Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы


Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс



бет28/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013
16.02 ашық тәрбие сағатының тақырыбы, 1501-19 Лесбекова Элнура, 1501-19 Лесбекова Элнура, элнур, Кристалдард ішкі құрылымы №2, Оптика сессия жауаптары, 21-Қатты дене, Жолдау, түрік лек, Сопылы ілімні алыптасуы, Механика пәні. Материялық нүктенің кинематикасы, Айналмалы қозға-emirsaba.org, file ru
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
Кенесары көтерілісінің басты мақсаты - патшалық Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан - жақты отарлауды тоқтату еді. Сондай - ақ Кенесарының тағы бір көздеген мақсаты - қоқандықтардың тепкісіндегі Оңтүстік өңіріндегі қазақтарды босатып, оларды Қазақ хандығына қосу еді.
Кенесары Қасымұлының қозғалысы бүкіл Қазақстанды қамтыды. Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші - бұқара халық болды. Олар күшейе бастаған отарлық езгіден, феодалдық топтардың қысымынан қүтылуға тырысты. Көтеріліске сонымен қатар ақсүйек өкілдері де қатысты. Олар көтерілісті, бір жағынан, өз мүдделеріне пайдалану, бұрынғы артықшылықтарын қайта алу, екінші жағынан, көшпенді дербес феодалдық мемлекет құруды көздеді.
1838 жылы Кенесары туының астына мыңдаған сарбаз жиналған еді. Олардың арасында үш жүздің қазақтары болды. Кенесарыны белсенді қолдағандардың арасыңда Орта жүз бен Кіші жүздің белгілі рулары - Қыпшақ, Төртқара, Жағалбайлы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Бағаналы, Тама, Табын, Арғын т.б. ру тайпаларының жігіттері аз емес-ті. Олардың көпшілігі мал өсірген, егін еккен. Осыған орай, жер шаруашылығынан зардап шеккендер кедей және орта шаруалар болды. Кенесарының қол басқарған батырлары да халық ішінде аты кеңінен мәлім адамдар еді. Олардың қатарында Шүбыртпалы Ағыбай, Қыпшақтың батыры - Иман, Табынның батырлары - Бұхарбай, Тіленшіұлы Жоламан, Дулаттың батыры - Бұғыбай, Шапырашты руының батыры - Сұраншы т. б., Кенесарының інілері - Наурызбай, Әбілғазы, әпкесі - Бопай көтеріліске белсене қатысты.
Кенесары жасақтарында қазақтармен бірге қарақалпақтар, түрікмен, қырғыз, өзбек, өкілдері де аз болған жоқ. Дегенмен Кенесары барлық әдіс-амалдарын қолданып, тырысып бақса да, кейбір феодалдық топтарды, үш жүздің ру-тайпалық бөлімдерін біріктіре алмады. Көтерілістің бастапқы кезінен-ақ қазақ ақсүйектері бір-біріне қарсы күресуші екі жаққа бөлінді: патша өкіметі әлпештеген бөлігі отарлаушы әкімшіліктің қолдауына сүйеніп, өздерінің саяси қарсыластарын күйретуге күш салды. Кенесарының ымыраға келмейтін қарсыластары Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин, Кіші жүздің басқарушы сұлтандары Ахмет пен Мұхамед Жантөриндер, сұлтан Баймағамбет Айшуақов т.б. болды. Кенесары Жетісуға өткеннен кейін көтеріліске қарсы ымырасыздық позицияны Абылай ханның тұқымдары, яғни өзінің туысқандары - Әли мен Сыйық та ұстанды. Бірақ осыған қарамастан Кенесары Қасымов өзінің туы астында үш жүздегі қазақ руларының едәуір бөлігін топтастыра алды. Омбы облыстық басқармасына қарасты сот - жазалау мекемелері жинастырған мәліметтер бойынша тек Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы және Баянауыл округтерінде ғана көтерілісшілерді 80-нен астам сұлтандар мен билер, ағамандар қолдаған.
1838 жылдың көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскерлеріне қарсы алдын ала жасалған жоспар бойынша дәйекті күрес жүргізді. Олармен шайқаста Ақмола қаласын қиратып, Ақмола округіндегі патша әкімдерімен ауыз жаласып жүрген Қоңырқұлжа сұлтанның ауылын шапты. 1840 жылы күзде көтерілісшілер Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, орыс әкімшілігін қолдаушы жергілікті бай - шонжарларға қарсы күресті күшейтті. Бұл тұста Кенесарының аты қазақ арасында кеңінен тарап, оның беделі бүкіл қазақ даласында дүрілдеп тұрды. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары үш жүзден адам жинап, әкесі Қасым ханның өлгеніне бір жыл толуына байланысты ас берді. Осы астан кейін үш жүзден жиналған жамағат Кенесарыны ақ киізге салып, бүкіл қазақ халқының ханы етіп сайлады.
Кенесары хан болып сайланғаннан кейін ел билеу тәртібі өзгеріп, алым - салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен сауда - саттық байланысын орнатуға көңіл бөлінді. Керуеншілерді тоқтатып, олардан салық алынатын болды.
Мемлекеттік құрылыс қайта өзгертілді. Хандық кеңес құрылды. Кеңесіп шешетін жоғарғы органдарға ханға берілген батырлар, билер, сұлтандар, ханның туысқандары кірді. Басқарудың негізгі тұтқасы Кенесарының өз қолында қалды. Хандық кеңеске негізінен азаттық қозғалысының мүдделеріне адал, жеке басының батылдығымен, дипломатиялық қабілетімен көрінген адамдар енді. Басқарудың арнайы қызметі хандық кеңес шешімдерінің, үндеулерінің ауылдарда таратылуын, түсіндіруін және орындалуын қадағалап отырды.
Әскери істе де Кенесары және оның көмекшілері бірқатар өзгерістерді іске асырды. Батырлар мен төлеңгіттердің басқаруындағы көтерілісшілердің әскери күші негізінен өз еркімен құралған жасақтар еді. Жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатылды. Опасыздық жасағандар тек өлім жазасына кесілді.
Кенесары Ресеймен тату көршілік қатынас орнатуға ұмтылды. Бірақ Орта жүзге билігін жүргізіп отырған Батыс Сібір губернаторы Горчаков, Орынбор губернаторы Перовский Кенесарымен қарым-қатынаста екеуі екі түрлі көзқараста болып, оның Ресей өкіметімен мәмілеге келуіне кедергі жасады. Әсіресе, өркөкірек Горчаков Кенесарыны менсінбей, оның орыс әкімшілігіне деген өшпенділігін қоздырды.
1841-1842 жылдарда Кенесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Созақты, Сауранды алып, Қоқан хандығының елірме әуселесін басты. Қоқандықтар келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Осыдан кейін барып соғысты тоқтатқан Кенесары Торғай маңындағы ордасына қайтып оралды. Бір айтып кететін жәйт, Кенесары Бұхара әмірімен және, Хиуа хандығымен қарым - қатынасындағы саясаты біршама өзгешелеу еді. Кенесары олармен өзара толық сенімділік қатынас орнатты. Кейде Хиуа басқарушысы қазақ жасақтарын зеңбіректерімен, оқ - дәрімен жабдықтап отырды.
1843 жылы Орынбор генерал - губернаторы Перовский кетіп, оның орнына Обручев келді. Кенесары мен Перовский бір - біріне сыйластықпен қарайтын. Сондықтан көп мәселелер әділдікпен шешілетін. Енді Орынбор әкімшілігіне орыс патшасының Кенесарыға қаны қас тағы бір ұлығының келуі оны Горчаковпен бірігіп, Кенесарыны қуғындауына кең мүмкіндік жасады. Сөйтіп, Горчаков пен Обручев Кенесары бастаған ұлт - азаттық көтерілісін тұншықтыруға, Кенесарының көзін жоюға 1843 жылы 23 маусымда патша Николай І-іншіден рұқсат алды. Соғыс шығынын өтеу үшін 14 мың сом, Кенесарының басын кесіп әкелген адамға сыйға беру үшін түтін салығы есебінен үш мың сом қаржы бөлінді. Әскерлер соғысқа әзірлік жағдайына келтірілді.
Кенесарыға қарсы орыс әскерлерінің жорығы 1843 ж. 27 маусымда басталды. Ырғыз өзенінің бойында патша әскерінің бір тобымен кездескенде Кенесары өзінің патша өкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтып шайқасты болдырмады. Бұл тұста екі жақ та әскери дайындығын мұқияттап жатты. Тамыз айында Кенесарыға қарсы сұлтандар Жантөрин, Айшуақов, полковник Генс және Бизянов бастаған бес мың әскер жіберілді. Омбы, Петропавл, Қарқаралыдағы әскер күштері де Кенесарыға қарсы жорыққа аттанды. 1-ші және 7- ші қыркүйекте Кенесары жасақтары мен патша әскерлерінің арасында күшті шайқастар жүрді. Көп адам шығынға ұшырады. Бірақ екі жеңіске жете алмай, майдан шебінен кері шегінді. Кенесары жасақтары енді ашық соғысқа бармай, байтақ даланың әр тұсынан көрініп, тұтқиылдан тиісіп, жау әскерін мазалап берекетін кетірді. Тынымсыз жорықтан шаршаған, үнемі қауіп-қатердің өтінде жүрген патша әскерлері түні салқын, жауын - шашынды күз түсе бере ешбір нәтиже шығара алмай бұрынғы тұрақтары Ор бекінісіне қайта оралды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет