Басқару еңбегінің тікелей мақсаты – ұжымның бірлескен күш жігерін үйлестіру және оның мүшелерін ақырғы жоспарланған нәтижеге жетуге арналған бірлескен. Іс -әрекетін қамтамасыз ету.
Жалпы ұғымда еңбек құралы дегеніміз «... Зат немесе заттар жиынтығы, оны адамдар өзімен еңбек құралы аралығында қояды және де оның өзі осы затқа ықпал ету үшін қызмет етеді ». еңбек құралдарын қолдану мен жасау адамдардың еңбек әрекетінің өзіндік көрінісі.
Өндіріс процесінде адамдар, еңбек құралдары мен заттары тікелей байланыста болады. Басқару процесінде басқару субъектісі ретінде адамның өзі және оның іс - әрекеті, ал оның еңбек құралы ретінде ұйымдық – техникалық құралдар қатысып, бұлардың әрекеті басқару мүмкіндігін артыра түседі. Өндірістегі адам дене еңбегін қол мен машина арқылы, ал басқару еңбегіндегі адам мәліметтер мен және оларды өңдеу құралдары көмегімен атқарады.
Басқару еңбегінің заты құралының ерекшелігі оның сипаты мен мазмұнын айқындайды. Басқару еңбегі – көбінесе ой еңбегі.
Бұған әлеуметтік, экономикалық, ұйымдық, техникалық – технологиялық сипаттағы шешімдерді бағалау мен жобалау жатады.
Оның негізгі мазмұны сол, мұндай тұтастай алғанда адамдармен жұмыс істеййді. Басқару еңбегінің негізгі қызметі, міне осында. Басқару еңбегі – бұл ұжым адамдарына таралатын іс - әрекет, яғни жұмыс. Бұған еңбек процесіндегі жеке адамдар ғана емес, тұтастай ұжым қатысады. Басқару еңбегінің творчестволықсипат маңызды рөл атқарады.
Басқару қызметкерлеріне іс - әрекетіне творчестволық, логикалық, және техникалық қосалқы жұмыстар мен операциялар жатуы мүмкін.
Творчестволық жұмыстар мен операциялар логикалық ой әрекеті болып саналады. Бұған жататындары: салысьыру, талдау, синтез, абстракциялац, қортындылау, нақтылау, есептеу, болжалдау шешім қабылдау. Бұлар өзіндік сипатқа ие болады, әрі қатаң регламенттеуге келмейді. Басқару еңбегінде тәжірибе мен түсіну маңызды рөл атқарады.
Логикалық жұмыстар мен операциялар белгілді бір жүйе мен белгіленген тәртіп бойынша орындалады. Олар әдетте, тиісті құжаттармен документтермен оңай регламент теледі. Басшыларда творчесиволық процестің үлес салмағы 60 % - ға дейін мамандар да 40 % ға дейін болатындығы анықталған. Техникалық орындаушылар логикалық операцияның 30 – 20 % - ын атқарады, ал жұмыс уақытының қалаған бөлігітехникалық операцияларға ( мәлім еттерді жинау, өңдеу, құжаттарды өңдеу т.б. жұмсалады.
Басқару еңбегімен құрамында басшылары,мамандар мен техникалық орындаушылары бар арнайы аппарат щұғылданады. Басқару қызметкерінің саны өндіріс қызметшілерінің санына қарағанда негісіз көбейіп кететін фактілер байқалады. Мұның өзі де басқару аппаратының ұстау шығынын көбейтуге әсер етеді. Сондықтанда басқару жұмысын ықшамдау, басқару еңбегінің өнімділігін және оның ұйымдастырылуын артыру жолдарын қарастырудың зор маңызы бар.