Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы


Көтерілістің Жетісу және Торғай облыстарындағы орталығы



бет36/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013

Көтерілістің Жетісу және Торғай облыстарындағы орталығы.
1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі - Жетісу еді. Мұнда ол 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент - Тараншы болысының Городское селосындағы тыл жұмыстарына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға қарсылық көрсетуімен басталды. Сол жылғы 7 және 8 шілдеде Верныйдан шамамен 40 шақырымдай Үшқоңыр деген жерде төңіректегі болыстардағы қазақ халкының өкілдері съезге жиналды. Онда жігіттер әскерге жіберілмесін, жұрт таудан түспесін, әкімшілік тарапынан күштеу шаралары қолданылған ретте телеграф бұзылсын, окоп қазу жұмыстарына шақырылатын адамдардың тізімі жойылсын деген шешім қабылданды.
10 шілдеде Ұзынағаш болысының Үлкенсаз деген жерінде де дәл осындай, бірақ құрамы жөнінен көп адам қатысқан съезд болып, оған Жетісудың он бір болысынан 5 мыңдай адам қатысты. Съезге қатысушылар да "оқтың астына барғанша осында өлген артық" деген қаулы қабылдады. Бұл кезде Верный және Жаркент уездерінің көптеген болыстарында жаппай бас кетерулер басталды. Лепсі және Қапал уезінің болыстарында 30 мыңға тарта жігіт жиналды.
1916 жылғы 7 тамызда Верный уезіндегі Ботпай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты және Тайторы болыстары қазақтарының Самса станицасы маңында біріккен бас көтеруі басталды. Көтеріліс бұл жерден Тоқмақ маңына ауысты. Верный-Қордай жолының бойындағы барлық пошта бекеттері өртелді. Ташкентпен, Пішпекпен және Пржевальскімен телеграф байланысы үзілді. Тамыздың орта шенінде Жетісу облысының барлық болыстары дерлік толқыды.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының және қазақтың демократияшыл зиялыларының бірі - Тоқаш Бокин. Ол халықтар арасындағы үгіт жұмысына басшылық етті, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді, үстем феодал - байлар тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлығын орындамауға шақырды. 1916 жылғы тамыздың бас кезінде революциялық қызметі үшін ол қамауға алынды. Түрмеде Тоқаш Бокин Ақпан төңкерісінің жеңісіне дейін отырды. Жетісу жеріндегі отрядтарға, сонымен бірге, Бекболат Әшекеев, Нұрке Сатыбеков, Жәменке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов (Қарқара), Ақкөз Қосақов /Мерке/ және басқа да көптеген адамдар басшылық етті.
Жетісу облысындағы, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азияның басқа да облыстарындағы көтеріліс патша әкімшілігін қатты абыржытты. Түркістан өлкесі соғыс жағдайында деп жарияланды. Түркістанның генерал - губернаторы Куропаткин "ешқандай амалдардан тартынбай, көтерілісшілерді дереу тыштандыруды" талап етті. Жергілікті әкімшілікке кәтерілісшілерге қарсы күресу үшін, тұрғылықты халық арасындағы рулық және тайпалық қайшылықтарды пайдалануды ұсынды.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың топтары, сондай-ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының екілдері, қолөнершілері еді.Оған қазақ халқының езге топтарының, сонымен бірге демократиялық интеллигенцияның өкілдері де қатысты. Жалпы алғанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұнғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан тұтас бір ұлттық сипатқа ие болды.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы - Ресей империализмі дағдарысының бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет