Сабақ кезеңі Сабақ барысы Ұйымдастыру Амандасу Түгендеу Кластер: Венн диаграмма: Грамматика: Бекіту: Рефлексия: Сыныпты үш топқа бөлу. Психологиялық ахуал жасау. «Сыныптастарыңа жақсы көңіл -күй сыйлаңыз»



Дата27.12.2016
өлшемі65,79 Kb.
#5933
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың билері 11 сынып

Сабақтың мақсаты

  1. Білімділік: Қазақтың үш биі жайында алған білімдерін қорытындылап, ұлы билердің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерін тексере отыра, өз бетінше шығармашылық ізденіс жасауға дағдыландыру;

  2. Дамытушылық: Оқушыларға  даналық  сөздердің  мағынасын  түсіне  білуге, ақын-ойының  дамуын,терең  білім  дағдарысына  жетелеу;

  3. Тәрбиелік: Ұлы  сөзге  тоқтауға,сөз  өнерін  құрметтеуге,жақсы  мен  жаманды  ажырата  білуге,саналылыққа  тәрбиелеу.




Сабақтың түрі

Қорытынды сабақ

Әдіс- тәсілдер

Әңгіме, баяндау, пікірлесу,сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары

Қолданылатын стратегиялар

Кластер,ой қозғау, вендиаграмма, кластер

Көрнекілік

Презентация, рефлексия

Сабақ кезеңі

Сабақ барысы

Ұйымдастыру

  • Амандасу

  • Түгендеу

Кластер:


Венн диаграмма:

Грамматика:

Бекіту:

Рефлексия:



Сыныпты үш топқа бөлу. Психологиялық ахуал жасау. «Сыныптастарыңа жақсы

көңіл –күй сыйлаңыз». Әр бала өзінің жанындағы сыныптасына жылы лебізін білдіреді.

Әр оқушы сабақ бойына өзін қадағалап және көршісін бағалайды.

«Қызығушылығын ояту» сатысы.

Үйлестірмелер  бойынша  сұрақ-жауап  әдісі

                1.Шешендік  сөздер  дегеніміз  не?

                2.Шешендік  сөздердің  түрлерін  атаңыз?

                3.Шешендік  сөзге  тән  қандай  ерекшелікті  білесіз?

                4.Би  дегеніміз  кім? Оның  тарихтағы  орны?

                5.Атақты  би-шешендерден  кімдерді  атай  аласыз?

                 Шешендік сөздер – ел құралып, халық қалыптасқаннан бері өсер ұрпақтың өнеге тұтып, өмір тәжірибесіне пайдаланып келе жатқан дуалы сөздер. Мұндай өнегелі, қисынды, қасиетті сөздерді хандар мен билер, ақындар мен ойшылдар шығарған.

Шешендік арнау, толғау, дау.

Қазақ шешендік сөздерінің бастауы- мақалдар мен мәтелдер.

«Мағынаны ажырату» сатысы.

Қазір енді әрбір топ өздеріне бөлінген билер жайында толық мағлұмат береді. Сонымен бірге топпен ақылдаса отырып, билердің өмірлеріне кластер құрап, топпен қорғауларын тиіс.

1 тапсырма. Яғни, 1 топ Төле би, 2 топ Қазыбек би, 3 топ Әйтеке би туралы.


2 тапсырма.Енді оқушылар осы үш бидің ұқсастықтарын, айырмашылықтарын вендиаграмма арқылы көрейікші.



3 тапсырма. Билердің шешен сөздерін оқи отыра, оқушылардың сол шешен сөздерді қалай түсінеді, мағынсаын ашып берулері қажет.

Төле би

Бір үйдің баласы болма,



Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол.

Қазыбек би

Алтын ұяң- әйелің қымбат,

Құт – береке – атаң қымбат.

Аймалайтын – анаң қымбат,

Мейірімді – апаң қымбат.

Әйтеке би

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқыласа сөз қиын,

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаса серт қиын.

Әр топ өздерінің үй тапсырмасы ретінде ізденіп келген шешен сөздерін оқып, талдап, мағынасын ашады. Тақтаға назар аударып, мына шешен сөздерді қай би жазғанын, сонымен бірге қалай мағынасын түсінесіңдер, соны топ болып талқылаңдар.
4 тапсырма. Қазір енді үш топ берілген кезең бойынша грамматикалық тапсырималарды орындайды. Яғни жеңілден ауырға көшу.

Әр топқа сөздер беріледі, сол сөздерді бірінші сөз құрамына талдайсыңдар, содан соң сөз тіркесін құрастырып, морфологиялық талдау жасайсыңдар , одан кейінгі кезең сөйлемдер құрастырып, сол сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайсыңдар.

1 топ: халқымыздың

2 топ: тұлғалары

3 топ: өнерлері

«Ойтолғаныс» сатысы.

Сабағымызды бастамас бұрын біз сендермен шешендік сөздердің бастауы мақал -мәтелдер дедік. Сондықтан да қазақ халқының мақал- мәтелдері қандай тақырыптарда жазылған. 5 тапсырма.

Әр топ Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер айтып, сол мақал-мәтелдердің мәнін ашулары қажет.

6 тапсырма.Әр топ алдарындағы он сұрақтан тұратын тест жұмысын орындап, бірін -бірі бағалайды.

БАҒАЛАУ НОРМАСЫ:

9-10-«5»


8-7-«4»

5-6-«3»
Қазір енді осы билер жайында біз көріністі тамашалаймыз.

             Көрініс.

Автор.  Төле  би  Әнет  бабаға  барып сәлем  беріпті.Жүзге  келген  қарт  би  ел  бірлігі,ынтымақ  жайлы  сөз  айтып  отырса  керек.

 Төле  би:  Қалай  еткенде  бірлік  болады,оның  мәні  не?

 Әнет  баба: (Төлеге  бір топ  шыбық  ұсынып)  -Осыны  сындырып  көрші?

 Автор:  Жас  Төле  шыбықтарды  олай  бір,бұлай  бір  иіп  сындыра  алмапты.

 Әнет  баба:   -Енді  осы  шыбықтарды  біртіндеп  сындыршы?

 Автор:   Жас  Төле  дара  шыбықтарды  оңай  сындырып  беріпті.

 Әнет  баба: - Бұдан  не  түсіндін, балам?

 Төле  би: -Мұның  мәнісі  -  ынтымағы  бар  елді  жау  да,дау  да  ала  алмайды!

  Әнет  баба:  -Дәл  таптың, балам!Ел  билеу  үшін, алдымен  ынтымақ  керек.«Бақ  қайда  барасың?» дегенде,  «Ынтымаққа  барамын» деген  осы.


Әрбір оқушы сабақтан алған әсерлерін бір- екі ауыз сөзбен айтып кетеді.

Содан соң әрбір оқушы өздерін және де көршілерін бағалайды.




Үй тапсырмасы:

“Өнерлі өрге жүзер” эссе жазу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет