Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы


-1907 ж.ж. орыс революциясының Қазақстанға әсері



бет34/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013
16.02 ашық тәрбие сағатының тақырыбы, 1501-19 Лесбекова Элнура, 1501-19 Лесбекова Элнура, элнур, Кристалдард ішкі құрылымы №2, Оптика сессия жауаптары, 21-Қатты дене, Жолдау, түрік лек, Сопылы ілімні алыптасуы, Механика пәні. Материялық нүктенің кинематикасы, Айналмалы қозға-emirsaba.org, file ru
1905-1907 ж.ж. орыс революциясының Қазақстанға әсері.
Бірінші орыс революциясы кезінде патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Қазақстан еңбекшілерінің 1905-1907 жылдардағы ереуілдері орыс халқының төңкерістік күресімен тығыз байланысты еді.
Қазақстан қалаларында өткен жұмысшылар мен қызметкерлердің жиналыстарында Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды 1905 ж. 9 қаңтарда атқылауына наразылық білдірді. Ереуіл кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көмек үшін қаржы жиналды. Өлкеде жұмысшылардың ереуілдері мен стачкалары, әсіресе, теміржол қатынасы орындарында неғұрлым кең қанат жайды. Революция жылдарында өлкенің темір жол тораптарында поездардың жүрісі талай рет тоқтатылды, теміржолшылар өз еркімен 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. 1905 жылы ақпанда Перовск, Түркістан, Шалқар теміржолшылары өздерінің экономикалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуіл жасады. Павлодар мен Перовскіде қала еңбекшілері, Петропавлда темір жол депосының жұмысшылары ереуіл ұйымдастырды. Ал 1905 ж. қазан - желтоқсан айларындағы революцияның өрлеген кезеңінде пайда болған Перовскінің, Петропавлдың, Оралдың және басқа станциялардың теміржолдық комитеттері өлкедегі жұмысшылар депутаттары Кеңестерімен бірдей іс жүзінде жаңа революциялық өкіметінің бастамасы еді. 1904 жылы пайда болған Сібір социал - демократиялық Одағы, оның Омбы, Орынбор, Саратов комитеттері Қазақстан жерінде революциялық жұмысты күшейте түсті. Олар қалаларда, ауылдар мен әскер құрамаларында шаруаларды пролетариатпен одақтастыра отырып, патша өкіметі мен оның жергілікті органдарына қарсы күреске шақырған қағаздар таратты.
1905 жылы Қазан айындағы Бүкілресейлік ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында - Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда, т. б. жерлерде демонстрациялар мен бой көрсетулер "Патша самодержавиясы жойылсын", "Бостандық жасасын" деген ұрандармен өтті. Сол жылғы қарашада Мәскеу мен Петроградта көтерілген байланыс қызметкерлерінің талабын қолдап, Семей, Верный, Пішпек, т.б. қалаларының почта-телеграф қызметкерлері ереуіл жасады. Алайда революциялық күрестің барысында Қазақстан еңбекшілері үстем феодал-байлар тобының халық қамын ойламайтынына, ал патша өкіметінің езілген бұқараға ешқандай жеңілдіктер жасамайтынына көзін жеткізді.
Қазақ жұмысшылары мен шаруалары патша өкіметіне орыс жұмысшыларымен және қоныстанған шаруалармен қол ұстаса отырып қарсы шықты. Қазақ шаруалары ең алдымен жер, су үшін, теңдік, бостандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жылы жазда Семей, Торғай және Орал облыстарында жер үшін толқулар болды. Баянауыл және Кереку уездерінің шаруалары ірі феодал Шормановтардың жерін тәркілеуді және оны жері жоқтарға бөліп беруді талап етті. Мұндай бой көтерулер Алтай округінде, Семей облысының - Қарқаралы, Торғай облысының - Ырғыз, Сырдария облысының - Шымкент, Әулиеата, Жетісудың - Жаркент уездерінде кең өріс алды. Патша әкімшілігі бұл аудандарға әскери отрядтар жіберіп басты.
Желтоқсан қарулы көтерілістің әсерімен 1905 жылы 11 желтоқсанда Успен руднигінде жұмысшылардың ірі ереуілі өтті. Ереуіл барысында орыс жұмыскері П.Топорнин мен жұмысшысы Ә. Байшағыров басқарған "Орыс - қырғыз одағы" құрылды. Жұмысшылар өздерінің жалпы жиналысында қабылдаған талаптарын "Петиция" ретінде рудник басшысы Н. Фелльге тапсырды. Оның бірде - бір пункті қабылданбағандықтан "Орыс-қырғыз одағының" шақырумен рудникте ереуіл басталды. Рудник кеңсесі үстіне қызыл жалау көтерілді. Бұл ереуілді Қарағанды көмір кені орындарының жұмысшылары қолдады. Патша әкімшілігі бұл жерлерге әскери отрядтар жіберіп, ереуілшілерді жазалады. Успен руднигі жұмысшыларының ереуілі Қазақстан тарихында көрнекті орын алады. Яғни, ол өлкеде революциялық қозғалыстың шарықтаған кезі деп саналады.
1905-1907 жж. революциялық қозғалыстармен байланысты Қазақстанда жұмысшылардың кәсіподақ ұйымдары бой көтерді. Алғашқылардың бірі болып Оралдағы теміржолшылардың кәсіподағы /1905 ж. қараша/ құрылды, оған Н.Смуров, Н.А.Покатилов және Н.И.Ульянов басшылық жасады. Оралда басқа да бірқатар кәсіподақ ұйымдары қызмет етті. 1906 ж. Орынбор - Ташкент теміржолшыларының кәсіподағы - 6 мың мүшесі бар ең ірі ұйым болатын.
Патша өкіметі халықты революциялық қозғалыстан бөліп шығару үшін, олардың өкілдері қатысатын Мемлекеттік Дума шақыру жөнінде өзінің шешімін қабылдады. 1905 жылы желтоқсан айында I Мемлекеттік Думаны шақыру жөнінде патша үкіметінің жарлығы шығып, оған Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 қазақ сайланды. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Құлманов. I Думаның көптеген депутаттарының патша үкіметінің саясатына қарсы шығуымен байланысты, ол 1906 ж. 8-шілдеде қуып таратылды. Сол жылы тамыз айында II Мемлекеттік Дума шақырылды. Оған Қазақстаннан 14 депутат сайланды, оның алтауы қазақ халқының өкілдері болды. Олар: Ш.Қошығұлов — Ақмола облысынан, X.Нұрекенов — Семей облысынан, Б.Қаратаев - Орал облысынан, А.Бірімжанов - Торғай облысынан, Т.Аллабергенов — Сырдария облысынан, М. Тынышбаев - Жетісу облысынан.
Екінші мемелекеттік Думада өлкенің социал-демократиялық ұйымынан барған депутаттар қазақ кедейлерінің мүдделерін қорғап сөз сөйледі. Олар еңбекшілердің ауыр жағдайының себептерін, жер мәселесін шет аймақтарды отарлау саясатымен шешуге болмайтынын айтты. Мәселен, Б. Қаратаев өзінің мемлекеттік Думадағы сөзінде елдегі аграрлық қайшылықтарды өкімет шаруаларды далалық аймақтарға, соның ішінде Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарына көшіру арқылы шешкісі келеді деп көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет