Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы


Лекция №5. Дамыған ортағасырлық мемлекеттер



бет8/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013
16.02 ашық тәрбие сағатының тақырыбы, 1501-19 Лесбекова Элнура, 1501-19 Лесбекова Элнура, элнур, Кристалдард ішкі құрылымы №2, Оптика сессия жауаптары, 21-Қатты дене, Жолдау, түрік лек, Сопылы ілімні алыптасуы, Механика пәні. Материялық нүктенің кинематикасы, Айналмалы қозға-emirsaba.org, file ru
Лекция №5. Дамыған ортағасырлық мемлекеттер
Жоспары:
1.Қарахан және Қарақытай мемлекеттерінің ішкі және сыртқы саяси жағдайы.
2.Қыпшақ хандығы
3.Найман мен кереит ұлыстары (ХІІ ғ. Басы – ХІІІ ғ.).
4.ХІ басы мен ХІІ ғ. Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің даму.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Аяған Б.Ғ, Әбжанов Х.М, Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық.- Алматы: «Раритет» ,2010.-448б.
2. Кан Г.В, Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Оқулық.-Алматы: «Кітап»,2012.-312б.
3.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін: очерк.-Алматы : «Дәуір».1994.-446б.
4.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. – Алматы: «Атамұра», 1996-2010ж.
5. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы ( ежелгі және ортағасырлық кезең)/ ҚР Білім және ғылым министрлігі: Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты.-Алматы: «Адамдар» ЖШС, 2007.-431 б.
6.Омарбеков Т. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері: Көмекші оқу құралы.-Алматы: «Өнер», 2003.-551б.

Х ғасырдың орта кезінде Жетісу территориясында және Шығыс Түркістанның бір бөлігінде феодалдық құрылымы біршама дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың көптеген әлеуметтік институттарын қабылдаған Қарахандықтар мемлекеті пайда болды.


Орталығы—алғашқыда Баласағұн қаласында болған.
Қарахан мемлекетінің құрылып, оның дамуының алғашқы кезінің саяси тарихында қарлұқ тайпалар бірлестігінің орны ерекше болған. Мәселен, Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы – Сатұқ Бограхан (915-955) Қарлұқ қағаны Білге Қазар ханның немересі. 942 жылы ол Баласағұнда билеушіні құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталады. Қарахан сөзі Х ғасырдың аяғынан бастап, қарахандықтардың Орта Азияны жаулап ала бастаған кезінен мұсылман деректерінде пайда бола бастайды. Ал, Қарахан мемлекеті деген атау Х-ХI ғасырларда тарихшылардың зерттеулерінде шартты түрде қабылданған.
Қарахан мемлекетінің этникалық құрамы шігіл(чигил), жағма(яғма), қарлұқ, оғыз, қаңлы сияқты т.б. түрік тілес тайпалардан тұрған. Шігіл және жағма тайпалары негізгі роль атқарған.
Жоғарғы өкімет билігі қағанның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Үстем тап өкілдеріне тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Билік үлестігі жерлер арқылы жүрген. Үлестік жерлер ірі және кіші болып бөлінген. Ортағасырлық деректердегі “мүлік әл-хақан”, “әл-и-афрасиаб”, “тамғалы”, “алып-таңға” атақтарына ие болғандар да мемлекеттік басқаруға қатысқан. Қағанның сарай маңындағы қызметкерлерінен құраған тұрақты ұйымы – талүқшылар болды. Кеңесші, көмекші уәзірлері де болған.
Қарахан мемлекетіндегі уәзірлер қарлұқ қағанының “кол еркіндеріне” ұқсас болған. М. Қашғаридың жазуына қарағанда, “кол еркінің” мәні кол-косір, шар-теңіз ақыл ой дегенді білдірген. Шындығында, қазақша уәзір сөзі—ақыл ойдың кені.
Қағанның мемлекеттік саяси әкімшілік іс жүргізетін орны Орда деп аталған. Онда сарай қызметкерлері тұрған. Қағандар мемлекетке салық жиналатын жерлерді оздерінің туыстарына және жақын адамдарына тартуға, сыйға берген. Мүндай тартулар парсы тілінде “иқта”, ал иеленушілер “иқтадар” деп аталынса, арабша иеленушілер “мүқта” деп те аталған. Иқтасы бар мүқта оны жаудан қорғауға тиісті болған. Бір ескеретін жәйт иқта мүқтаға заңды түрде берілмеген. Ал, берудің бірнеше жолы болған. Ол мүқтаның қоғамдағы орнына байланысты:
-егер мүқта қаған әулетінен болса, ірі жер үлестері берілген;
-бектерге орташа үлестік жерлер берілген;
-кіші үлестік жерлер тәуелді қызметкерлерге берілген.
Қарахандардағы жер иеленудің және бір түрі --әскери үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген.
Сатұқ Боғрахан өлгеннен соң (955) билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағандықтың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Сойтіп, Қазақстандағы патриархал-феодал мемлекеттердің ішіндегі мұсылман дінін ресми түрде алғаш қабылдаған Қарахан мемлекеті ( 960 ж.) болды. Сондықтан да Ислам дінінің өкілдеріне де вақфтық жерлер бөлініп отырған. Ескеретін бір нәрсе, бұл жерлерден салық алынбаған. Мұса билік құрған кезде мемлекет астанасы Қашқар қаласында болған.
Х ғасырдың 70-80 жылдарында Қарахандықтар мемлекеті Шығыс Түркістаннің барлық аймақтарын бағындырған еді. 990 жылы Саманилердің әлсіреуін пайдаланған Хасан(Харүн) Богра-хан Испиджабты басып алды. Екі жыл өткен соң Қарахандар Саманилердің астанасы Бұхараны алды. Алайда көп кешікпей Хасан Боғра-хан Бұхараны, сондай-ақ өзі алған Самарқандты тастап Жетісуға кетуге мәжбүр болған.
Мауараннахрға жасалған сәтсіз жорық Қарахандардың басқыншылдық желікпесін баса қоймады. 996 жылы Әли Арсланның баласы Насыр (Насыр ибн Әли) Саманилерге жаңа жорық жасады. 999 жылы Насыр ибн Әли Мауараннахрға бет алды. 1005 жылы Мауараннахр Қарахандар қолына түпкілікті көшті.
Сөйтіп, ХI ғасырдың басында Жетісу, Шығыс Түркістан және Мауараннахрды біріктірген ірі әскери феодалдық мемлекет қалыптасты. Бірақ бұл мемлекет ХI ғасырдың 30 жылдарында екі дербес мемлекетке: Шығыс Қарахан және Батыс Қарахан мемлекеттеріне бөлініп кетті. Шығыс Қарахан мемлекетінің астанасы Қашқар қаласында , ал Батыс Қараханның астанасы Бұхара қаласында болған. Қарахандар тұсында Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандары халқының негізгі кәсібі экстенсивті көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Жайылым жерлерге мұқтаж болған мал өсірұшілер тым шалғай жерлерге көшіп-қонып жүруге мәжбүр болған. Ибн ал-Асир былай деп атап көрсетті: “Жетісу түріктерінің кейбір топтары жаз Бұлғар(Волгада) өлкесін жайлап, қысты Баласағұн өлкесін қыстайды”.
Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Олар отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі мен ірі қара мал өсірді. Сиыр малы негізінен жартылай отырықшы және отырықшы мал өсірушілерде болды.
Аң аулау жартылай отырықшы және жартылай көшпелі халық топтары үшін тіршілік ету көздерінің бірі болды. Құлан, киік, бұғы, архар мен қабан, қасқыр,түлкі, аю ауланды. Халықтың жоқ-жітік кедей топтарының шаруашылық тұрмысында, әсіресе Іле, Шу, Талас өңірлерінде, Сырдарияның орта бойында балық аулау айтарлықтай роль атқарды.
ХI-ХII ғасырларда түрік тайпаларының біразы егіншілікпен айналысуға көшіп, қала мәдениетімен араласа бастады. Отырықшыланғандардың көпшілігі қала халқын толықтырды.
Осы кезде Испиджаб пен Баласағұн аралығындағы өңірлерде, Махмуд Қашғаридың хабарлағанындай, әдетте қалаларда тұратын соғдылықтардың түріктену процесі күрт күшейді.
Отырықшылық дамыған аудандарда мардымсыз болса да, шаруалардың өз жерлері болған. Ал көшпелі аудандарда жерді қауым болып пайдаланған. Жері жоқ шаруаларды қанаудың түрі оларға үлестік жер беру, араб-парсы дерек-терінде үлескерлер (шаруалар) “мұзарлар” немесе “барзигар” деп аталған. Олар мемлекеттік немесе мүрагерлік жер иелерінен кейде вақфтық жерлерді үлеске алып, өңдеп, түскен өнімнің көбін жер иелеріне төлеп отырған. Қанаудың екінші түрі – коммендация. Оның мәні үсақ жер иелері немесе орта шаруалардың отбасының азын- аулақ мал-мүлкі мен байлығы күштілердің талан- таражына түсуінен, зорлық-зомбылығынан сақтану үшін күштілердің қорғауына (патронатына) берілуі. Ол үшін өздерінің “қорғаушыларына” тиісті алым-салық төлеген. Дәл осындай жағдай мал шаруашылығымен айналысатын аудандарда да болған.
Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік жағдайлар, Қарахан мемлекетінің өзінен бұрынғы феодалдық мемлекеттердің жай ғана жалғасы екендігін корсетеді. Олай болса бұл кез (Х-ХII ғғ.) Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс аудандарында феодалдық қатынастардың қалыптасып болғандығына толық дәлел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет