Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады.
Жоспарлаудың бір-біріне бағыныштылығына байланысты келесі түрлерін көрсетуге болады:
мақсатқа бағытталған стратегиялық жоспарлау, мысалы, өндірісті, өткізу саласын, қаржыландыруды, персоналды дамытуды бес не он жылдық жоспарлау;
оперативті жоспарлау – ақшалар мен істердің нақты бағдарламасын жоспарлау.
тактикалық жоспарлау – шаруашылық операциялардың жағдайын жоспарлау;
жалпы жоспарлау - ұзақ мерзімді негізін қалаушы жоспарлау, кәсіпорын концепциясы;
Стратегиялық жоспарлау
Ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылдаған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді. Басқару қызметін жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау шеңберінде шектеулі ресурстарды бөлу, сыртық ортаға бейімделу, ішкі үйлесімдікті орындау және ұйымдық стратегияны ұғыну әрекетттері орындалады.
Тактикалық жоспарлау
Стратегиялық мақсаттарды ұтымды орындау үшін ұйым мүмкіндіктері, ресурстары қалай бөлінуі, ұйымдастырылуы керек екендігін білдіреді. Тактикалық жоспарлау қысқа және орта кезеңдерді қамтиды, яғни орта және төменгі деңгейдегі басқару буындарының іс - әрекет жағдайларын.
Тактика – ұзақ мерзімді, кешенді стратегияны орындаудағы нақтылы іс-қимылдың қысқа мерзімді үйлестірілуі.