Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы



бет56/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013

2. ҚР Мемлекеттік құрылысы.
Еліміздегі жоғары басқару жүйелеріндегі өзгерістер жергілікті атқару органдарының да өзгеруіне алып келді. Бұларда егемендік алған кезден бері үш рет өзгеріске ұшырады. Алдымен жергілікті атқарушы органдар — облыстық, қалалық, аудандық атқару комитеттері болып құрылды. Кейіннен барлық атқару комитеттері мен Кеңестерді қосып, оларды бір адам - Кеңес төрағасы басқаратын болды. Ақырында келіп атқару жүйесін - әкімдер, өкілдік органдарды - Мәслихат басқаратын болды.
Соңғы жылдары әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және құрылымдық оңтайдандыру жөнінде батыл шаралар қолданылды. Орталык Үкімет қайта құрылды және сан жағынан ықшамдалды. Жергілікті жерлердегі басқару құрылымдары да едәуір қысқарды. 1997 жылы 50-ден астам министрлік пен ведомстволардың 25-і ғана қалдырылды. 19 әкімшілік облыстың бесеуі, 220 әкімшілік ауданының 30-ға жуығы таратылды, сөйтіп 5 мыңға жуық қызметкер қысқарды.
Еліміздегі демократия және ұлт мәселесі жөнінде айтқанда, тағы бір көңіл аударатын мәселе - Қазақстан халықтары Ассамблеясының қоғамымыздың дамуындағы рөлі. Мұндай ұйым ТМД елдерінің ешбірінде осы кезге дейін құрылмаған. Ең бір қиын күндерде ол шын мәніндегі халық өкілетілігінің органына айналды. Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 ж. желтоқсанда өткен Қазақстан халықтары құрылтайында қабылданды. Онда Ассамблея парламенттің немесе атқару билігі органының баламасы бола алмайды - деп көрсетілді. Бірақ ол мүдделестер клубы сияқты қуыршақ ұйым да болуға тиісті емес еді. Ұзақ ізденістердің, ұлттық мәдени орталықтар өкілдерінің, этнологтардың, заңгерлердің, басқа да салалар мамандарыдың пікірлерін зерттей келе, Ассамблеяға мемлекет басшысының жанындағы консультативті-кеңесші орган дәрежесін беру үйгарылды. Нәтижесінде ол өз қызметінің жемістерін бере бастады. Ұлт саясатына байланысты көптеген ұсыныстар енгізуімен қатар, ол адамдармен күнбе-күн нақты жұмыстар жүргізді, бұл оның беделін өсірді.
1992 және 2003 жылдар аралығында Қазақстан халықтары Ассамблеясының тоғыз сессиясы өтті. Сессияларда біздің елді мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен татулығы, конституциялық заңдарды сақтау, халықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары және т.б. көкейтесті маңызды мәселелер талқыланды.
Ата Заңда сондай-ақ қоғамда қолданылып жүрген жаңа ұғымдар мен атаулардың ғылыми жәие күнделікті айналымға енгізілгенін байқау қиын емес. Соның арқасында жаңа кезендегі нарықтық термин атаулары арнаулы, түбегейлі теориялық және қолданбалы салаға ауысты, қоғам тұрмысының ажырамас бөлігіне айналды. Бұл Конституцияның сөзсіз жаңашылдығы.
Ата Заң бойынша республикамызда демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды. Соған сәйкес Президенттің саяси билігі де қуатты.
Президент Конституциялық негізде Парламентті шақыру немесе тарату және заң шығару бастамашысы құқығына ие. Сонымен бірғе Президент Конституция талабына сәйкес Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктсрі арасында өзара өкілеттілікті, олардың ара-қатынасын үйлестіреді. Оны Президенттің 1996 жылдын маусым айында Парламент пен Үкімет арасындағы қарым-қатынаста туған дағдарысты ешқандай дау-дамайсыз Ата Заң баптарының талабына сәйкес ойдағыдай шешуі тәжірибе жүзіңде корсетіп берді.
Конституцияда Президенттік республика жағдайындағы Парламент құзыры айқын белгіленген. Ол халық қамын ойлап, оның мүддесін корғайтын демократияшыл әрі баршаға түсінікті заңдар шығарып, қабылдайтын орган. Парламент - Сенат және Мәжіліс палаталарынан тұрады. Бұған дейін Парламентте мұндай екі палата деген ұғым болған емес. Ата Заңда екі палаталы парламенттің ерекшеліктері де егжей-тегжейлі көрсетілген Жаңа Конституция бойынша депутаттар саны бұрынғы 177-ден 114 адамға дейін қысқарды. Сондай-ақ, Парламент қызметінің тиімділігін арттырып, оның депутаттық корпусының кәсіби шеберлігін айқындауға бағытталған бірқатар нормалары белгіленген.
Жоғары мемлекеттік органдар жүйесіндегі үкіметтің тиісті орны, сот билігінің, проқуратураның қызметтері де айқындалған. Әсіресе, сот жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа реформа жүргізуге назар аударылған.
Конституцияға сәйкес жалпы және торелік соттар жүйелері біріктірілді, соттар мен судьялардың әділетті үкім шығаруға құқықтық кепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде белгіленді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, судьялардың ісіне қол сүғуға болмайды. Нақты істері бойынша олар ешкімге есеп бермейді және тек Конституция мен заңға ғана бағынады.
Ата Заңның ерекшелігі - ол билік тармақтарының ешқайсысына, мемлекеттік лауазым иелеріне конституциялық құқықтарды бүзуға жол бермеуінде. Мейлі, ол елді Президенті немесе қатардағы қызметкер болсын, негізгі конституциялық құқықтарды, соның ішінде адам құқықтары мен бостандығын аяққа басуға жол бермейді. Бұрынғы Ата Заңда көрсетілген, бірақ жете тиянақталмаған көптеген маңызды мәселелердін түйіні жаңа Конституцияда жаңаша шешілген. Оны, әсіресе, мемлекеттік, жер, тіл, азаматтық, негізгі құқықтар мен бостандық сипаты туралы, қос палаталы парламент құрылымы және Президентті айып тағу арқылы қызметтен кетіру мәселесі жөніндегі баптар мен тармақтардан айқын көруге болады.
Қазақстан Конституциясьшың жаңа бір басты тарихи маңызы ұлт мәселесіне ерекше көңіл белуі дер едік. Оның өзіндік себебі де бар. Өйткені еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында ұлтаралық қатынастарда бірқатар түсінбеушілік орын алды. 1992-1993 жылдары әрбір тортінші қазақстандықты ұлтаралық қатынастардың ушығу қатері қатты мазалаған еді. Бүгінгі танда, кейбір деректерге қарағанда осы мәселелерге байланысты біршама аландаушылық білдірген қазақстандықтардың саны 5-6 %-ға дейін төмендеген. Оған әрине, елімізді мекендеген жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің енді ешқандай этникалық ұлтына қарамастан, барлық мүдделерінің қорғалып отырғандығының нәтижесі. Мұның өзі біздің Ата Заңда ерекше атап отілген.
Сондықтан Қазақстан халықтарының бір тұтастығы, ұлтаралық келісімі, мемлекеттікті одан әрі нығайту, дамыту аясында ерекше маңызды. Түрлі ұлыстардың өкілдері тұрып жатқан ел халқының басын біріктіру, оны күнделікті жүзеге асыру Конституция қағидалары мен баптарында жан-жақты қарастырылған.
Тіл туралы саясат заңды кұбылыс. Өйткені тіл ұлттық мүдделердің нәзік тоғысқан қызу нүктесі. Қазір қазақ және орыс тілдерінде 8300-ден аса және одан басқа он жеті ұлт тілінде оқытатын жүздеген мектеп, 12 тілде шығатын газеттер мен журналдар, 11 және 6 тілде хабар жүргізетін теле және радио тұрақты қызмет етеді. Тіл саясатын іске асыруда Қазақстан халықтары Ассамблеясымен бірқатар ұлттық мәдени орталықтарының белсенді түрде жұмыс жүргізіп отырғанын атап көрсеткен жөн.
Дегенмен тіл мәселесі, соның ішінде мемлекеттік тілді қолдану, қазақ халқы арасында айырықша алаңдаушылық туғызуда. Мәртебесі мемлекеттік болып бекітілгенімен қазақ тілі осы кезге дейін білім, ғылым, іс жүргізу саласында өзінің лайықты орнын таба алмауы кім-кімді де қынжылтары даусыз. Ал, оның есесіне әлі күнге дейін халық өкілдері жиналған түрлі деңгейдегі бас қосу, ғылыми форумдар, Парламент, Үкімет пен Ассамблея мәжілістері орыс тілінде өтіп келеді. Қазақ тілі бұрынғысынша тек жергілікті халықтың арасында, онда да тек күнделікті тұрмыста ғана азды-көпті қолданудан аспауда. Сондықтан бұл жағдайды ескере отырьп, 1997 жылғы шілдеде қабылданған "Қазақстан Республикасыңдағы тіл туралы Заңның" орындалуына бақылау жасау, оны іске асыруда лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту, тіл саясатын жүргізу үшін мемлекет қорынан тиісінше каржы бөлу, бүкіл баспасөз, теле және радио хабарларының тең жартысын қазақ тілінде жүргізу алда тұрған аса маңызды міндет.
Жаңа Конституцияда республиканың азаматтығы туралы талас-тартысқа біржолата нүкте қойылған. Онда бұрыңғы КСРО-ның ыдырауы және егемен мемлекеттердің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру кезіндегі азаматтық мәселе жөніндегі орын алған алуан қиғаштықтар мен қайшылықтар нәтижесінде жинақталған өмірлік тәжірибе де жете ескерілген. Осыған байланысты Қазақстан Конституциясында қос азаматтық болмайтыны заң жүзінде бекітілді. Ата Заңға бүгінгі таңда іс жүзінде орындалмайтын, азаматтарды қызметпен қамтамасыз ету құқығы қысқартылып, оның орнына "Еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар" - деп көрсетілген. Білім беру, тұрғын үй, денсаулык сақтау саласын мемлекет тарапынан тегін қаржыландыру еткен кеңес қоғамының канжығасында кетті. Енді азаматтарға тек мемлекеттік оқу орындарында, орта білім және жоғары оқу орындарында іріктеп сұрыптау арқылы тегін білім алуға кепілдік берілген. Мұның өзі елдің нарықтық экономикалық жолына түсуінің айқын дәлелі іспетті. Ата Заңда азаматтардың құқықтары мен оларға қойылатын талаптар жөнінде де жан-жақты көрсетілген.
Қазақстан жаңа Конституцияны қабылдау арқылы дүниежүзілік қауымдастықтан өзінің лайықты орпын алды. Ата Зан еліміздің көшпелі және одан әрі алға даму кезеніндегі маңызды тарихи құжат. Сондықтан республиканың әрбір азаматы оның мазмұнын жете біліп, талаптары мен қағидаларын мұлтіксіз сақтауға, мемлекеттік нышандарды күрметтеуге міндетті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет