Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы


Абылай хан дәуіріндегі Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы



бет23/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013
16.02 ашық тәрбие сағатының тақырыбы, 1501-19 Лесбекова Элнура, 1501-19 Лесбекова Элнура, элнур, Кристалдард ішкі құрылымы №2, Оптика сессия жауаптары, 21-Қатты дене, Жолдау, түрік лек, Сопылы ілімні алыптасуы, Механика пәні. Материялық нүктенің кинематикасы, Айналмалы қозға-emirsaba.org, file ru
Абылай хан дәуіріндегі Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы
1711 жылы "қан ішер" Абылай ханның баласы Уәли сұлтанның шаңырағында қазақ тарихында үлкен орын алған бала дүниеге келген, оның азан шақырып қойған аты -Әбілмансұр болатын. Қалмақтар Түркістанды алып, Уәли ханды өлтіріп, оның 13 жасар ұлы Әбілмансұрды тұтқындағы басқа адамдармен бірге Хиуа базарына апарып құлдыққа сатпақшы болды. Осы жерде ол тұтқыннан қашып елге келіп, ауқатты адамдардың малын бағуға жалданды. Үйсін Төле бидің түйесін, одан соң Дәулеткелді байдың жылқысын бағады. Ұйпа-тұйпа болып жүргені үшін жұрт оны Сабалақ деп атаған. 1731 жылы Сабалақ ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, өзінің асқан ерлігі, батылдығымен көзге түседі.
Осы ұрыста "Абылай, Абылай!" — деп ұрандап, жігіттерге жігер беріп, жаудың тобына ұмтылған ол қалмақтардың әскер басшысы Шарыш батырды жекпе-жекте өлтіреді. Атой салып шайқасқа үш рет кірген ол ұрыста жауды талқандап, жеңіске жетуге үлкен еңбек сіңіреді.
Әбілмәмбет хан жаудан жеңіспен оралған Сабалақтың өз туысы екенін түсінеді. Риза болған ол оған "Абылай" деп ат беріп, хандық тағын ұсынады. Абылай есімін алған Сабалақ хан болудан бас тартып, Әбілмәмбет қайтыс болғанға дейін сұлтан дәрежесінде бас ақылшы, кеңесшісі болады.
1741 жылы жазда Ұлытаудың маңында аң аулап жүргенде қапыда қалмақтарға қолға түскен Абылайдан жоңғарлардың ұлы қонтайшысы Қалдан-Серен: "Менің ұлымды өлтірген сен бе?" — дегенде, ол: "Сенің баланды өлтірген мен емес, халық, менің қолым халықтың бұйрығын орындаушы ғана", -деп жауап берген.
Жоңғар мемлекетінің ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мирасқорларының арасында хан тағы үшін талас, кескілескен тартыс басталады. Осы орайда көрші жатқан Цинь империясы жоңғарларға қарсы қайта-қайта соғыс ашып, жоңғар мемлекетін әлсіретеді. Міне, осы аласапыран, жанталас уақытты ұтымды пайдаланған Абылай қазақ жерін жоңғар қалмақтарынан тазарту мақсатымен Телікөлдің маңына үш жүздің әскери жасақтарын жиып, Түркістан мен Сыр бойындағы қалаларды азат ету жорығына аттанады. Бұл үш жүздің басы қосылған алғашқы жорығы еді. Осы жорықта ерен ерлігі, тамаша батырлығымен көзге түскен Қанжығалы Бөгенбай, Қарақерей Қабанбай, Кіші жүздің батыры Бұғыбай, Уақ руының батыры Баян, т.б. өз есімдерін өшпес даңққа бөледі.
Абылай бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай батыр басқарды. Оған атақты Үмбетей жырау қосылды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер қолы Түркістанның Солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып бекінуге тиісті болды.
Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Ол Сыдарияның төменгі сағасына қарай бет түзеді. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Үшінші, негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатынасқандар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топқа қазақтың аты шулы батырлары Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ, Жәпек, т.б. кірді. Бұқар жырау науқастанып келе алмағандықтан топқа 17 жасар Көтеш ақын қосылды. Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарсы бағыттады. Жоңғар әскерлерінің қаруы - мылтық, найза, қылыш болды және түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақ, кейбіреулері найзамен қаруланған болатын.
Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды. Абылай өзінің Сағымбай, Қанай, Жанұзақ сияқты сенімді батырларымен және 17 жастағы ұлы Жанаймен әскердің дәл ортасында жүрді.
Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартып, Түркістанға таяп барды. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне тақау барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сағасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.
Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Қазақ хандығы қарамағына өтті. Түркістан қаласы туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылай бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.
Қазақ жерін қалмақтардан біржолата тазарту мақсатымен Абылай және қазақ әскерлерінің қолбасшылары Қабанбай, Бөгенбай, тағы басқа батырлары қазақ жасақтарының басын қосып, 1750 жылдардың орта шенінде жоңғар қақпасы маңында жаудың негізгі күшін үш қабат қоршап, ес жидырмай талқандап түбегейлі жеңіске қол жеткізді. Сөйтіп, қалмақтардың бір ғасырдан астам уақытқа созылған басқыншылық, зорлық-зомбылық соғысы осымен аяқталды.
1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кеткен болатын. Мұны қытай империясы ұтымды пайдаланып, жоңғар жерін басып алуға кірісті. Осыдан кейін көп кешікпей Жоңғар мемлекеті 1758 жылы біржолата құлады.
1758 жылы Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесіп жатты. Қытайлар көрші жатқан қазақ елдеріне тынымсыз шабуыл жасады. Абылай басқарған қазақ жасақтары қытай әскерлеріне бірнеше рет соққы беріп, олардың ішке қарай жылжуына мүмкіндік бермеді. Қытай әскерлерінің басып алу қаупінен сескенген Әбілмәмбет Үлкен Орданы Іле өзенінің бойынан басқа жаққа көшіруге мәжбүр болды.
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидың мешітінде билер мен сұлтандар бас қосып, Абылайды ақ жылқы сойып, ақ киізге орап, Орта жүздің ханы етіп көтерді. Бірақ Абылай өзін қазақтардың үш жүзінің ханымын деп есептеді.
Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М. Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жердегі Жаңғызтауда ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болып, Түркістан қаласында жерленді. Абылайдан кейін Орта жүздің ханы болып, оның баласы Уәли сайланды. Үш жүздің басын біріктіріп, жоңғар басқыншыларын қазақ жерінен қуып, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірген Абылай атақты мемлекеттік қайраткер ретінде тарихта өшпес із қалдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет