Лекция мәтіндері шымкент глоссарий


Педагогикалық зерттеу әдістері



бет22/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23
Әлеуметтану, Документ (15), лекциялар, Презентация (34), Реферат Тарих, Эссе Қазіргі заман тарихы, жоспар, Салыстырмалы кесте 3саясаттану, Саясаттану кесте 2, рецензия Нарчаевой Р, Адам адамзат айнасы, «Таби и ресурстарды тиімді пайдалану» б лімі бойынша жиынты ба , 1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орÑ

2. Педагогикалық зерттеу әдістері


Педагогикада, шындық өмірді теориялық және эмприкалық тану мен білудің операциялары, тәсілдері мен процедуралары. Педагогикалық зерттеу әдістері жүйесі зерттеушінің басшылыққа алатын қағидасымен, оның зерттейтін дүниесінің құрылымы мен негізі туралы түсінігімен, жалпы методологиялық бағытымен, нақты зерттеу әдістері мақсаттары мен міндеттерімен байланысты анықталады. Қазіргі заманда зерттеу әдістері жүйесі мен оны жіктеуі туралы мәселе шешімін тапқан жоқ. Бірақ авторлардың көбі жекелеген әдістерді бір-бірінен бөлуге болмайтынын, керсінше оларды өзара байланыста қарау қажет екенін айтады. Қазіргі педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасқан заманында, оның әрі де дамуы үшін ғылыми танымның теориялық және эмприкалық айырмашылықтарына байланысты әдістерді бөлудің маңызы өте зор. Эмприкалық зерттеу әдістері қатарына педагогикада мыналарды жатқызады:

  • байқау (бағалау шкалаларын қолданумен);

  • педагогикалық тәжірибені жалпылау;

  • эксперимент әдісі (табиғи және лабораториялық);

  • сауалнама жургізу;

  • интервью жүргізу;

  • педагогикалық құжаттардың мазмұнын анализдеу;

  • жобалық әдістер;

  • тестілеу;

  • ауызша, жазбаша және практикалық емтихандар;

  • шкалалау т.б.

Теориялық зерттеу әдістеріне жататындар:

  • анализ;

  • синтез;

  • индукция;

  • дедукция;

  • модельдеу;

  • ой эксперименті;

  • формализация әдісі т.б.

3. Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау туралы көзқарастар.
Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты.
Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне үқсас" дейді. Сөз өнерінің айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып Дулатов Оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп берді. Ол "баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек", - дейді. Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап етеді. "Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсету лайық", - дейді.
Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:
• әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
• әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
• ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;
• әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
• әңгіменің әсерлілігі;
• тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
• мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
Түсіндіружеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді.
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Химиялық, физикалық, математикалық есептерді шығарғанда теоремаларды оқығанда, табиғат және қоғам құбылыстарының түбірлі себептерін және салдарын ашу кезінде түсіндіру әдісі жиі қолданылады.
Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
• сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;
• себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
• жүйелілік.
Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет