Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы



бет26/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
XVIII ғасырдың 30-шы жылдарында, Кіші жүз Ресейге қосылғаннан кейін, патша өкіметі қазақ жерін игеру үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу, қазақ даласы арқылы Орта Азияға өтетін сауда жолдарын ашу, бұл жолдардың қазақ жерін басып отетін аймағында балығы, шабындығы, егіске қолайлы жерлері мол өзендер бойынан бекіністер салу сияқты шараларды жүзеге асыра бастады.
Көтерілістің басты қозғаушы күші - қарапайым көшпенділер болды. Сонымен қатар азаттық қозғалысқа патша өкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар қатынасты.
Көтерілістің басты мақсаты - ғасырлар бойы Кіші жүз жерінде қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак-орыс әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою.
Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр /1742-1802 ж.ж./ тұрды. 1783 жылы бұл көтеріліс басталғанда - Сырым ақыл тоқтатқан, орнықты, елге өзін танытқан, сөзін тыңдатқан беделі зор адам болған. 1773-1775 жылдардағы Е. Пугачев көтерілісі кезінде орыс шаруаларының азаттық идеясын қолдап, оған қатысқан қазақтардын арасында Сырымның болғаны туралы да үзік-үзік деректер бар. Соның бірі шаруалар көтерілісін басуға басшылық еткен орыс әскерлерінің даңқты қолбасшысы Суворовтың граф Панинге жазған хатында /1775 ж. 22 маусым/: "Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуыл жасайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды", - деген анықтама келтірілген. Бұдан әрі қолбасшы: "әскерлерге мынадай бұйрық бердім: реті келген бірде-бір қолайлы сәтті құр жібермей, бүгіннен бастап Сырым батыр бастаған өз беттерімен кеткен ұры-қары қырғыздарды қай жерде кездессе де, қандайлық алысқа қууға тура келсе де, оның өзін ұстап альш, тамырына балта шауып немесе сол жерде өлтіріндер дедім"- дейді.
Батыс Қазақстанда ұлт-азаттық көтерілісі басталған кезде Сырым Байбақты руының старшыны болатын. От тілді, орақ ауызды, болмысында батыл да батыр, шешендігімен аты шығып дүрілдеп тұрған кісі екен. Кіші жүзде ол айтты деген ұшқыр да ұтымды сөздер аз болмаған. Сырым қазақтың небір кемеңгер, дана адамдарымен жақын болып, олардың ақылын тыңдаған.
1783 жылдың көктемінде қазақтардың Орал бекінісі желісіне шабуылы басталды. Атамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасақтары Гирьяль бекінісіне шабуыл жасап, ондағы солдаттарды тұтқынға алды, малдарын айдап кетті. Орынбор коменданты Ладыменский далаға орынборлық казактардан құралған жазалау отрядтары мен жүзбасы С. Харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары Харитоновтың отрядына табанды қарсылық көрсетті, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды.
1783 жылғы тамыз айында әскери шайқастардың бірінде Сырым Орал қазақ-орыс жазалаушы отрядтың қолына түседі. Бірақ 1784 ж. көктемде оны Нұралы хан 70 жылқы, 350 сом күміс ақша беріп, босатып алуға мәжбүр болады.

  1. жылы мамыр айында Сырым Датов орал казактарымен кескілескен ұрыстар жүргізді. Қазақ жасақтары Нижнеуральск желісі ауданында, Орск бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында С. Датовтың жасағында 1000-дай адам болды.

  2. жылы көктемде қазақ даласына патша үкіметінің жазалаушы әскерлерінің шыққанын естіп, Сырым оларға тойтарыс беру үшін 2700 адамнан жасақ құрады. Оған 3,5 мың адамы бар Барақ пен Тіленшінің /Жоңғарларға қарсы соғыста аты шыққан табын Бөкенбайдың баласы/ шоғыры қосылады. Оларды шекара бойына қалдырып, Сырым бес жүз жігітімен Сахарный бекінісіне шабуыл жасады. Бірақ оның жақындап келгенін білген қазақтар алдын-ала зеңбіректен оқ атып қарсы алды. Түтқиылдан тиісемін деп келген Сырым бекіністі ала алмады. Дегенмен, ол жазалаушы шоғырлардың қимыл - қозғалысын

бағып, жақын жердегі қазақтардың бекінісі мен шағын топтарына шабуыл жасап, берекетін кетіреді. 1785 жылдың жазында оның жасақтары жаңа адамдармен толығып, көтеріліс бұқаралық сипатқа айналды. Осы тұста Тама руының старшыны Қадыр және Садыр деген батырлардың бастауымен Нарын құмының жігіттері Сырымды қолдап, патша әскерлеріне қарсы күрес жүргізді. Бұл кезде Кіші жүзді кең қамтыған көтерілісшілердің тек Жем өзені бойында шоғырланған тобының қатары жеті мыңға дейін жеткен еді.
Халық қозғалысының каһарынан қорқып патша үкіметінен әскер сұраған Нұралы хан оның көмегімен тағын, малын, жанын сақтамақшы болды. Нұралының Сырымға қарсы әрекеті халықты жирендіріп, Сырымның беделі күшейе түсті.
1785 жылы Орынбордан патша генералы Смирнов, Орал қаласынан Жайық атамандары Колпаков пен Пономарев бастаған әскер шоғырлары шығып, Сырым жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болды. Қазақ ауылдарын тонап, жазықсыз адамдарды тұтқындап елді зар илетті. Сырым жасақтары жақсы қаруланған патша әскерлерімен ашық шайқасқа бармай, олардың ізін бағып, Жайық бойындағы казақ-орыстарды дүрліктіріп, бекіністеріне тұтқиылдан тиісіп партизандық соғыс жүргізді.
Кіші жүздегі жағдайға Ресей патшасы қанық болды. Ол да халықтың тек өз әкімдеріне ғаңа емес, сонымен бірге ханға да қарсы болып отырғанын түсінеді. Сөйтіп, Орынбор өлкесінің билеушісі Игельстром арқылы старшындармен кеңесіп, оның ішінде Сырым батырмен пікірлесіп, хандық тәртіпті жоюды ұйғарады. Сырым бұл шараны қолдады. Бұл арада әрқайсысының өз ішкі есебі болғанын айту керек. Патша өкіметі хандық тәртіпті жойып, Кіші жүзді басқаруды жалпы империяны басқару жүйесіне жақындатуды ойласа, Сьірым хандықты жойып басқару ісін халық қолына, халықтың өз ортасынан шыққан би - старшындарға беруді, солар арқылы ел билеу мәселелерін шешуді демократиялық жолмен жүргізуді көздеді. Сөйтіп, 1786 жылы хандық жойылып, Нұралы хан Жайық бойындағы патша әскерлері бекіністерінің біріне көшіп барып паналады. Сырымды алдап - сулап бауырына тартуды көздеген патша әкімдері оны он екі ата Байұлы руларының аға старшыны етіп тағайындады. Сырым осы жұмыста болған кез халық үшін жайлы жылдар болды. Әділдік пен адалдықты, дұрыстықты жақтаған Сырым халықтың хал-жағдайын біліп олардың мұң-мұқтажымен санасып отырды. Ол жергілікті старшындардың жыл сайын съез-мәслихатын өткізіп, онда халық мүддесіне қатысы бар мәселелерді талқылады. 1786-87 жылдары ел еңсесін көтере бастады. Казак-орыстардың қазақ ауылдарын тонап, шауып кетуі азайды. Шенеуніктер де халыққа бұрынғыдай озбырлық жасай алмайтын болды. Ұзақ жылдар бойы сүйеніш болып келген хандық билікті жойып, қате жасағанын патша үкіметі түсінді. Сөйтіп, хандықты қалпына келтіру қамына кірісті. 1790 жылы Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп, оның інісі Ералыны хан көтерді.
Ералы да қазаққа теңдік әперуді ойлаған жоқ. Оның тұсында да қазақтардың жайылымдық жерлері тарылды. Жайық бойында мал жаюға, Жайықтан балық аулауға, мал суаруға тиым салынды. Осыған байланысты қазақтардың наразылығы күшейе түсті. Олар жасақтар құрып, Сырымның төңірегіне топтасты. 1791 жылдың наурыз айында Сырым батыр патшаның әскери жазалаушы күштерінен бейбіт ауылдарды сақтау үшін, Табын мен Кердері руларына шығысқа Мұғалжар тауларына қарай ойысуды ұсынды. Батырдың қазақ ауылдарын ойрандаудан алыс ұстауға бағытталған бұл саясаты кейіннен өзін ақтады. 1792 жылы Сырымның қарулы күштері құрамына мыңнан астам жасақ жиналды. Сол жылы қыркүйек айында Сырым жасақтары Елек қамалына шабуыл жасады. Бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды.
Патша өкіметі Сырым Бұқара мен Хиуа хандығымен бірігіп, Орыс мемлекетіне қарсы шыға ма деп қауіптенді. Мұндай қауіпке негіз де бар еді. Сырым шығыс беттегі бұл елдердің әміршілерімен астыртын келіссөз жүргізіп, олардың көтеріліс басталған жағдайда көмек көрсететініне уәдесін алды.
Сырым бастаған қазақ жасақтары мен шаруалардың толқуларын басу үшін патша өкіметі кейбір жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға, Жайық пен Еділ арасындағы Үлкен және Кіші өзендердің /Қара өзен, Сары өзен/ бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Бірақ бұдан жағдай жақсарған жоқ. Шұрайлы жерлерді, шабындық - жайылымдарды, орман - тоғайларды бұрынғысынша казактар, хан, патша адамдары иемденді. Алым - салық, хан төңірегіндегілердің халыққа озбырлығы мен астамшылығы азаймады.
1794 жылы жеккөрінішті Ералы хан өліп, оның орнына 1796 жылы хан тағына отырған Есім де езгіні жеңілдеткен жоқ. Бұрыннан қаталдығымен аты шығып жүрген ол халықты одан әрі қан қақсатты. Осының бәрі ұлт - азаттық қозғалысының жаңа күшпен өрлеуіне, жандануына жол ашты. Оның дем беруші көсемі Сырым болды. Оған Байбақты, Есентемір, Серкеш, Алаша, Таз руларының шаруалары қосылды. Олардан шыққан Ерсалы, Қайсарлы сияқты қазақ батырлары Сырымға қалтықсыз қызмет етті.
С. Датов Кіші жүздегі мемлекеттік биліктің тұрақтылығы мен тәуелсіздігі ішкі және сыртқы жағдайлармен байланысты екенін жақсы түсінді. Сондықтан да Ресеймен саяси және экономикалық байланыстарды нығайтуды жақтады, бірақ сонымен бірге, Сырым патша үкіметіне сенбеді. Атап айтқанда, халық бұқарасының қозғалысын басқару кезінде ол Орынбор генерал - губернаторы Игельстроммен кездесуден бас тартты. Патша әкімшілігімен хаттар жазысып, келіссөздер жүргізу арқылы оны бейтарап етуге тырысты. Сонымен қатар Сырым көтерілістің табысқа жетуі тек Қазақстан мен Орта Азия халықтарының, сондай-ақ ағамандардың күшін біріктіргенде ғана мүмкін болатындығын түсінді.
1795 жылы Сырым бастаған көтеріліс қайтадан кең қанат жая бастады. Қазақ жасақтары, әсіресе, 1796 ж. малдың жаппай қырылуына әкеп соққан қысқы ауыр жұттан кейін белсенді қимылдар жасады.
1797 жылы наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түнде көтерілісшілер Есім ханды өлтірді. Бірақ ханның өліміне Сырымның жеке басының ешқандай қатысы болмаған. Көтерілісшілерді жазалау үшін Орал казак-орыс әскерінің атаманы Донсков жазалау тобын ұйымдастырды. 1797 жылдың күзінде полковник Скворкин бастаған әскери топ Сырымды қудалауды күшейтті. Жазалаушыларға ханның туыстары, соның ішінде Бөкей сұлтан басқарған жасақтар косылды. Алайда, Сырым жасақтарының Ойыл өзені бойына көшіп кетуі жазалаушылардың жоспарын іске асырмады. Оған Скворкин тобына қосылған қазақ старшындарының көпшілігінің өз жақтастарымен ауылдарына тарап кетуі де себеп болды. Сөйтіп, жазалаушылардың тағы да бір қимылы сәтсіздікке ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет