Лекция мәтіндері шымкент глоссарий


-тақырып. Тіл дамыту әдістемесі



бет56/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23
Әлеуметтану, Документ (15), лекциялар, Презентация (34), Реферат Тарих, Эссе Қазіргі заман тарихы, жоспар, Салыстырмалы кесте 3саясаттану, Саясаттану кесте 2, рецензия Нарчаевой Р, Адам адамзат айнасы, «Таби и ресурстарды тиімді пайдалану» б лімі бойынша жиынты ба , 1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орÑ
15-тақырып. Тіл дамыту әдістемесі
1. Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері.
2. Тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлері.
3. Мазмұндама, шығарма, эссе, т.б. жазу әдістемелері.
4. Оқушылардың тілін дамытудағы қатысымдық әдістің рөлі.

Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі максаты – дұрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалык жағынан дүрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету.


Тіл дамыту жұмысы, негізінен төрт бағытта жүргізілген: бірі - мәдени әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, окушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жүмыстары жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексика жэне фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді. Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем қүратып үйрету, сөйлемнің қүрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан білім бері. Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі
Жазбаша сөйлеу - графикалық жазу таңбалары арқылы іске асады. Жазбаша сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлеммен де, қүрмалас сөйлеммен де бере алады. Жазбаша сөйлеу тілінде белгілі жүйелі байланыс болады. Адам сөйлеммен ойын жүйелі беруде тілдегі түрлі жалгау, жүрнақ, түрлі тыныс белгілерін (нүкте, үтір, қос нүкте, сызықша, тырнақша, леп белігісі, сүрау белгісі т.б.), синоним, омоним, теңеу, салыстыру сияқты тілдік кұралдары пайдаланады.
Ауызекі сөйлеу тілін жаксы меңгерген, оған жаттыққан окушы ойын жазбаша да дұрыс әрі жүйелі бере алады. Бүл екі процесс бір-бірімен бірлікте, байланыста қаралганда, жүргізілгенде гана дүрыс нэтиже бере алады.
Тіл дамыту – қазақ тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі, бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен әдебиетке ғана болмай, оның сөйлеу әрекетіне де тікелей тәуелді.
Жазба жұмыстарына жататындар:
- түрлі грамматикалық жаттығулар;
- шағын мәтіндер;
- бақылау жұмыстары;
- диктанттың түрлері;
- мазмұндамалар;
- шығармалар;
- шағын әңгімелер;
- эссе;
- жазбаша ойындар;
- іс-қағаздар түрлері т.б.
Жазба жұмыстарын орындауда оқушыларға міндетті түрде үлгісі көрсетілген жөн. Жазба жұмысының көлемі шағын, түсінікті, мазмұны нақты болып, 12-15 минуттан аспағаны жөн. Жазба жұмыстарына дайындалған материалдар жеңілден қиынға, аздан көпке қарай деген жалпы дидактикалық принципке негізделеді. Жазба жұмыстарын мұғалімдер ылғи тексеріп, қатемен жұмыс жүргізіліп отырады.
Ұлт мектебінде жүргізілетін жазба жұмыстарының мақсаты - сауатты жазуға үйрету. Сауатты жазуға үйрету үшін, ең бірінші, оқушылардың сөздік қорын байыту және сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Оқушылар неғұрлым көп сөз білсе, соғұрлым жұмыстың басқа салалары жедел жүреді. Сөздердің мағынасын түсініп дұрыс оқымай, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені дұрыс оқыған бала ғана сауатты жаза алады. Дұрыс оқитын оқушы мәнерлеп те оқи алады. Сондықтан оқушылардың ең алдымен түсініп, дұрыс, мәнерлеп оқуға, одан кейін сөз, сөз тіркестерін, сөйлемді сауатты жазуға деген дағдыларын қалыптастырамыз.
Оқушы жаңа сөзді тек біліп, танып қана қоймай, оны түрлі тұлғада түрлендіріп, сөйлемге қалыптастыру үйретіледі. Ол үшін түрлі жаттығу жұмыстары, сондай-ақ қазақшадан орысшаға, орысшадан қазақшаға аударма жасау жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы жазба жұмыстары – оқу үрдісінің ең қиын, үздіксіз жазып жаттығуды талап ететін жүйелі ұйымдастырылатын жұмыс түрі.
Белгілі ғалым-әдіскер, филология ғылымының докторы, оқулық авторы Ж.Адамбаеваның мектеп мұғалімдеріне арналған еңбектерін негізге ала отырып, орыс мектептерінде жүргізілетін жазба жұмыстарын төмендегі үш топқа бөліп қарастырдық:
1. Жаттығу түрлері.
2. Диктант түрлері.
3. Шығармашылық жұмыстар.
Бұлардың әрқайсысының жүргізу әдістері, бағалау нормалары бар.
Жаттығудың түрлері:

  • сөйлем мен сөзді толықтыру,

  • көшіріп жазу,

  • сұрақтар бойынша сөйлемдер құрастыру,

  • ыдыратылған сөздерден сөйлем құрастыру т.б.

Тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі – мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркестері мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін, сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады
Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда методистер Бегман Ысқақ және Эльмира Оразбаева мазмұндаманың мынандай түрлерін ұсынады:
1. Дайын мәтін бойынша мазмұндама;
2. Сурет бойынша мазмұндама;
3. Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама
Дайын мәтін бойынша мазмұндаманың өзін бірнеше түрге бөлуге болады:
1. Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау;
2. Мәтіннің мазмұнын сақтап, бірақ баяндалу формасын өзгерту;
3. Қысқарта баяндау;
4. Толықтырып мазмұндау.
Оқушының тілін, ой-өрісін, қиялын дамыту мақсатында мазмұндама жазуға қойылатын негізгі талап: оқушы берілген мәтінді сөзбе-сөз қайталамай, өз бетінше өрбітіп, өзіндік сөздік қор арқылы дамыта жазу.
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушының көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі баяндалуы талап етіледі.
Оқушы тапсырманы өзі орындауы керек. Оқушының ойланып, нақты нәтижеге жетуін қадағалау – мұғалімнің басты міндеті. Жазба жұмысынан оқушының ой өрісі, білімі, сауаты көрініп отырады. Ауызша жауапта оқушы білімін толық көрсете алмауы мүмкін, ал жазба жұмыстың ішіндегі ең бір толыққанды, оқушы білімінің нәтижесін толық тексеруге мүмкіндік беретіні шығарма жұмысы.
Шығарма түрлеріне келетін болсақ, олар: еркін шығарма, оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма, өнер саласына байланысты шығарма, сурет, фильм (диафильм), экскурсия бойынша шығарма, оқыған, естіген әңгімелеріне байланысты шығармалар.
Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:

              1. Тақырыпты толық аша білу;

              2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу;

              3. Шығармада сөз болған жайды оқушының басқаларға түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы;

              4. Шығарманың бөлімдерінің негізгі ой арқылы шебер байланысуы;

              5. Шығармада жазушының өмірбаянына, жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек;

              6. Оқушының шығармада сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен шағын үзінділерді қисынымен қолдануы, оның терең білімін танытады;

              7. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасай білу.

Ұлт мектебінде оқушының тілін дамытуға, байланыстырып сөйлеуге машықтандыруда жүргізілетін мазмұндама мен шығарма жұмыстарының маңызы зор. Жүргізілетін түрлі жазба жұмыстары оқушының тілін байытуға, сауаттылыққа, әдеби тіл нормаларын игеруге, күрделі ойлау формасының қалыптасуына, ой қорытындысын жасауға септігін тигізді.
Шығармаларды келесі топқа бөлуге болады:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет