Жоспар: 1. Этикет – адам тәртібін реттеудің бір формасы (түрі)
2. Іскер адам киімі (костюмі)
3. Іскерлік қарым-қатынастар
4. Келіссөз стилі.
Лекция мақсаты:Этиканың мәні мен формасы
Лекция мәтіні: 1. Этикет – адам тәртібін реттеудің бір формасы (түрі). Этика – оқыту обьектісі мораль болып саналатын философиялық ғылым болып табылады. Этикада мәселенің 2 түрін бөліп көрсетуге болады: адам қарым-қатынаста қандай болу керек жайындағы мәселе және моральдың пайда болуы мен мәні жайындағы теориялық мәселелер. Бірінші мәселенің түйіні бойынша этиканың іс-тәжірибелік бағыттылығы оның жалпы тұрмыс сферасына енгізілгендігі мәлім болады және осының негізінде «іс-тәжірибелік философия» деген атқа ие болады. Этиканың іс-тәжірибелік мәні өзара бірлесіп байланыс процесіндегі адамдардың қарым-қатынас сферасында пайда болады. Бұл жерде курс пәнінің, нақтырақ айтқанда адам әрекетінің тек қана іскерлік қарым-қатынас түріндегі байланысты ары қарай дамыту керек. Адамдардың екі жақты қарым-қатынасы адамгершілікке қатынасы бойынша нейтральды бола алмайды. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың реттеуші формасы болып саналатын құқық емес, тарихи мораль болған. Адамдардың шаруашылық және басқа да істеріне мемлекеттің қатаң бақылауы жоқ демократиялық қоғамда ие болатын іскерлік қарым-қатынастың осы реттеуші формасы ерекше мәнге ие болады.
Өзін адамдармен қарым-қатынаста болу іскерлігі - қызметтегі немесе кәсіпкерлік қызметтегі бизнесте табысқа жету мүмкіндігін анықтайтын маңызды факторы болып табылады. Дайл Карнеги 30-жылдың өзінде қаржылық істеріндегі, сондай-ақ техникалық сферасындағы немесе инженерлік істеріндегі қаржылық ісінің он бес пайызы мамандық біліміне байланысты болады, ал сексен бес пайызы оның адамдармен қарым-қатынас жасай алатынына байланысты екенін байқаған. Джен Ягер «Іскерлік этикет : бизнес әлемінде қалай қиындықты жеңе білу және табысқа жету» кітабында келесі алты негізгі принципті бөліп көрсетеді:
1. Пунктуальдық (барлығын уақытында жасау). Барлығын уақытында жасайтын адамның өзін-өзі ұстауы нормативті болып саналады. Жұмыс орнында кешігіп келу жұмысқа кедергі жасайды және бұл адамға сенуге болмайды деген белгілері болып табылады. Барлығын өз уақытында жасау принципі қызметтік ғимаратқа таралады. Ұйымдарды оқытатын және жұмыс уақытын үлестіретін мамандар сіздің көзқарасыңыз бойынша тапсырылған жұмыстың орындалуы үшін талап ететін мерзімге артық 25 пайызды қосуға кеңес береді.
2. Құпиялылық (артық сөйлемеу). Мекеменің, корпорацияның немесе нақты келісім-шарттардың құпияларын жеке құпия сияқты міндетті түрде құпия сақтау керек және де бөтен біреуге қызметтестерден, басшылардан және бағыныштылардан естігендерін әңгімелеп берудің қажет жоқ..
3. Сыпайылық, тілектестік және жылышырайлылық.. Кез-келген ситуацияда клиенттермен, тапсырыс берушілермен, сатып алушылармен және қызметтестермен іскерлік қарым-қатынаста өзін сыпайы, шын ниетімен және жылышырайлылық таныту керек. Бұл дегеніміз қызмет міндеті бойынша байланыс жасайтын қызметтестердің әрқайсысымен достасуға міндетті емес.
4. Қарамағындағыларға көңіл бөлу (өзіңізді ғана емес, басқаларды да ойлаңыз). Қарамағындағыларға көңіл бөлу қызметтестерге, басшыларға және бағыныштыларға таралу керек. Басқалардың көзқарасын сыйлаңыз, олардың сол және басқа көзқарастарын, ойдарын түсінуге тырысыңыз. Әрқашан сынға және қызметтестердің, басшылардың және бағыныштылардың кеңесін тыңдауға тырысыңыз. Егер де біреу сіздің жұмысыңыздың аспасына күдіктенетін болса, онда сіз оған басқа адамдардың ойлары мен тәжірибесін бағалайтынын көрсетініз. Өз-өзіңізге деген сенімділік қарапайым болуыңызға кедергі жасамау керек.
5. Сыртқы көрініс(тәртіптік ережеге сәйкес киініңіз). Басты сәйкестік – сіздің қызмет бойынша қоршаған ортаға сәйкес келу, ал бұл қоршаған ортаның ішінде – сіздің деңгейіңіздегі қызметшілер контингентіне сәйкес келу. Бәрінен де ерекшесі жақсы көріну керек, яғни беттің ажарына түсетін түстік гамманы таңдай отырып, талғаммен киіну керек. Тиянақты, талғаммен таңдалған аксессуарлар негізгі мәні болып табылады.
6. Сауаттылық (жақсы тілмен сөйлеңіз және жазыңыз). Мекеме шектеулеріне бағытталатын ішкі құжаттар немесе хаттар түсінікті тілмен меңгерілуі тиіс, ал меншік атаулары қатесіз жіберілуі тиіс. Әдепсіз сөздерді қолдануға болмайды. Тіпті егер сіз басқа адамның сөзін келтірген жағдайда, қарамағындағыларға бұл сіздің жеке сөз қорыңыздың бөлігі ретінде қабылданады.
Іскерлік қарым-қатынас жағдайға байланысты тікелей және жанама бола алады. Бірінші жағдайда адамдар қарым-қатынасының тікелей байланысы арқылы өтеді, екінші жанама байланыс тіркелу немесе техникалық құралдар көмегімен өтеді.
Тікелей байланыс сияқты жанама байланыста адамдарға әсер ету және әрекет етудің түрлі әдістері қолданылады. Көп қолданысқа түсетіндердің арасынан келесілері бөлінеді – сендіру, дегеніне көндіру, мәжбүрлеу. Сендіру – фактілер және қорытындыларды логикалық ретке келтірудің тікелей дәлелінің әсер етуі. Өз позициясының әділдігіде, өз білімінің шындығында, өз әрекетінің этикалық дәлелдігінде өз-өзіне деген сенімділікті тұспалдайды.Сендіру – күштеп емес, бұл дегеніміз қарым-қатынас бойынша әріптеске әсер етудің адамгершілік тәуір көрінетін әдіс болып табылады.