Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


– ЛЕКЦИЯ.ТАҚЫРЫБЫ: МЕНЕДЖМЕНТТЕГІ ЖОСПАРЛАУ



бет162/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   292
Байланысты:
менеджмент

19 – ЛЕКЦИЯ.ТАҚЫРЫБЫ: МЕНЕДЖМЕНТТЕГІ ЖОСПАРЛАУ


Жоспар:
1. Жоспарлаудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері
2. Ұйымның жұмысын стратегиялық жоспарлау
3. Тактикалық жоспарлау


Лекция мақсаты: Жоспарлау маќсатты аныќтау жєне оныњ орындалуыныњ жолдарын ќарастыру
Лекция мәтіні:
1.Жоспарлаудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері
Менеджмент функциясыныњ мањызды бµлігі болып жоспарлау саналады.
Жоспарлау. Менеджмент функциясы сияќты маќсатты аныќтау жєне баѓдарламаныњ µнімді болу ‰шін болжау, тактикалыќ жоспарлау Л.Д. Залевский жоспарлауды басќарушылыќ шешімді µндіру, б±л процесс барлыќ н±сќалар баѓаланады жєне ќортындылайды, ішінен жаќсы єсер ететінін тањдап д±рыс шешім аныќталады.
К. Киллен «Жоспарлау - ол не, кіммен, ќалай деген с±раќќа жауап беруге дайындыќ» деп санайды.
Жоспарлау маќсатты аныќтау жєне оныњ орындалуыныњ жолдарын ќарастыру.
Жоспарлау ±йымныњ єрт‰рлі дењгейін ќамтып ±заќ мерзімді болып бµлінеді.
¦заќ мерзімді жоспарлауда (15-20 ж) фирманыњ маќсаты мен стратегиясы аныќталады. Ал ортамерзімді жоспарлау (5 жылѓа дейін) ќай жол арќылы маќсатќа жетуге болатынын шешу. Б±л жоспарларда ортаќ кадрлыќ саясат, ортаќ µндірістік стратегияны, ортаќ ќаржылыќ саясат, ортаќ маркетингілік саясат аныќталады.
Ќысќа мерзімді жєне аѓымдаѓы жоспарлау (1 жылѓа) ширек, айѓа байланысты бірнеше формаѓа ие. Оныњ бірі ортаќ мерзімді жоспарлауды наќтылап жєне ќысќарту. Сонымен ќатар бір жылѓа µндірістік жоспар, ќаржылыќ жоспар маркетинг бойынша жоспар ќ±рылады. Аѓымдаѓы жоспарлаудыњ ‰шінші формасы саясатты формалдау, механизмді баќылау, болашаќта болатын жаѓдайларѓа байланысты алдын ала компанияныњ жаѓдайын д±рыс аныќтап алу керек.
Егер берілген н±сќауды ќызметкер орындамаса, ол µзі єр тµленбеген бµлме ‰шін жауапкершілікті µзіне алады.

  1. Жоспар – жалпы мақсатқа жету үшін ұйымның барлық мүшелерінің күштерін қамтамасыз ететін бағыт.

  2. Жоспарлау төменгі жүйелердің қызметтерінің, бөлім мен бөлімшелердің және қызметшілер мен жұмысшылардың жұмыстарын қамти отырып ұйымның тұтастығын қамтамасыз ететін басқару жұмыстарының түрі болып табылады. Жоспарлау - мақсатты анықтау және оғын жетудің жолдарын дайындау процесі болып табылады. Жоспар – алға қойылған мақсатқа жетуге бағытталған іс-шаралардың жиынтығын көрсетеді. Жоспар мақсатты қою, іс-шараларды ұйымдастыру, мақсатқа жеткізетін әдістерді анықтау және келесі этаптағы басқару шешімдерін негіздеу процесін қамтиды.

  3. Жоспарды құру үшін алдымен мына 3 сұраққа жауап іздеу қажет:

  1. Қазір біз қайда тұрамыз ? (қаржы, маркетинг ресурстар, ұйымның әлсіз және күшті жақтарын бағалау керек).

  2. Қайда барғымыз (жылжығымыз) келеді?

  3. Біз бұны қалай жүзеге асырамыз?

Осы сұрақтарға жауап іздестіруді жоспарлы түрде жүзеге асыратын болсақ ұйым өзінің мақсатына жетеді. Алайда мақсатқа қарай жоспар құру әр елде әрқалай болып келеді.
Шет елдерде жоспарлауды ұйымдастыру және оның ерекшеліктері. Мысалы:

  • Американдық компанияларда жоспар барлық бөлімшелердегі стратегияларды бірлестіріп, ресурстарды жайғастыруды қамтиды;

  • Ағылшындық компанияларда жоспарлау ресурстарды жайғастыруда тепе-теңдікті сақтауды басты назарға алады;

  • Жапондық компанияларда басқару процесінде шешім қабылдаудың сапасын арттыру және жаңалық енгізу жоспарда қамтылады.

Демек жоспардың өзіндік мақсатының болуы шарт. Олай болса мақсаттарымызды қалай анықтаймыз. Мақсат-алдын ала күтілген нәтиже болып табылады. Ұйымның ішінде мақсаттардың иерархиялық құрылымы болады.

Жалпы мақсат


Миссия
Ұйымдық мақсат
Стратегиялық мақсат
Тактикалық мақсат
Оперативтік мақсат
Жеке тұлғаның мақсаты

Жоғарыда көріп отырғанымыздай ұйымның ішіндегі мақсаттардың барлығы назарға алынуы керек. Мақсаттар басқару жүйесіне, жұмыстарға, құрылымға ықпал ететін стратегияға да әсер етеді.
Ұйымның жалпы мақсатына жету мүмкін емес. Өйткені тұтынушылардың сұраныстары шексіз болғандықтан оны қанағаттандыратын өнімдерді де өндіріп таусу мүмкін болмағандықтан жалпы мақсатқа жету мүмкін емес.
Миссия - ұйымның өндіріп жатқан немесе сатып жатқан саласында негізгі қызметтері мен міндеттерін дұрыс нысаналау оның миссиясы болып табылады. Мысалы қыстық аяқкиім жасайтын фабриканың "Біз қыстық аяқ киім өндіретін фабрикамыз" дегеннің орнына "Біз адамдардың аяқ киім қажеттіліктерін қанағаттандыратын аяқ киім өндіретін кәсіпорынбыз" дегені оның миссиясы болып табылады.
Стратегиялық мақсат - ұйымның алдағы уақыттағы жағдайын белгілеу, нәтижелеу және оны қабылдау стратегиялық мақсат болып табылады. П. Друкердің пікірінше стратегиялық мақсаттарға мыналар жатады: фирманың нарықтағы позициясы, инновациясы, іс-әрекеттерінің өсуі мен дамуы, өнімділік, материалды және қаржылық ресурстары, табыстылығы, басқару бағыты, еңбек қатынастары және қоғам алдындағы міндеттері т.б.
Тактикалық мақсат – фирмалардың ішіндегі бөлімдердің (өндіріс, қаржы, маркетинг, персонал, бухгалтерия т.б.) алға қойған мақсаттары тактикалық мақсаттар болып табылады және оны жасайтын бөлім басшылары. Тактикалық мақсат стратегиялық мақсатқа жетудің бірден бір жолы болып табылады және де мерзімі қысқа болып келеді.
Оперативті мақсат - бөлімшелердің, топтардың және жеке тұлғалардың орындауы тиіс жұмыстар олардың мақсаттары болып табылады. Оперативті жоспар график түрінде жасалады. Онда тактикалық мақсаттарға жетудің іс-шаралары егжей-тегжейлі қарастырылады. Мысалы:

  • 1 аптада 150 тапсырысты қанағаттандыру керек;

  • ағымдағы айда (өткен аймен салыстырғанда) жұмыс көлемін 10 %-ке өсіру.

Жалпы алғанда бір фирмадағы мақсаттардың базасын; өсу, рентабелділікті қамтамасыз ету, төлем қабілетін күшейту, нарық үлесін арттыру, тұрақтылықты сақтау т.б. ретінде көрсетуге болады.

Жоспарлаудың логикалық схемасы төмендегіше:





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет