жағынан қаралады.
Кадрлық саясат – бұл кадрлық жұмыстағы ең негізгі бағыт, енбекші ұжымын құру бойынша мақсатқа бағытталған іс- әрекет және кәсіпорын мен оның жұмысшыларының мақсаттары мен принциптері мен бірге қосылуна ең жақсы түрде мүмкіндік туғызады. Кәсіпорының кадрлық саясатының негізгі объектісі ол қызметкерлер кадрлар болып табылады. Кәсәпорының жұмысшыларының негізгі штаттық құрлымы кәсіпорын қызметшілері деп аталады. Кадрлар бұл өндірістің негізгі және шешуші факторы, қоғамның өндіргіш күші. Олар өндіріс құралдарын жасайды және қозғалысқа түсіреді,оларда әрдайым жетілдіре түседі. Жұмысшылардың мамандануынан, олардың кәсіби дамунан, іскерлік қасиеттерінен өндіріс тиімділігі елеулітүрде дамыи түседі. Кадрлық жоспарлау маманданған кадрларды іріктеу жүйесі, оның мақсаты нақтылы уақыт шенберінде мамандардың қажетті мөлшерінде мекеме қажетілігін қамтамасыз ету. Мекеме мен кәсіби құрлымға қажет болатын, сол мезгілде қажет персоналға қатысты есептеулерді жүргізу мақсатымен енбек резервтері бойынша жоспар жасалынады. Потенциалды қабылдау көздері туралы шешім де қабылдау керек, мекеме қажеттіліктері мен енбектерін ақшалай немесе моральдық потенциальды марапатау қызметкерлердің болашақ құрамына белгілі болғаның қамтамасыз ету үшін байланыстар орнату керек және қолдау керек. Әрбір мекеме кадрлық жоспарлауды ашық немесе ашық емес түрде қолданады, кейбір мекемелер бұл жоспарда маңызды зерттеулер жүргізеді, ал басқалары қызметткерлерді жоспарлау туралы үстіртін назармен шектеледі. Қызметкерлерді жоспарлаудың негізгі міндедтерінің бірі бұл мекеме жоспарының мақсаттарын маманданған қызметкерлердің нақтылы қажеттіліктеріне бағыттау, және олардыңқажет болатын уақытын анықтау және кадрлық жоспарлау шенберінде бұл қажеттіліктергежету жоспарын жасау керек. Ықылассыз орындалған және оның үстіне еш еленбеген кадрлық жоспарлау ең қысқа мерзімде маңызды мәселелерге арандатуға қабілетті. Тиімді кадрлық жоспарлау көмегімен бос орындарды толықтыруға боладыжәне бірлестік ішіндегі мамандардыңмансап мүмкіндігін бағалай отырып, кадрлардың тұрақсыздығын азайтуға болады. Қойылған міндетті орындауда ең жоғары соңғы нәтижелерге жету үшін халық шаруашылығы мен барлық басқару жүйесінің төңкерісін жүзеге асыру үшін шаруашылық механизімінің алдағы жоғары сатыға көтерілуін болжамдайды. Оның табысты жұмыс істеуі үшін үйлесімді басқарушы кадрлар қажет. Шаруашылық механизімінің тиімділігі жаңа жағдайлардағы жұмысқа басқарушы кадрлардың дайындығына байланысты. Басқарущы кадрларды іріктеуде, таңдауда, бағалауды жақсарту үшін көп нәрселер істеу қажет, шаруашылық стериотиптері мен селсоқтықтарын жеңу керек. Дегенмен қазіргі уақытта, экономиканы басқарудың барлық салаларын басқаруды, жоспарлауды, кәсіпорын механизмдерін жоғары сатыға көтеру бойынша жұмыстарды тездету туралы міндедтерді бірінші жоспарға щығарған кезде, кадрлық саясаттың нақтылы міндеттерін жүзеге асырудың маңыздылығы анағұрлым артады. Нарық экономикасына өту кадрлық саясаттың негізге алынатын принциптарі мен мазмұнын едәуір өзгертеді. Қазіргі уақытта бұл еңбек ұжымын құру бойынша сапалы мақсатқа бағытталған іс-әрекет, кәсіпорын мен оның жұмысшыларының мақсаттары мен приоритеттерінің қосылуына ең жақсы түрде мүмкіндік береді. Кадрлық саясаттың мақсаты түрліше шешілуі мүмкін және альтернативалық варианттарды таңдау жеткілікті:

  • жұмысшыларды жұмыстан шығару немесе алып қалу; егер қалдырсаң онда қандай жол дұрысырақ: а) жұмысбастылықтың қысқарған формасына ауыстыру; б) өзіне тән емес жұмыстарда басқа обьектілерде пайдаланады; в) ұзақ мерзімге қайта даярлауға жіберу;

  • жұмысшыларды өздері даярлау немесе қажетті дайындығы бар адамдарды іздеу;

  • сырттан қабылдау немесе босатуға жіберілген жұмысшыларды қайта оқыту;

  • қосымша жұмысшылар қабылдау немесе сондағы бар жұмысшылары мен оларды орынды пайдалану;

  • «арзан» бірақ саяз маманданған жұмысшыларды немесе «қымбат» бірақ маневрлі жұмысшыларды даярлауға көңіл бөлу.

Кадрлық саясатты таңдауда кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасына тән факторлар есепке алынады, мыналар сияқты:

  • өндіріс талаптары, кәсіпорынның даму стратегиясы;

  • кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері, олрмен анықталатын қызметкерлерді басқарудағы шығынын мүмкін деңгейі;

  • қолдағы қызметкерлердің сандық және сапалық сипаттамалары және келешектегі олардың өзгерістерінің бағытталушылығы;

  • еңбек нарығындағы жағдай;

  • бәсекелестер жағынан жұмысшы күшіне сұраныс;

  • кәсіпорындардың ықпалдылығы, жұмысшы мүдделерін қорғаудағы қатандық;

  • еңбек заңдылығынның талаптары жалдамалы қызметкерлермен жұмыстың қабылданған мәдениеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет