Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы


Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы көтерілісі



бет27/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы көтерілісі
Еділ өзенінің төменгі Каспийге құятын аймағын 1635 жылдан бастап Жоңғар шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ ру - тайпалары мекендеген болатын. Оны қазақтар Қалмақ қыры деп атады. 1771 жылы бұл жердегі қалмақтар екіге бөлініп, бір бөлігі Қазақстан жері арқылы өздерінің туып-өскен отаны - Жоңғарияға барып қосылды. Ал, екінші бөлігі батысқа қарай ығысып, Дон даласына көшіп кетті. Осы босап қалған жерге 1801 жылдан бастап, патша өкіметінің рұқсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған бес мың қазақ шаруашылықтары қоныс аударды. Мұның өзі Ішкі /Бөкей/ орданың құрылуына бастапқы негіз болды. 30-шы жылдардың аяғына қарай мұнда 20 мыңдай шаруашылық пен 80 мың адам қоныстады. Бірақ жер мен жайылымдар біркелкі бөлінбеді. Қысқа мерзім ішінде жердің үштен екі бөлігі қазақ феодалдары мен орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың жекеменшік иелігіне өтті.
Оралдың әскери мекемесі Үлкен және Кіші өзен бойындағы, Қамыс - Самар көлі төңірегіндегі жерлерді қазақтардың пайдалануынан алып қойды. Жерге байланысты өткір дағдарысқа басқа да маңызды зор жағдайлар келіп қосылды. Бұл кезде патша үкіметі Ішкі орда мен Кіші жүзді өздерінің мүдделеріне қарай бейімдеп жатты. Дистанциялар /аралық басқару жүйесі/ құрылып, оның қызметі енгізілді. Жайық өзені бойындағы жерлерді Орал казак - орыс әскері иемденді. Қазақтарға Жайық өзенінен өтуге және казак-орыстардың өзен жағалауындағы белдеулеріне көшіп келулеріне қатаң тиым салынды.
Бұдан басқа қазақ шаруалары орыс помещиктері мен қазақ сұлтандарынан жалға алған жерлерінің құны ұ'шін уақытылы есеп айырысуға тиісті болды. Тек есеп айырысқаннан кейін ғана олар помещиктер мен қазақ байларының жеріне өздерінің малдарын бағуға рұқсат алды. Қанаушы таптар өкілдері қазақ ауылдарынан арендалық ақыны жылдан – жылға өз қалауынша ала бастады, олардан штрафтар, әртүрлі салықтар жинап отырды.
Батыс Қазақстан жерінде Бөкейдің баласы Жәңгір 1824 жылы хан тағына отырған соң, патша әкімшілігінің қолдауымен, халықтың қоғамдық өмірі мен тұрмысының жекелеген жақтарын, сондай-ақ жергілікті басқарудың дәстүрлі жүйесін қайта құруға кірісті. Ол көшпенділердің отрықшылануын, олардың орыс хуторлары сияқты мекендер салуын, қырда пішен шабуын, ағаш өсіруді, малдың тұқымдарын асылдандыруын және ауыл шаруашылығы құрал - саймандарының жаңа түрлерін алдыруды, мектептер, училищелер, мешіттер ашуын және ауылдарда мал санының артуына, сауданың және басқарудың жаңа фомаларына көшуді көтермеледі. Ол патша өкімет орындары мен қазақ шонжарларының мүдделерін жаңа әдістермен ұштастыруға күш салды.
1827 жылы Жәңгір хан Нарын құмындағы Жасқұс мекенінде тұрақты хан ордасын орнатып, елді осы орталықтан басқаратын болды. Сол жылы хан кеңесі құрылып, оған 12 ата Байұлы руларынан бір - бір биден кірді. Ханға 12 старшын, сондай-ақ бірнеше базар сұлтандар қызмет етті. Оның татар бөлімі және жалпы бөлімнен тұратын өз кеңсесі болды. Кеңсе жанында арнаулы тергеуші штатта тұрды.
Жәңгір хан 1845 жылы өлді. Бұған дейін Қазақстанның барлық бөліктерінде хандық билік жойылған болатын. Өкіметтік топтар ішкі Ордада хандықты жоюды ұйғарды, хан билігі орыс шенеунігі басқарған Уақытша кеңестің қолына көшті.
Патша үкіметінің жергілікті феодалдар мен шонжарларға сүйене отырып, барынша күш сала жүргізген саясаты отарлық езгінің күшеюіне, қазақ бұқарасының наразылығына әкелді.
Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс помещиктері ең құнарлы жерлерді өздеріне алып алған-ды. Кедей шаруаларға құнарсыз жерлер тиді. Бір ғана Жәңгір хан 400 мың десятина жерді өз иелігіне қаратты. Жәңгірдің інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов сияқтылар орасан көп жерлерге иелік етіп, оған қоса жерді пайдаланғаны үшін шаруаларға салық салды, елдің қанын сүліктей сорды.
1831 жылы Ресеймен шектес жерлерде сұлтандар мен Орынбор Шекара комиссиясына бағынатын әкімшіліктер құрылып, әкімдер мен старшындар жергілікті басқаруды өз қолдарына алды. Бара - бара одан да сорақы жағдай қалыптасты. Жайық бойын иемденген Орал казак - орыс әскерлері қазақтарға Жайық өзенінен өтуге немесе оның жағасына көшіп-қонуға тиым салды.
Жәңгірге наразы болған бір топ сұлтандар мен старшындар қазақ шаруаларын Жайықтың арғы жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 жылдың қысы қатты болып, жұттан көп мал қырылды. Қалған малды сақтау үшін қазақтар Саратов губерниясына, ондағы князь Юсупов пен граф Безбородконың жер иеліктеріне көшпекші болды. Көктем шығысымен Байбақты руы бірінші болып Жайыққа бет алды. Оны Жантөре Қарабатыров, Нұршабай Байжурин, Өтен және Әбен Көтібаровтар, Нәдір Қашқынов, Ырсалы Көсепулин басқарды. Ресми өкімет орындары бұл көшеге қарсы болды. Мұның өзі Кіші жүз қазақтарының патша өкіметіне қарсы наразылығын күшейтті. Олардың арасында толқулар басталып, аяғында келіп 1836 - 1838 жылдары Ішкі Орданы және бүкіл Кіші жүзді қамтыған халық көтерілісі бұрқ ете түсті. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ шаруалары. Сонымен қатар оған старшын, билердің де бірқатар өкілдері қатысты. Алайда, көтеріліс тегеуріні әлсірей бастағанда, үстем тап өкілдері Жәңгір мен патша жазалаушы шоғырларының жағына шығып, сатқындық жасады, көтерілістің жеңілісін тездетті.
Көтерілістің басында Беріш руынан шыққан белгілі батырлар Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы тұрды. Исатай 1791 жылы туған. Оның жігіт болып қалыптасуына нағашысы Жабай Бегалин зор ықпал жасады. 1808 жылы Исатайдың руы Ішкі Ордаға көшті. Исатай Таймановтың ең жақын серігі - ақын Махамбет Өтемісұлы (1803 - 1846 жж.), оны анасы Қосуан тәрбиелеген. Ол татар және орыс тілдерін білген, Хиуада болған, Орынборда тұрған. Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф В.И.Дальмен таныс болған. Ішкі Ордада және Орынборда қызмет істеген оқымысты - саяхатшы Г.С.Карелинмен де тығыз қарым - қатынас жасаған.
1812 жылы Бөкей хан Исатайды Жайық бойындағы руларға старшын етіп тағайындайды. 1814 жылдың аяғында оны Орынбор Шекара комиссиясы бекітіп, уақытша жарлықпен оған мөр тапсырады. Бірақ 1817 жылы Исатай старшын Өтеміс Құлманиязовты тонады деген жаламен қамауға алынып, абақтыға отырғызылады. Одан 20 мың сом кепіл беріп, босап шыққан Исатай 1818 жылы старшын ретінде Бөкей ордасы өкілдерінің Ұялыдағы съезіне қатысады. 1823 жылы Исатайды сұлтан Шығай Нұралиев қамауға алады, оған кісі өлтірді деген айып тағады. Атырау бекінісінен келген Дон казақтарының конвойы Орынборға әкетеді. Жол бойында Исатай конвойдан қашып шығып елге оралады. Бірақ, осыдан кейін де Жәңгір ханның Исатайдың соңына түсуі тоқтамады. Өйткені Исатай батыр халықтың мүддесін қорғап, қарапайым шаруалардың жерсіздігі мен байлардың озбырлығына душар болуына байланысты әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресті одан әрі жалғастырды.
Қарауылқожаның қазақ шаруаларына рақымсыздығы, шектен шыққан бассыздығы, Жәңгір және оны қоршаған феодалдық күштердің халық мүддесімен санаспауы, таптар арсындағы әлеуметтік тартысты жылдан-жылға шиеленістірді. Қарауылқожаның үстінен түскен бұқара халықтың шағымдарына Жәңгір хан мән бермей, жауып тастап отырды. Бұған қоса Ішкі Ордамен іргелес орыс бекіністерінің салына бастауы, патша шенеуніктері мен помещиктерінің озбырлығы халықтың наразылығын күшейтті. Қазақ шаруаларының екі жақтан бірдей қанауға түсуі халықты тек өз феодалдарына ғана қарсы емес, сонымен қатар Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы шығуына итермеледі. Сөйтіп, қозғалыстың басты мақсаты - хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын біршама жақсарту, патша өкіметінің отарлау саясатын тоқтату еді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет