Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет259/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Басқару еңбегінің затына көбінесе мәліметтерді жатқызады. Өйткені,
Басшы қызметшілер шындығында мәліметтерді өңдеуменшұғылданады. Алайда, мәліметтерді басқару еңбегінің бірден бір құралы деп есептеуге болмайды. Тағы бір атап көрсететін жайыт, басқару объектісі адамдар болып саналады.
Еңбек заты – бұл іс - әрекетке бағыталған нәрсе. Басқару кезіндегі ықпал ықпал ететін объектілері – адамдар, ұжым мүшелері, өндіріс процесі және т.б.
Басқару – ең алдымен адамдармен жұмыс істеу. Тек мәліметтерді өңдеу басшының бағыныштыларымен тікелей қарым – қатынас жасауын алмастыра алмайды. Кейде басшының бағыныштыларымен қарым – қатынасы мәлімет ісіндегі ерекше түрі, мәліметтерді алудың және таратудың ерекше түрі ретінде қарастырылады. Алайда мәлімет « ұғымын» басқарудың ерекше және оның негізгі заты ретіндегі «адам және оның іс -әрекеті» ұғымымен біріктіруге болмайды. Адамдарға және олардың іс - әрекеттеріне басқару еңбегінің негізгі ықпалдары бағыталған. Ал, мәлімет ададардың іс - әрекетін бейнелейтін құралы болып саналады.
Демек, басқару еңбегінің елеулі ерекшелігі, оның өндіріс еңбегінен өзгешілігі еңбек затының айырмашылығында.
Еңбектің маңызды сипаттамасының бірі, оның ақырғы және тікелей мақсаты мен нәтижесі, өндірістік және басқару еңбегінің түп мақсаты ортақ, өйткені басқару еңбегі өндірістің бір бөлігі ретінде тұтастай жұмыс ұғымына ене отырып, өндірістік еңбектің түпкі мақсатына өзгеше болуы мүмкін емес .
Қоғамдық еңбекті бөлісу жүйесінде басқару және өндірістік еңбектің тікелей мақсатының ерекшеліктері болады. Нақты өндірістік еңбектің тікелей мақсаты мен нәтижесіә нақты өнімді әзірлеу немесе белгілі бір қызмет көрсету болып саналады. Басқару еңбегі басқаша мақсаты көздейді, оның сипаты мен мәні де өзгеше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет