Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы


XIX ғ. және XX ғ. бас кезіндегі Қазақстандағы қоныс аудару саясаты



бет31/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013

XIX ғ. және XX ғ. бас кезіндегі Қазақстандағы қоныс аудару саясаты.
XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Ресейдің орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де тауар айналысының өсуін шапшаңдатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біртіндеп ыдырай бастады.
Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша өкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады. Қазақтарға ақшалай көптеген салықтардың салынуы, олардың өнімдерінің бір бөлігін рыноктар арқылы саудаға салуға мәжбүр етті. Мал мен астық барған сайын тауарға айналды.
Бұл кезде Қазақстан экономикасында натуралды шаруашылықтың көлемі қысқарды, өлке өнеркәсіп тауарларын өткізу рыногы және бағалы ауыл шаруашылығы шикізатының қайнар көзі ретінде капиталистік Ресейге барынша тәуелді болып шықты.
70-80 жылдарда Ресейде фабрикалық тоқыма өндірісінің шапшаң өсуімен байланысты Қазақстан базарларына Ресейден мата көп келетін болды. Фабрикаларда өндірілген арзан мақта - мата бірқатар шығыс елдерінің майдагерлік бұйымдарын шапшаң ығыстырды. Сонымен бірге күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар /самауыр, қазан, шалғы, орақ, кетпен, ошақ, балта, пышақ, т.с.с/ көтеріңкі бағамен сатылды. Қазақстан бұл тауарларға айырбасқа мал мен мал шаруашылығында өндірілетін шикізат берді. XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейге мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу шапшаң өсті. Көптеген мал мен шикізат Семейдің, Петропавлдың, Оралдың, Орынбордың қасапханаларында былғары, тоң май, тері илеу, сабын қайнату зауыттарында өңделіп, қырға тон, аяқкиім ретінде қайтып оралып отырды.
Қазақ халқы айырбас шартының қандайына болса да келісуге мәжбүр болды, өйткені ол өзіне қажетті тауарларды еш жерден сатып ала алмайтын еді және шарушылығының артық өнімдерін тиімді өткізе алмады.
Ресей саудагерлері Қазақстанда сауданың жаңа түрін - жәрмеңкелік сауданы енгізді. Халқы сирек, ұшы - қиырсыз жері бар, қатынас жолы дамымаған, халқының дені көшпелі өлкеде жәрмеңкелер ірі сауданың қолайлы түрі еді. Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жылы Бөкей ордасында Хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен Ақмола облысы Тайыншакөл /Петропавл маңында/, Константиновск-I /Ақмола/, Петровск /Атбасарда/ және 50-ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар /Семей облысы/, Қарқара /Жетісу/, Әулиеата /Сырдария облысы/, Ойыл, Темір /Орал облысы/ жәрмеңкелері жұмыс істеді.
Жәрмеңкелер тауа-рынок қатынастарын дамытуға жәрдемдесті, мал шаруашылығының тауарлылығын арттыруға ынта туғызды, байлардың байи түсуіне, сауда буржуазиясының өсуіне себеп болды. Алыпсатарлар мал мен шикізатты арзанға сатып алып, оны жәрмеңкелерде қайтадан қымбат бағаға сату арқылы пайдаға кенелді. Жәрмеңкелер қазақ шаруашылығын Ресейдің капиталистік экономикасы мен байланысын нығайтты, натуралды шаруашылықтың ыдырауын және патриархалдық - феодалдық қатынастардың күйреуін тездетті.
Қазақстанда сауда капиталының пәрменді түрде енуімен өлкеде сауданың тұрақты формалары: дүкендер, көтерме сауда қоймалары көбейді.
XIX ғасырдың 80 - 90 жылдарында Қазақстанда өсімқорлық сауда жаппай тараған кез еді. Момын қазақ шаруалары өсімқор капиталға түгелдей кіріптар болды, өсімқорлар қазақ халқына аямай түсау салды. Сонымен бірге, келе тауар айналымы өскен сайын өсімқорлықпен қатар, банктер мен басқа да кредит мекемелері беретін қарыздардың капиталистік формалары орын ала бастады. Ресей мен Орта Азия арасында ұлғая түскен сауда, сондай - ақ ішкі рыноктың өсуі, өлкеде сауда буржуазиясы әлеуметтік тобын қалыптастырды. Қазақстанда да сауда капиталының шонжарлары өсіп шықты. Мысалы, саудагер Деевтердің, Путиловтардың, Оглотковтың, Хрупиннің Орынборда, Троицкіде, Орскіде және басқа қалаларда астық және өнеркәсіп тауарларын сататын ондаған дүкендері қызмет етті.
Қазақстанда капиталистік түрдегі сауда - саттықтың күшеюі жергілікті сауда буржуазиясының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Осы кезде, Қазақстанда 20-дан астам қалалар мен 400 казак-орыс поселкелары пайда болды. Қазақстан қалалары халқының қалыптасуы мен өсуі Ресейдегі капиталистік қатынастардың дамуымен тығыз байланысты еді. Қалаларда әскери адамдар, құрметті азаматтар мен саудагерлер, қазақ ұлықтары тұрды. Қала халқының көпшілігі кедейленген шаруалар мен майда кәсіпорындарының жұмысшылары болатын.
XIX ғасырдың аяғында Ресей капиталистері Қазақстанда өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырып, мұнда өздерінің қаржыларын әкеле бастады. Оған өлкеде қолайлы жағдайлар болды: жер мен шикізат арзан еді, жұмысшылардың жалақысы төмен, басы артық күші мол.
Кен өндіру өнеркәсібі өлкенің өнеркәсіп өндірісінің маңызды саласы бола бастады. 1896 жылы бір ғана Қарқаралы уезінде 70 - ке жуық шағын мыс, 170 күміс - қорғасын, 3 темір т.б. рудниктері жұмыс істеді. Осындай кен қоры Баянауыл және Петропавл уездерінде де (тас көмір, алтын, мырыш, т.б.) пайдалана бастаған болатын. XIX ғасырдың аяғында Жайық өзені мен Каспий теңізі жағалауында балық аулау кәсіпшіліктері капиталистік кәсіпорындарға айналды. Шымкент пен Түркістанда негізінен мақта тазалайтын бірнеше зауыт істеп тұрды. Арал теңізінде, Павлодар уезіндегі Қарабас көлінде, Орал облысы Басқұншақ кәсіпшілігінде тұз кен орындары ашылды.
XIX ғасырдың 70-ші жылдары ішкі Ресейден Қазақстанға темір жол тартыла бастады. 1874 - 1876 жылдары Орынбор темір жолы /Самара - Орынбор/ салынып, ол Торғай облысы мен Орынборды Орталық Ресеймен жалғастырды. 1880 - 1890 жылдарында Каспий теңізінің шығыс жағалауынан Ташкентке дейін темір жол салу ісі қолға алынды. Ғасырдың аяғына қарай темір жол, су және почта - телеграф қатынасы Қазақстанды Мәскеумен, Петербургпен, Орталық Ресеймен, Сібірдің, Алтайдың және Орта Азияның басқа да қалаларымен тікелей жалғастырды. Қатынас құралдарының дамуы халықтың өзара байланысын тездетіп, тауар айналымының дамуына кең жол ашты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет