2.Қарым-қатынасқа жеке сапаның әсері
Жеке тұлға жеке-дара келбеті мен қасиетіне ие болады: ой-өрісі биік, адамгершілік, қызбалық, қайратты, жалпы қоғамның әсерімен құралатын, сондай-ақ адамның жанұялық, еңбектік, қоғамдық, мәдени тіршілік әрекетінің процесінде құралатын.Қарым-қатынаста адамның өзін-өзі ұстауы, ерекше сырт-көрінісінің есепке алынуы мен білімі маңызды болып табылады. Іскерлік қарым-қатынаста адамгершілік сипат беретін этика, шындық, адамдық, қарапайымдылық, кең пейілділік, парыздылық, ар-ұят, абырой, намыс сияқты жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің негізінде құрылуы тиіс.
Қарым-қатынас сипатына оған қатысушылардың темпераменті әсер етеді. Темпераменттің төрт типін бөліп көрсетеді: сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик.
Сангвиник – қайратты, жарқын жүзділік, ынталы,жаңаға қабілетті, адамдармен тіл табысады. Өз эмоциясын жеңіл бақылайды және қызметтің бір түрінен басқа түріне ауыстырады.
Флегматик – байсалды, баяу, қызметтің жаңа түріне және басқа жағдайға бейімделуі қиын. Жаңа істі бастау үшін ұзақ ойға беріледі, бірақ оны бастағаннан кейін ақырына дейін жеткізеді. Көңіл-күйі әдеттегідей, бірқалыпты және салмақты.
Холерик – белсенді, іскер, жоғары жұмысқа қабілеттілігімен, қиындықты жеңуде қажырлығымен ерекшеленеді, бірақ көңіл-күйін бірден өзгертуге, қызбалыққа, депрессияға тез ұшырағыш. Қарым-қатынаста тік мінезді, сөзінде тұрмайды.
Меланхолик - әсерленгіш, жоғары қызбалы, осыдан жағымсыз эмоцияға ұшырағыш. Қиын ситуацияда абыржиды, сасқалақтайды, өзін-өзі ұстай алмайды. Көпшілікпен араласа алмайды. Қолайлы жағдайда өзінің міндетін атқара алады.
Швейцар психологы Карл Юнг жеке тұлғаны экстраверт және интроверт деп бөлген. Оның жіктеуі бойынша экстраверттер өзінің ішкі дүниесіне және сыртқы ортаға бағытталуына әлсіз көңіл бөлумен ерекшеленеді. Олар көпшілікпен тез араласа алатын ашық, ынталы және әртүрлі жағдайға тез бейімделе алады. Интроверттер, керісінше, өзінің ішкі дүниесіне бағытталған, өзін-өзі талдауға және тұйық мінезділікке бейімделген. Темпераменттің бұл типі сөзсіз таза түрде сирек кездеседі. Жеке тұлға қасиетін жан-жақты жүйелеу үшін Карл Юнгтің теориясына негізделген және құрастырушы Изабель Майерс-Бригс пен оның анасының құрметіне аталған Майерс-Бригс әдісі қолданылады. Осы әдіс бойынша адамдардың типі төрт категория бойынша негізгі белгі әрбір жұптан адамның келбетінің таңдау жолымен анықталады.Джон Честардың баяндауында оларды толығымен келтіреді:
1. Экстраверттер (Е) сыртқы әлемге өзінің энергиясын бағыттайды. Олар сөйлейді және әрекет жасайды. Интроверттер керісінше, іске кірісуден бұрын ойланғанды жақсы көреді. Олар байсалды ақыл-ой белсенділігін талап ететін жұмыстарды дұрыс көреді.
2. Сенситивтер (S) – ақпарат жинау үшінөз сезім мүшелерін белсенді қолданатын адамдар. Олар реалистер және осы әлемнің түгел ұсақ-түйегінде жақсы бағытталады. Интуитивтер (N), керісінше сол және басқа стиуациялардың зор күшейтуді және терең ойларды көреді, сондықтан өз қиялының көмегімен әлемді бағалайды.
3. Логиктер (Т) ұтымды және қисынды тұжырым жасайды. Олар ненің дұрыс және дұрыс емес екенін тұжырымдайды. Олар талдау жасайды. Эмоционалдар (F), керісінше өз сезімі негізінде шешім қабылдайды (ал бұл сезім өз кезеңінде өзін бағалау жүйесінде негізделеді). Олар өнегелі, қайғыға ортақтасатын және қайырымдылық жасауға бейімді, ептілігімен ерекшеленеді.
4. Рационалдар (J) ретке келтірілген ұйымдасқан өмір жүргізеді, өмірде неғұрлым көп оқиғаларға талдау жасаса, соғұрлым олар үшін жақсы. Иррационалдар (Р), керісінше ішкі себептерден пайда болған реакциямен ерекшеленеді, жаңа тәжірибені қолдайды.
Жеке тұлғаның осы теориясының дамуын темпераменттің төрт типі бойынша адамдарды бөліп көрсететін калифорнистік психолог Дэвид Кирсидің ұсынуымен есептеуге болады: NF – романтикалық, нәзік; NT - әуес, қисынды; SJ – ұйымшыл, жауапты; SP – ойнап қалған, ерікті. Іскерлік қарым-қатынастың кең тараған формасы болып сұхбаттық қарым-қатынас болып табылады, яғни темпераменттің белгілі типімен байланыста болатын сол немесе басқа тұлға бойынша жеке тұлғаның саналы қасиеті мен мінез-құлқының ерекшелігі ерекше толық көрінетін сөйлеу қатынасы болып саналады.
2. Іскер адам киімі (костюмі)
Киміге қойылатын негізігі талап: тазалық пен ұқыптылық болуы керек.
А) Костюм әрқашан үтіктелген, дақсыз, аяқ-киім, таза, әрі жылтыр, өкшесі қажалмаған болуы керек. Киілетін киім орнына, уақытына сай болуы керек. Кешке ақ киім киюге болмайды. Қатты көзге түспейтіндей қарапайым болу крек, жазда ашық киім кию керек, ал қыст а кешке болса, қара, қара-көк, көк болуы керек. Галстук те костюмді толықтыратындай сай болуы керек. Ресми жағдайда пиджак түймеленген болуы керек. Түймеленген пиджакпен кеңесте отырады, баяндама оқығанда, президиумдарда отырғанда кіреді. Ресторан мен театрға түймеленген пиджакпен кіру керек, пиджактың ең соңғы түймесі түмеленбейді. Бас киімі мен баратын орны, киімі сай болуы керек.
В) Әйелдің киімі тез өзгеріп отырады, олардың таңдау көлемі кең. Ең маңыздысы киім түсі, шашы, бижутерилері т.б. бірін-бірі толықтырып отыру керек. Әшекейді көп тақпаған жөн, киілетін киіміңіздің сіздің фигураларыңыздың ерекшеліктеріне сай болуы керек. Көпшілік жерде өзін-өзі ретке келтіру дұрыс емес. Классикалық стильді ұстанған жөн: қысқа юбка. Тым ашық түс пен жылтыр киімдір болмауы керек. Классикалық стильдің негізгісі: костюм немесе екі жақты костюм болуы керек. Шалбар киюге рұқсат етіледі, бірақ жасыңызды, фигураны ескерген жөн. Тоқылған киім сізге жарасымды болса, беделді көтереді және керісінше болуы мүмкін. Ерекше көңілді, әшекейге бөлеміз: алтын мен күміс бірге тағылмайды, бижутерия сапасы және беделді болуы керек. Иіс суды да тартымды қылып жағу керек, гримді де шекті қолдану керек.
Мұсылман елдерде жұмбақтылықты ұнатады, жылтыр әшекейді киген жөн. Американдықтарға: костюм шалбар, ашық макияж, қысқа шаш болуы тиіс. Ағылшындар мен немістерге: классикалық түрде киінген жөн. Француздарға соңғы сән үлгісімен киіну керек.
Үстел басында: шақырылған жерге, қонаққа кешікпеу керек, өйткені кешіккендер үй иесіне сыйласмастықты көрсетеді. Қонақтардың отыруына үй иесі 30 минут күте алады, кейін үстел басына шақырады. Ер кісілер стол басына әйелден кейін отырады. Әйелге стол басына шығарып салу үшін демеуші ретінде сол қолын ұсынады. Ресторанда столды таңдау ер кісінің міндеті, бірінші әйелді отырғызады, кейін ер кісі отырады. Ал, егер үйде қонақта болсаңыз, үй иесінің оң жағында отырған қонаққа , кейін сол, кейін оң т.б. береді. Егер жалғыз әйел болса, сонда әйелге бірінші беріледі. Кейін соңынан үй иесіне беріледі. Асты бәріне таратылып біткен соң ішуді бастау керек. Тамақты соңына дейін ішпеу керек, бірінші тамақ ішуді әйел бастайды. Ішімдіктер тост сөйлегеннен кейін ішіледі. Ер кісі оң жақта отырған әйелге сол қолмен құяды. Бөтелке ашылғанда алдымен өзіңізге кейін әйелге құю керек. Үстелде пышақпен түйреп тамақ ішу керек. Ас ішіп отырғанда қасықты ауызға толық салмау керек. Абайсыз төгіп алсаңыз тыныштық сақтап, түскен нәрсені асықпай алмаяқ қойыңыз, үстіңізге түссе бет орамалмен білдіртпей сүртіңіз.
Қонаққа келген адамдардың бір-бірімен тек бас изеу арқылы сәлемдесу керек., тек үй иесімен қол алысады. Стол басына отыруға асығудың қажеті жоқ, тек үй иелері шақырғанда отырыңыз және үй иелері отырған соң отырыңыз, үйінің, бөлменің жиһаздарына үңіліп қарай бермеңіз. Серіктесіңізді қолмен түртуге, қағуға болмайды. Әйел кірсе міндетті түрде тұру керек. Әйел кісінің алдында жүруге болмайды, оны өткізіп жіберу керек., алда кедергі болса, онда еркек әйел алдында жүреді.Баспалдақпен көтерілгенде, ер кісі әйелдің артында 1-2 баспалдақ артта жүреді, түссе 1-2 баспалдақ алда жүреді. Әңгімелескенде арқаны сол жақтағы адамға көрсетпеңіз. Темекі сұрамаңыз, өзіңіз біреуге ұсыныңыз. Қонақта болғанда сағатқа қарай бермеңіз. Кетуге мәжбүр болсаңыз ешкімге білдірмей кетіңіз, тек үй иесіне айтып кетіңіз. Өнеріңіз болса, үй иесі сұраса ғана көрсетіңіз. Театрға келгенде ер кісі әйелге киінуге, шешінуге көмектеседі. Театрда орныңыз ортада болса, онда арқаны сахнаға қаратып өтіңіз. Тұрғызбай кешірім сұраңыз. Ресторанға, кафеге кіргенде ер кісі әйелдің алдында кіреді. Кіргенде вестибюльге шешеді, шыққанда есік алдында киіп алады.
Әйел баласы автомобилге отырғанда да, түскенде де бірінші отырады, кейін аяғын кіргізеді. Көшеде ер адам әйелдің сол жағында жүреді:
2 адам келе жатса – оң жағы мәртебелі орын;
егер ер адам 2 әйелмен келе жатса екеуіне де бірдей көңіл бөлген дұрыс, ортада жүріңіз;
есікте әйелге бірінші барып, ер кісі ашып, ең соңғы кіреді;
қоғамдық жерде сіз тынышсыздық жағдай тудырсаңыз кешірім сұраңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |