Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет262/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Басшы жұмысын жоспарлау
Жоспарлау – адам қызметінің ажырамас бөлігі. Карл Марс пен Фридрих Энгельс былай деп жазған болатын «...ең нашар деген сәулетшінің бал арасынан айырмашылығы сонда, ол балауыздан ұя салудың алдында, оны әуелі басында ойластырып алады. өзінің еңбек әрекетін жоспарлау арқылы жұмысты белгілі бір жүйеге келтіріп, ең басты, кезек күттірмейтін мәселелерді шешуге жұмылдырады».
С.Н. Архангельский былайша атап көрсетеді: «...психологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда адамның болашақ іс - әрекетін жоспарлауының мәні сол, ол белгілі бір іс - әрекетті орындаужың жолдарын, адамдары мен құралдарын ой елегінен өткізеді де, түпкі мақсатқа жетуді ойластырады». Сондықтанда басқару аппаратының тиімді қызметі жоспарлану тиіс.ол үшін дербес жұмыс күннің тәртібі, кәсіпорын жұмысының жалпы тәртібі, адамдарға өзара алмастыру графигі, жеке творчестволық жоспары т.б. жасалады.
Дербес жұмыс күннің тәртібі белгілі бір жүйемен жүзеге асырылады.әуелі жекелеген қызмет түрлері еңбек операцияларына бөлініп, жұмыс уақытының құрылымы ойластырылады. Сараптап экспертік бағалау арқылы жекелеген жұмыс түрлерін орындауға жұмсалатын қажетті жұмыс уақыты анықталады. Жұмыс күннің қолайлы, құрылымын және нақтылы қалыптасқан жұмыс күні тәртібін ескере отырып дербес жұмыс графигі жасалады. әрбір басшының дербес жұмыс күні тәртібіне, е алдымен, атқарылатын жалпы жұмыстар ( мәжілістерге, нарядтарға қатысу), содан кейін уәсіпорын басшысына қатысты басқа жұмыстар еңгізілуі тиіс.
Жұмыс күні тәртібінің негізгі міндеттері: ай ішіндегі басшылар мен мамандардың жұмысын ретке келтіру, басқару аппарттарының жалпы үйлесімділігі мен ұйғарымдылығына қол жеткізу мақсатында өндірісті басқарудың оперативтілігін артыру.
Негізіг күннің тәртібі кәсіпоырн басшысының жұмыс графигі болып саналады. Бұл құжатта өндіріс объектілерін аралау, қол астындағылармен кездесу, күнделікті және болашақ мәселелерді шешу, қоғамдық тапсырманы орындау, басқа үйымдарға бару, әр түрлі мәжілістердің қатысу жоспарланады. Орынбасарларының, бас мамандардың күн тәртібімен танысады.
Басшылармен мамандардың дербес жұмыс күні, тәртібіне, бірінші кезекте кәсіпорының негізгі қызметі бойынша басқару жұмыстарын орындауға тиісті уақыт белгіленеді. Сондықтан да басқару аппаратының жұмыс күні тәртібінің негізі белгілі бір бөлімшелердегі технологиялық бірізділік сақталатын жұмыс процесін орындау уақыты болуы тиіс.
Жұмыс күннің регламенті ауыл шаруашылығы өндірістегі маусымдылық ескеріле отырып жасалады. Қажет болған жағдайда жылдық қауырт науқандыкезеңдеріне ( егіс, жиын, терім т.б.) арнап жеке жұмыс күннің тәртібі белгіленеді. әрбір басшы мен маманның жұмыс күннің тәртібі кәсіпорындағы жалпы жұмыс күннің тәртібі мен үйлесуі тиіс.
Бұл құжатта жұмысты басталуы мен аяқталуы, түскі үзіліс, адамдарды жеке мәселелері бойынша қабылдау уақыты, өндірістік мәжілістерді, жиналыстарды, конференцияларды, диспетчерлік сағаттарды, агрозоотехникалық және экономикалық оқуларды, қоғамдық шараларды, сыртқы ұйымдармен байланысу уақыттарын көрсетеді.
Бұл құжатты кәсіпорын басшысы бекітеді. Басшылар мен мамандардың жұмысының тәртібі өз белгілеуіне сәйкес келуі үшін, олардың өзі уақыт аралықтары бойынша, сондай – ақ аудандық әкімшілік пен қоғамдық үйымдардың жұмыс регламенті бойынша сәйкес келуі, еңбек заңдарының талаптарына сай болуы тиіс.
Ең маңыздысы, басшы қызметкерлер дербес уақытын дұрыс жоспарлау, тынығатын күндерін және демалысын ұдайы пайдаланып тұруы тиіс. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда демалыс күндерінің, егіс басындағы қауырт жұмыс кезіндегі кезекшіліктің және мереке күндерінің ауыспалы графиктері пайдаланылады.
Жекелей творчестволық жоспарға өндіріс теникалары мен технологиялары еңбек жағдайын жақсарту, осының негізінде өндірістің экономикалық тиімділігін артыру жөніндегі нақты шарларды жүзеге асыру көзделеді.
Айырықшы қажетісі:

  • ой еңбегінде өзінің жұмысын жолға қою. Егер алғашқы сағаттарда жұмыс ойдағыдай істелген болса;

  • жұмысқа кіріскенде бір минутты да босқа жіберме, сонда жұмысының өнімі болады;

  • қиын жұмыстан өңай жұмықа, жағымсыз жұмыстан жағымды жұмысқа, тартымсыз жұмыстан тартымды жұмысқа бірте – бірте ауыс.

Егер жұмыс аяғында ісің жақсы жүретін болса:

  • ең жеңіл жұмысты алғашқы кезеке қалдыр;

  • әуелі жұмысқа қажетті нәрселеріңді мұқият әзірлеп ал;

  • әуелі жүріс – тұрысты көп қажет ететін шаруаларды тындыр, күнделікті міндеттерді күнделігіңе жазып қой, цифр деректерін есепте;

  • жеңіл еңбектен ауырына, тартымды еңбектен тартымсызына бірте – бірте ауыс.

И.В. Ревельскийдің еңбегінің гигиенасы жөніндегі ұсынысы ерекше көңіл аударарлық;
1. Еңбек етуді тынығумен мұқият, әрі дұрыс алмастыр.
2. Қатты шаршама.
3.Дұрыс демала біл.
4. Жиы тынық және белгіленген күні еркін серуендеп демал.
5. Жұмыс күнінде толық бір сағаттық демалыс уақытын белгіле.
6. Ой еңбегін мен дене еңбегіңді дұрыс үйлестіре біл.
7. Күн сайын бірнеше сағат жұмыс істеуге дағдылан. Ұзақ сарылып жұмыс істеу зиян.
8. Жұмысқа бірте – бірте құлшына кіріс.
9. Өз жұмысыңның үйреншікті қарқынын тездетуге де, баяулатуға да болмайды.
10. Ой еңбегіңді үзілісті тым жиелетуге болмайды.
11. Күні бұрын енжарлыққа салынба.
12. Зейініңе бөгет жасайтын, мазалайтын жайтарды барынша азайтуға тырыс.
13. «Ертен кеш жақсы» деген халық мақалы есіңізде болсын.
14. Бір іспен ұзақ уақыт шұғылданба.
15. Зерттелетін заттармен тұрақты байланыс орнат.
16. Толып жатқан цифр деректері мен анықтамалық сипаттағы нақты материалдарды есіңе сақтап, басыңды ауыртпа.
17. Істейтін жұмысыңның мақсаты айқындалғанда және оның пайдалы екендігіне көз жеткізгенде ғана қолға ал.
18. Уақытында тамақтанып отыр.
19. Көзіңді сақта.
Уақыт тапшылығын азайту, өзінің мақсаткерлігіңді, ұйымдастырушылығыңды артыру үшін неміс маманы Л.З. Зайверт өзіндік менеджемнтті ұсынады.
Өзіндік менеджментің басты міндеті - өз мүмкіндігіңді барынша пайдалану, тіршілігінің бағыт – бағдарын саналы түрде меңгеру, сыртқы жағдайды меңгеру, оның өзі кәсіптік және өмірлік мақсатарына жетуге, үнемдей отырып, жұмысты тиянақты орындауға, еңбекті жақсы ұйымдастыруға, әрі асығыстыққа, әбігершілікке салынбай – ақ жоғары нәтижеге жетуге ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет