Лекция сабағының әдістемесі



бет44/59
Дата05.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#21354
түріРеферат
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59
Бақылау сұрақтары:
1.Ғұндардың мәдениетін сипаттау.
2.Үйсіндердің мәдениетіндегі ерекшеліктерді ата.
Әдебиет Н -3,5,8,11, Қ-10,11,12
6-7. Тақырыбы: Ежелгі қазақ жеріндегі V-X ғасырлардағы түркі қағанаттары мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті.
Мақсаты: Түрік қағанатының құрылу тарихын еске түсіріп, олардың және алғашқы феодалдық мемлекеттердің пайда болуын сипаттап, мәдениетіне тоқталу.
Жоспары:
1. Көне ескерткіштер мен сәулет өнерінің мұралары
2.Әдеби жазба ескерткіштері (Орхон, Енисей жазбалары «Қорқыт ата» кітабы, «Оғыз наме»)
З.Түркі тілдес тайпа халықтарының наным-сенімдері
4. Түркі тектес тайпалардың материалдық мәдени игіліктері


1. Қарахан қағанатының астанасы сән-сәулеті, ғылым-білімдегі табыстары мен аты шыккан Баласағұн қаласы. Қазак жерінде бұл сияқты қалалар аз болмаған. Еуропа мен Азияны, Батысы пен Шығысты байланыстырып жатқан отырықшы ел мен көшпелілер қарым-қатынасына өзек болған қалалардың арасында ұлы жібек жолының бойында жатқан Суяб, Тараз қалалары құрылысы, сәулет өнерінің өзгешелігімен көзге түскен. Осындай мәдени орталықтардың бірі Отырар туралы жиналған көп мағлүматтар бар. Ол ертеректе Тарбан деген атпен белгілі болған. Арабтар осы дәуірге келіп орныққаннан кейін оны Фараб деп атаған. Отырар туралы Француз деректемелері де аз емес. «Шығыс халықтары туралы негізгі мағлүматтардың әмбебап сөздігі» немесе «Шығыс кітапханасы» деп аталатын Бартолоэ Д. Эрбело 1697 жылы бастырып шығарған кітапта бұл қала емес, жерінде нулы орманы, өңделген жер учаскелері бар бүтіндей бір ел, оның ені мен ұзыны жүріп кеткенде күншілік уақыт алатындай кең деп көрсетілген. Зөулім үйлері, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған ғимараттары бар бұл қалада ең бай кітапхана болған.Осы қала туралы Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштерінде - руналық жазбаларда да деректер кездеседі. Тараз, Суяб, Отырар, Сығанақ, Испиджаб, Қаялық сияқты қалалар Византия, Иран, Кавказ, Алтай, Шығыс Түркістандағы елдермен сауда жасауда, мәдени байланысты өрістетуде үлкен роль атқарды. Мәселен, Батыстан келе жатқан керуендер Испиджабқа тоқтап, Созақ, Құмкент, Баба-ата сияқты қалаларға соғып, Орталық Казақстанның ұланғайыр далаларындағы көшпелі елдерге бет алатын болған. Керуен жолындағы қалаларда сауда-саттықпен бірге қолөнершілік, сәулет өнері кеңінен дамыды. Қолөнердің осы уақытқа жеткен, қазба зерттеу барысында табылған үлгілері ол кезде темірден, тастан, алтын, күмістен әшекейлеп жасаған сәндік бұйымдар, тұтынатын заттар болғанын дәлелдейді. Сонымен бірге осы аймақтардың тұрғындары ұрттаған, қолданған аспаптар, құралдар, әбзалдар олардың иелерінің мәдени дәрежесінің, өмір тәжірибесінің осал болмағанын байқатады. Оларға сәулет өнерінің жұрнақтары тастан қашалған, тастан істелген үлгілерді қоссақ көз алдымызда белгілі дәреже, биік дамыған мәдениеті бар бүтіндей бір өсемдік әлемі пайда болады. Әсіресе, соңғы жылдарда табылған тастан істелген үлгілердің өздерінің қайталанбайтын ерекшеліктерімен көз тартатынын айтуымыз керек.
Түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болған көшпелі және жартылай көшпелі қаңлы, қарлұқ, шігел, тұқси, яғма, оғыз, қимақ, қыпшақ сияқты евроназия құрылығын еркін жайлаған тайпаларда өздерінің өмір сүрген, мекен еткен, қоныс қылған жерлерінде тастан жасалатын өрнектелген белгілер қалдыру әдеті болған. Еуропалықтар кумандар деп, орыстар половцылар деп атаған осы тайпалардан қалған ескерткіш тастар ресейдегі қара топырақты аймақтың ұшы - қиырсыз далаларынан да кездеседі. 80-інші жылдарда Ворошиловград Мұражайында ашық аспанастына қоршалғаналаңдағы көрмеге осындай 58 тас мүсін қойылған. Әртүрлі, бірін-бірі қайталамайтын үлгіде жасалған осы туындылардың арасында сәбиін көтерген ананың тастан қашалған мүсіні бар екен. Осындай мүсінді 1860-жылдарда ішкі Ордадағы нарын құмынан орыс жағрапия қоғамының мүшесі Мұхаммед Салық Бабажанов тапқан. Қазір Санкт-Петербургтегі эрмитажда жұрттың тамашалауына қойылған бұл мүсін тас жөнінде «ішкі ордадан табылған тас қатын» деген атпен ол «Пчела» журналына мақала жарияланған.
Түрік тілдес халыктар тас қашап, мүсін жасау кәсібін жетілдіріп, оның өнерлік сипатына айрықша мән берген. Соны айғақтайтын Оңтүстік-Сібір, Орталық және Орта Азия жерлерінде балбалтас, сағанатас, мүсін-тас, қүұлпы-тас ескерткіштері жиі ұшырасады. Олардың атауы сыртқы түріне, қашалып жасалған формаларына қарай пайда болған. Бұғыны көз алдына әкелетіндіктен осындай ескерткіштер бұғытас деп аталса, бағана сияқты биік тас діңгекбағана тас, жай тастан қашалып қойылған белгі сияқты болып келсе оны балбал тас деген. Соңғыларын ежелгі қыпшақтар «білбіл» деп атаған, адам бейнеленген тасты «мүсін тастар» деп атайды. Олардың арасында әйелді бейнелейтіндері көп кездеседі. Қазақстан, Алтай, Монғолия даласында «қызтас», «келіншектас», «кемпіртас» деп аталатын, сондай-ақ атаусыз жай әйелді бейнелейтін тастар да жиі ұшырайды. Құлпытасты, мүсінтасты көне түрік заманында елдің көсегесін көгерткен көсембасшыға, белгілі батырға, жүйріктігімен аты шыққан жыраулар мен шешендер зиратына қоятын болған. Мүсін тастардың үлгісі әр дәуірде әртүрлі болған. Олардың жасалуын өздерінің үлгілеріне, ерекшеліктеріне қарап Әлкей Марғүлан үш кезеңге бөлген. Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ-І ғасырлармен біздің заманымыздағы V ғасырлар аралығында қойылған тастан жасалған ескерткіштер мейлінше биік келеді де олардың ұшар басына әйелдің немесе ер адамнын бас пішіні бейнеленеді. Екінші кезеңдегі, яғни, V-VІ ғасырлардағы тас мүсіндер бұрынғыдай биік емес орта мөлшерде, адамның сыртқы тұрқын ғана елестететіндей етіп қашалған. Ал VI-VIII ғасырлардағы соңғы кезеңде тастан жасалған мүсіндерден адамның бет-бейнесін, көзін, мұрнын, мұртын, құлағын, әйел болса сырғасын, моншағын айқын аңғаруға болады. Олардың арасында қару-жарақ асынған жасақтардың бейнесі де кездеседі.
Ашық далаларда, жота төбелерде жерден кісі бойы тіпті одан да биік көтеріліп тігінен тізбектеліп түрған балбал тастар да кездеседі. Олар Қазақстанда Жасыбай келінің маңынан жиі ұшырасады. Осындай тастардың күмбез көтеру үшін, мазарлар, минареттер,мұнарлар салуға пайдалануы, құрылыс материалдарының барған сайын күрделеніп, бұрын саз балшық, қамыс, шиден салынып келген үй-жайлардың енді күйдірілген кірпіштен салынуы, олардың қабырғаларының, биік босағаларының неше түрлі ою-өрнек нақыштармен безендірілуі V-Х ғасырлардагы Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі өмір сүрген қағанаттарда аз болмаған. Көне түрік заманында желісі тартылған мәдени үлгілердің дамуы, тың тәжірибелердің жемісімен толығуы осы қағанаттар тұсында да іске асқан. Желдей ескен зымыран заманның, тоқтаусыз өтіп жатқан адамзат көшінің тарихында із қалдырып, ұлы даланы дүбірлетіп өткен алыстағы арғы тегімізді құрайтын адамдардан қалған ондай мәдени мұраларды археологтарымыздың қазба жұмыстарының барысында көп тауып бүгінгі ұрпаққа жеткізуде.
Енисей бойында Минуиск қаласының маңында екі мәрте болып қазба жұмыстарын жүргізген фин археологиялық қоғамының экспедициялары да өздеріне түсініксіз таңбамен толтырылған тастан жасалған ескерткіштер кездескені туралы хабарлар жариялайды. Ондағы таңбаларда Ядринцев экспедициясы тапқан тастағы қашалған жазуға ұқсас еді. Рунь (жұмбақ) жазудың сырын ашуға көптеген ғалымдар ынтызарлық білдіреді. Қалмақ немесе монғол жазуы, кент жазуы, скиф славян жазуы деп жорамал айтып сәуегейлік жасаушылар да аз болмаған. Бірақ ол жазулардың ғылыми жолмен сырын ашып, оқып беру керектігін, мұның әлемдік маңызы бар жаңалық болатынын ғылыми көпшілік жақсы түсінді.
Осындай жаңалықты бір мезгілде ашқан, 1898 жылы жұмбақ жазулардың сырын анықтаған, олардың таңбаларының бүгінгі белгілі бір нақты әріптерге сай келетінін және бұлардың көне түрік тілінде жазылғанын ғылыми жолмен ешбір күмәнсіз дәлелдеп берген екі адам болды. Оның бірі - Данияда түратын скандинавия, фин жазбасының тарихымен шұғылданып жүрген белгілі ғалым Вильгельм Томпсен, ал екіншісі орыс ғалымы шығыстанушы, академик В. В. Радлов болды. Соңғысы Ядринцев назар аударып айрықша мән берген екі үлкен сағана тастағы жазуларды түгелдей оқып, орыс, неміс тілдеріне аударып, әлемдік ғылыми жұртшылығының игілігіне айналдырды.
2.Ядринцев тапқан алғашқы екі ескерткіштің бірі Шығыс Түрік қағанатының қағаны Білге қағанның, екіншісі оның інісі, даңқты әскер қолбасшысы Күлтегінің қабірінің басына орнатылған құлпытастар болатын. Ал Ядринцевтің үшінші олжасы - Онгин өзенінің сағасындағы ашық алқапта кездескен Білге мен Күлтегінің әкесі мен шешесіне, яғни Елтеріс қаған мен Елбілге қатынға қойылған белгі еді. Кейінірек сол маңдағы Селенга өзенінің аңғарынан түрік елін билеушілердің кеңесшісі болып кемеңгерлігімен аты шыққан Тоныкөктің басына қойылған ескерткіш табылды. Сөйтіп, Орхон өзенінің маңынан VІ-VІІІ ғасырлардан қалған тас мүралар әлем жұртшылығының назарын өзіне аударып оны зерттеуге ықыластыларды көбейтті. Ядринцевтен кейін әр жерден ғылыми зерттеу экспедициялары шығып, осы маңда қазба жұмыстарын жүргізді. Солардың бірі чехтың архео-логы Л. Исил Карақорым маңындағы ескі зираттан Күлтегін мүсінінің басын, оның әйелінің бейнесі салынған белгінің бір бөлігін тапты. Осы ескерткіштерде кездесетін жазулардың қашан жазылғаны мұқият тексерілді. Сөйтіп бұл Орхон жазуларының біздің заманымыздағы VIII ғасырда жазылғаны даусыз дәлелденді. Мәселен, Күлтегін ескерткішіндегі жазулар 732 жылы, Білге қаған құлпытасындағы жазулар 735 жылы, ал жинақтап қорытып айтатын болсақ, көптеген жазулардың VII ғасырдың алғашқы жартысында, яғни, 716-735 жылдарда жазылғаны расталды. Ол жазулардың көшпелі түркі ұлыстарының бұрын-соңғы еш жерде кездеспеген әрпімен көне түрік тілдерінің сөйлеу ерекшеліктеріне икемделген фонетикалық та, грамматикалық заңдылығы бар сол тұстағы халыққа тараған жұртқа белгілі әріптермен жазылғанын В. Томпсон анықтап айқын дәлелдермен көрсетіп берді. Бұл түйінді тұжырымның дұрыс екенін сонымен бірге аталмыш Орхон-Енисей, сондай-ақ, Талас жазуларының біздің жыл санауымызға дейінгі бір мың жылдықтағы өздерінің жазба мәдениеті болғанын, үйсін дәуіріндегі Орталық Азия, Орта Азия, Қазақстан жерін мекенде-ген тайпалардың жазуына ұқсастығын, тіпті, оның көптеген әріптерін дәлме-дәл қайталайтындығын, демек, солардың табиғи жалғасы екенін дәлелдеген көптеген пікірлер айтылды. Мұндай пікір айтушылардың арасында Қазақстан мен Орта Азия елдерінен шыққан лингвист-ғалымдар да аз болған жоқ.
Осы тасқа қашалған жазуларға қандай сипаттама беруге болады, оларда не айтылған? Оны біреулер тарихи деректеме деп, екінші біреулер бұл әдеби шығарма, өз дәуірінің әдебиет үлгілері деп оларға қандай сипатама беру жөнінде пікір таласын туғызып жүргендердің бар екенін білеміз. Солардың біріне де қосылмай, олардың біреуінің де пікірін қолдамай, айтайық дегеніміз бұл жазулардың Х ғасырлардағы түрік тайпаларының жоғары медениетінің үлгілері болғандығы. Осы жазулардың сыры мәлім болғанға дейін Шалқар кеңістікте шашырап жатқан түрік тайпаларының жазу, сызуы болмаған деп есептелді. Ал бұл тастар олардың жоғарғы биік мәдениеті, жазу-
сызуы, көңілге қонымды дәстүр-салты болғандығын айғақтайды. Онда тарихи деректер де аз емес және олардагы әдеби үлгіге жататын көркемдік талғамның биіктігіне кайран калмасқа болмайды. Әдебиеттің өмірді, тарихи шындықты бейнелейтін көркемдік нұсқа екенін ескеретін болсақ, бұл жазуларда осы екеуінің қатысып жатқанын байқау қиын емес. Демек, жазулар оны қалдырған VI ғасырдағы түрік тайпаларының жыл санауымызға дейін өмір сүрген ертедегі арғы ата тегімен тығыз байланысы болғанын, өткенін, өшкенін терең білгенін, зердесіз болмағанын аңғартады. Олар өздерінің дәурен сүрген кезеңін, өмір салтын, ерлігін, елдігін мақтан етеді. Ашық аспан мен кара жердің арасында тіршілік еткен адамдардың түркі тектес тайпалары болғанын, онан Бумын қаған, Үстем қаған сияқты кемеңгер басшылар шыққанын, елде береке байлықтың, бірліктің болғанын, соның арқасында төрт тараптан аңдыған жаулардың еңсесінің басып, басы барын еңкейтіп, аяғы бардың тізесін бүктіріп, бағындырғанын жазады. Ол жаугершілік заман болған. Тынымсыз соғыстар, қырғын шайқастар, ала-пат айқастар жұртты мезі еткен. Сондықтан бейбітшілік халықтардың аңсаған арманы, абзал мұраты болған. Түрік қағандары сол бейбіт өмірді орнықтыруға күш салған. Осы бейбітшілікті орнату жолындағы күресте аты шыққан Күлтегіннің ерлігі ерекше екпінді ырғағы бар жыр жолдарымен баяндалатынын, оның 16 жастан 47 жасқа дейінгі, яғни өмірінің соңғы сәтіне дейінгі ерлік істерінің соншалық шабытпен жырланатынын Мұхтар Әуезов те аса үлкен толғаныспен атап өткен. (11 том) «Тоныкөк» жырында елдің береке бірлігінің ұйтқысы, ел басшыларының ақиқатшыл, асқан дарынды ақылгөйі Тоныкөктің тамаша тапқырлығы сөз болады. Халқымыздың ертеден ұтымды айтылған сөзге тоқтаған, даналық сөзді сыйлай білген қасиеті де айқын көрінеді. Онда өнегесі мол өсиетті, ұшқын атқан ұтқыр сөздер де көп кездеседі. Тоныкөктің, Күлтегіннің, Білге Бумын, Үстеме қағандардын үлгілі істерін тас жазуларда оны қашап жазғандар келешекке үлгі етеді. Жалаңаш халықты киіндіріп, өлімші халықты тірілтіп, кедейді бай етіп, аз халықты көп етіп, елге жақсылық ойлап, әлемнің төрт бұрышындағы жұрттарды бейбіт тату еткен қағандардың даналығын дәріптейді. Осы жазбалардағы елді, ерді, ел басқарған көсемдерді мақтап марапаттаудан сол тұстағы тұрмыс-тіршілікте өркениетті өмір салты, жоғары дамыған мәдениеттің нышандары болғанын айқын аңғарамыз.
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы мен дамылсыз дамуындағы оның ажарын ашатын, оқыған, білген адамына нәр дарытатын VІІ-VІII ғасырларда Сырдария бойын мекендеген оғыз қыпшақтар арасында пайда болып, сан ғасырлар бойы аса бағалы тарихи мәнін, көркемдік қасиет, сапасын жоймай, ауыз әдебиетінің асыл мұрасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа тарап келе жатқан шығармалардың бірі - «Қорқыт ата кітабы» (Китаби дедем Коркут).
Жұрттың жадында, халықтың аузында аңыз-әңгіме ретінде сақталып келген бұл кітаптың, қазір әлемде екі ғана қолжазбасы бар екені мәлім болып отыр. Ұзақ он екі жырдан немесе он екі оғыз-намеден тұратын «Қорқыт атаның оғыз тайпасы тіліндегі кітабының» бір данасы Дрезден қаласындағы кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорында, ал алты жырдан тұратын оның екінші қолжазбасы Италиядағы Ватиканның Аристолика кітапханасында сақталып келеді.
Қорқыттың кім болғанын түрік тектес, түрік тілдес халықтарда, оның ішінде иісі қазақта білмейтін кісі аз. Ол - сегізінші ғасырда Сыр бойында өмір сүрген атақты батыр, айтулы ақын, асқан күйші. Оның анасы оғыз, әкесі қыпшақ болған. Казақтардың бүгінгі қонысына иелік еткен бұл ұлыстар халқымыздың этникалық арқауы, алыстағы арғы ата тегін құрайтын қайнары болды. Оғыз тайпаларының сыр бойында ертеде Янги Кент, Узкент, Жент, Отырар, Шаршыкент, Сүткент деген кенттері олармен қанаттас көршілес жақын жатып ырысты ынтымақ, қызу қарым-қатынаста болған қыпшақ тайпаларының Сығанақ, Сауран, Түркістан сияқты қалалары қазақтың бүгінгі мдениеті мен салт-дәстүрінің алғашқы бастапқы үлгілерін өмірге келтірді. Осы қалалар мен кенттерде талай тамаша үздік, ақылды да білімді, өнерлі де өнегелі адамдар өмір сүрді. Солардың бірі Қорқыт еді. Ол Сырдарияның төменгі сағасындағы қазіргі Қармақшы ауданының жерінде болған Женкент қаласында дүниеге келіп, өсіп-өніп, тіршілік етіп керемет күй-жырларын, нақыл-ғибрат сөздерін шығарып, күллі адамзатқа өшпес ғұмыр іздеп желмаямен жер
жаһанды кезіп, еш жерде тұрақ тыныштық таппаған. Қайда барса да Қорқыттың көріне кездесіп, ақыры осы қалага оралып дүние салған. Көзі тірісінде атағы шартарапқа жайылып кейін оның аты аңызга айналады. Ол туралы аңыз оның дүниеге келмеген кездерінен басталады. Аңызда Қорқыттың ғазиз анасының құрсағында үш жыл жүргені айтылады. Жыл сайын толғатып жеңілдене алмай жүрген ана бойына бала біткеніне үш жыл толып, босанар сәті жеткенде, тер басып бойын кернегенде, жалбарынып төңірге көздің жасын төккенде, төңіректі қою қараңғылық қаптап, ызғырықжел соғып жерден, көктен, аспаннан селдетіп жауын жауады. Қара түнектен қаптаған қара жауынға ұшыраған қара таумен Сыр бойының ұштасқан жері содан бастап Қараспан аталған. Қорқыт туар кезде Қараспанды су алған, қара жерді күл алған, ол туарда ел қорқып, туғаннан кейін қуанған деп келетін жырлар соған орай айтылған. Үш күн бойы дамылсыз соққан дауыл, дүниені дүрілдеткен дүлей күш жер басқан тірі пенде мен жан-жануарды қатты қорқытқан. Осындай сәтте дүниеге келген сәбидін аты Қорқыт болған. Ол туғанда жайма шуақ жайдары күн шығып, қорыкқан жұрттың жүрегі орнына түскен. Міне, осылай басталатын Қорқыт ата туралы аңыз небір ғажайып жалғасын тауып айтыла береді, айтыла береді.
Осындай аңыздарға негізделген Қорқыт ата кітабы жай дүние емес, даналық шежіресі. Онда ертедегі оғыз қыпшақтардың күнделікті тұрмыс тіршілігі, қайғы қуанышы, қайырымдылық пен қаталдықтың, ерлік пен ездіктің, жақсылық пен жауыздықтың көріністері суреттеледі. Ғибрат аларлық үлгі етерлік жайлар сөз болады.
Қорқыт ата туралы Ватикан архивінде: «Расул пайгамбар (Мүхаммед пайғамбар) заманына жақын түста (VIII ғасырда) Баят (Сырдария) бойында Қорқыт, атты бір ер болыпты. Ол Оғыз ішіндегі барлық уәлаятты өзіне қаратып, неше бір ғажайып сөздер айтатын. Қорқыт ата Оғыз қауымының мүшкіл халі туралы сөйлер еді. Әрине, ісі болса жұрттың бәрі оның алдына келіп, кеңес сұрап, ол нені бұйырса, соны '' қабыл етер еді» - деген деректің бар екені 1980 жылы Стамбулда шыққан «Дада Қорқыт» кітабында келтірілген.
Қорқыт ата Инал, Құл еркін, Қанды қожа сияқты Алтай, Ертіс, Ұлытау, Кішітау, Есіл, Нұра, Сарысу, Талас, Сайрам, Сыр, Қаратау, Жетісу өлкелерін билеген хандарға ақылгөй уәзір болған. Ата-бабадан қалған қасиетті қонысты, межелі жер мен мекенді жаудан қорғау, жер-суды пайдалану, дау-жанжалды, таласты істерді ақылмен шешіп, қылмысты жазалау, әскер ісін ұйымдастыру, халық жиналыстарын өткізу, ас беру, той жасау сияқты істердің жөн-жосығын, тәртіп жоспарын белгілеуге Қорқыт ата мұрындық болған.
Халықтың зердесінде сақталған ел ішінде нақыл сөз болып тарап кеткен Қорқыттың асыл сөздері де көп. Олардың кейбірі халқы сүйіп қадірлейтін, сонынан жұрт ерген, өзі уәзір болып ақылгөйлік құрған хандарға арналған. Мәні мен мазмұнынын дұрыстығы мәңгі ескірмейтін бұл сөздерді жұрт бүгін де сүйсіне қайталайды.
Тәккапарлықты тәңірі сүймейді. Көңілі пасық ерге дәулет бітпес. Ескі темір біз болмас, тозған мата бөз болмас. Ежелгі жау ел болмас, еткен өмір оралмас, өлген кісі тірілмес. Есекті жүгендегенмен ат болмайды. Қорқаққа қылыш жұмсаудың қажеті жоқ. Ақын тілді, ат тұяқты келеді», - дейді ол.
Қорқыттың біраз сөздері ата-анаға, балаға, шыншылдыққа арналған. «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ананың көңілі балада. Жақсы ана үшін бала екі көздің сыңары. Ұлың өсіп жетілсе отбасының мерейі. Адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды қумаганы жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы», - дейді Қорқыт.
Қорқыт атаның жарасымдылыққа, келбет, көрікке байланысты айтқандары да көңілге қонымды-ақ. «Инабатты болса - әйел көрікті, ақсақалы жарасса - шал көрікті, сүйікті болса - ағайын көрікті, үлкен шаңырақтың жанында отау көрікті, жібек шатырдың жібі көрікті, өнегелі болса бала көрікті» - дейді ол.
Қорқыт ата әрқашан да ақиқатты ардақтай білуге үндеген. «Өтірік өрге баспайды» дейді ол. Өтірікші болғаннан өмір сүрмеген артық. Сөзіне берік, шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жылды үшке көбейтіп сонша өмір сүрсе де аз. Хан ием, сізге сансыз ұзақ ғұмыр тілеймін. Тәңірі сізді жаманшылықтан сақтап, бақ дәулетіңізді арттыра берсін!» - деп өзінің Миран әскер бекінісіндегі жазбалар» Британия музейінің кітапханасында сақтаулы тұрған мұра. Бұл да шамамен VIII ғасырдың алғашқы ширегінде жазылған деп есептеледі. Миран қолжазбаға қарағанда, үлкен айдау жолдың бойында орналасқандықтан, одан әскери және жай адамдар арнаулы рұқсат қағазбен өтетін болған. Сөйтіп бұл арадан өтушілер қолжазба кітапқа мұқият тіркеліп отырған. Сонымен бірге кітапқа бекіністе орналасқан түрік гарнизонындагы әртүрлі шендегі әскер адамдарына берілген қару-жарақтар, басқа да нәрселер жазылған. Бұл қолжазба шығыс Түркістан тарихына байланысты көптеген мағлұмат беретін маңызды мәдени мұралардың бірі болып саналады.
Жалпы алғанда «Қорқыт ата кітабы» мен «Оғыз наме» жырларының, сондай-ақ «Өсиет кітабы», «Миран әскер бекінісіндегі жазбалар» сияқты көне түрік мұраларының түрік тектес халықтардың оның ішінде қазақ халқының мәдени келбетін, ұлттық психологи-ясын қалыптастырудағы елеулі рөлі болғанын айтуымыз керек. Бұл туындыларсыз қазақ мәдениеті өзінің бүгінгі биік деңгейіне көтеріле алмас еді деген ғылыми қортындылардың дұрыстығына бас игіміз келеді.
3.Ежелгі қазақ жерін қоныс еткен түркі тілдес тайпалардан сақталған, өзгеріп жаңа мән-мағынаға ие болған, сөйтіп осы тайпалардан сұрыпталып шыққан қазақ халқының бүгінгі рухани болмысының сол бір алыста, артта қалған замандармен сабақтастығын дәлелдейтін - салт, дәстүрлер, наным-сенімдер аз емес. Солардың ішінде V-Х ғасырларда өмір сүрген түркі тілдес тайпалардың наным-сенімінің тәңірі діні мен күнге, айға, жерге, отқа табынумен байланысты болғанын айту керек. Осы өңірде болып, ондағы осы тайпалардың тұрмыс тіршілігін, рухани өмірін, наным-сенімін зерттеген Еуропа саяхатшысы Плано Карипини олардың шығып келе жатқан күн мен айға табынатынын өз көзімен көрген. «Қыпшақтардың діні туралы сөз қозғасақ, - деп жазған араб саяхатшысы ибн Аль-Асир, - олар шығып келе жатқан күнге табынады» (ТизенгаузенВ. Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды т. 1 спб, 1984, 76 бет).
Қазақта күн мен айдын құдіретті сұлулығы туралы аңыз әңгімелер аз кездеспейді. «Бір байдың Күн мен Ай деген екі сұлу қызы болыпты, - деп келеді солардың бірі. - Екеуі де бетінен нұры тамған теңдесі жоқ сұлу екен. Сөйтсе Ай Күнге қарағанда көріктірек болыпты. Күн сіңілісінің сұлулығын күндеп, бір күні Айдың бетін тырнап алыпты». Осы сияқты аңыз әңгімелер қазақтар арасында күні бүгінге дейін ұшырасады.
X ғасырда Еділ болғарларына келген араб елшісі Ибн Фадиан Маңғыстау түбегінде болғанда оның тұрғындарының басы ауырып, балтыры сыздаса, «бір тәңірі!» деп көк аспаннан көмек сұрайтынын байқаған. Мұсылман діні түркі тілдес халыктардың ресми дініне айналғаннан кейін де бұқара халық тәңірге табыну жоралғысынан бас тартпаған. Оның кейбір қалдықтарын халық арасынан қазір де байқауға болады. Шоқан «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген мақаласында әлемдік дүниені сүюді, табиғатқа деген шексіз махаббат пен адамдардын рухын қастерлеуді, аруағын ардақтауды шамандық деп атай-ды. «Шамандық діндегі адам, дейді ол, құдіретті күн нұрына қарап таңданды, осыншама жарықтың құпиясына түйсігі жетпей табынды, қара аспанға нұр сепкен айды көріп те табынды, ертедегі адам табиғаттың барлық құбылысына мінажат етті, өзінің ұғымы жетпейтін, уақыт сияқты мәңгі түсініксіз күштердің бәріне бас иді, көк аспанды, - көк тәңірі деп атады. Шамандық сенімнің дүниеге келуі жалпылай немесе жекелей табиғатты қадір тұту, қастерлеу болып саналады» (Ш. Уәлиханов, таңдамалы, Алматы, 1985, 170
бет).
Түркі тілдес халық тайпаларының сенім-нанымында шамандық елеулі орын алған. Шаман дегеніміз емші, тамыр ұстаушы, балгер, жын құрсанған бақсы. Оларды абыз деп те атаған. Бұл қобыз деген сөздің өзгерген түрі. Алтай, Ойраттарда қобызды шамандар тартады. Ал қазақта, оның алыстағы аталары, қыпшақта оны абыздар тартқан. Одан кейінгі олардың жын шақырып тартатыны - «Қорқыт күйі». Тыңдаған адамының сай сүйегін қозғайтын бұл күйдің шынында да шипалық касиеті бар ма деп қаласыз. Қорқыттан кейін өмір сүрген, аты әйгілі, киелі бақсылардың бірі Қойлыбай туралы да Қазақтар арасында аңыз көп. «Қойлыбай бар бақсының түп атасы, оқ тартар садағы іспетті» деп суреттейді оны Шоқан. Бірде ол қобызын аламан бәйгеге салған деген аңыз бар. Жүздеген сәйгүлік қосылған бәйге аттарының келе жатқанын көргенде қолына қанжарын алып әулие, пірлерін жәрдемге шақырып Қойлыбай сарнап қоя береді. Сол-ақ екен бәйге жақтан бір кара дауыл рып, отша лапылдаған аптап ыстық жел соғады. Бір кезде сол дауылдың артынан қалың қара кәрі, ат тұяғының дүбірі естіледі. Демде бәйге аттарының ал-дынан қар борандатып, алты құлаш тамырымен ала жібін сүйреткен алып ағаш көрінеді. Сөйтсе ағаш дегені Қойлыбайдың қобызы, дауыл мен желді суырып келе жатқан көкаман жынының екпіні екен деп айтылады аңыз әңгімеде.
Көл егесі Қамбар-ау Шөл егесі Қамбар-ау Қарағыма көз сал-ау, Рахым қылсаң құдай-ау! Сенен өзге кім бар-ау? Ғашықтардың пірі едің Ләйлі-Мәжнун Сәруар-ау! Сүрінсе қолдап алып жүр, Пәлекет келсе қағып жүр Қосақтап қойдай бағып жүр, Бір ғашықтың дертінен Қарағым менің неғып жур? Ғазіреті ер сұлтан Рахым қылып сен тұрсаң, Баба түкті шашты Әзиз Баламды Сізге тапсырдым. Бұл қисса біз сөз етіп отырған VІІІ-Х ғасырлардан кейін шыққан. Оны «алла», «құдай» деген кейінірек XIV ғасырларда ислам діні арқылы енген сөздерден аңғару қиын емес. Бірақ бұлайша мінәжат етудің тым ертеректен Тәңірі діні үстемдік етіп тұрған кездерден байқалып жалғаса бергенін айту керек.
Бақсы балгерлер ырым, әдет-ғұрыптарды уағыздаушы, орнықтырушы болды. Жақсылыққа бағыштайтын, жамандыққа ұрындыратын ырымдарды жұрттың санасына сіңіріп, халықты оның жақсысын мұқият сақтап, жаманынан жиреніп қашық жүруге шақырған. Шоқан осындай ырымдардың ондаған түрін келтіреді"Мәселен кем-кетік адамға садақаға киім-кешек бергенде оның бір түймесін үзіп алып қалу керек. Мал сатқанда бас жібін, жүгенін қоса беруге болмайды. Мал сойғанда қары жілікті тастамай сақтап қойса ол малды, үйді ұры-қарыдан сақтайды деген сенім болған. Үйге тамақ шайнап кіру жаман ырым, ондай адам аузындағысын есіктен аттатпай түкіріп тастау керек. Келген адамға есік ашуға болады, кетерде есікті келген адам өзі ашып шығуы керек. «Қонақтың, кел демек бар, кет демек жоқ» деп рұқсат сұрап кетуге өзі қамдануы осыдан болса керек. Қазақтардың бас киімді, пышақты сыйламауы, ешкімге бермеуі де ырымға жатады. Үкінің қауырсыны, тұяғы жын-періден сақтайды деген де сенім бар. Қазақтар кірпі тікенектерін бесікке байлап, сәбиді жын періден сақтайды. Бірқатар нәрселерді қазақтар киелі деп есептейді.
Солардың ішінде қазақтар мал сүйектерінің кейбіреулерін де киелі санап оларды бал ашу үшін қолданған. Мәселен жауырын сүйекке қарап болжау жасайды. Асықты да тек ойын үшін емес, болжам жасау үшін пайдаланған. Асық алшы, тәйкі, бүк, шік жатады. Оны әртүрлі ырымға бағыштайтын медет әр елде де болған. Бірде қалмақтар жауласамыз деп қазақтарға жалғыз асық әкеліп ишара жасайды.
Ұмай анаға табыну бірте-бірте өмірге шамандық таным-сенімді келтіреді. Оның көк тәңіріне сиыну сияқты қымбат маталар Қытай, Ферғана, Самарқандтан әкелініп тұрған. Әр түрлі түске еніп құбылып, көздің жауын алып тұратын торғын жібек, мақпал,қамқа, атлас маталарынан әйелдердің киімі тігілді. Гүлбаршын, Торғын, Жібек , Мақпал, Қамқа сияқты қыз балалардың есімдері де осы маталардың аттарынан алынды. Мұндай қымбат кездемелерден қағандар, олардың узірлері де киім тіктірді. Қағандар көк жасыл жібектен шапан киетін болған. Уәзірлер киімді басқа түсті матадан тіктірген.
4.Қысқы сыртқы киім мал терісінен, аң терісінен тігіліп, ол тон деп аталды. Қой, ешкі, қасқыр, қарсақ, түлкі терісінен тек тон емес, жейде, шалбарлар тігілді. Құлын терісінен жеңіл жарғақ істелді. Сырт киім көбінесе сол жағыиа түймеленетін болды. Етік тігу үшін сиыр терісінен жасалған былғары пайдаланылды.Оның тігісі сыртына қарап тұрды. Етіктер өкшелі және өкшесіз де болды. Әйелдерге арналып бекем етік деп аталатын қайқы тұмсықты сәнді аяқкиімдер тігілді.
Ер адамдар басына бөрік киді, қозы терісінен істелген бас киім, құндыз терісінен тігілген қамаш бөрік әрі жылы, әрі жеңіл болды. Башлық деп атала-тын бас киім киізден тігілетін болған. Ибн-Фадланның айтуынша, адамның басын, бетін түгел тұмшалап, бүркеп тұратын башлық астынан «адамның екі көзі ғана жылтырап көрінеді екен».
Киіз көшпелі тайпаларда тек киіз үй үшін ғана пайдаланылмай, сонымен бірге одан сырт киім де тігілетін болған. Араб жаһангері Ал-Якуби (IX ғасыр) ежелгі қазақ жерін мекендеген халықтардың киіз басу аса шебер болғанын, олардың бірсыпыра киімдерінің киізден тігілетінін таңдана жазады. Олар жұқа басылған киізден шидем деп аталатын жеңіл жол киімін тігіп киді. Қыста суықтан сақтайтын, жаз-да күн өткізбейтін шидемді қазақтар соңғы кезге дейін киген. Ежелгі қазақжерінің тұрғындары қысқы, жазғы киімге малдың, аңның терісімен бірге мақта, кендір, жүн маталарды пайдаланған. Олардың ұқыптылықпен істелген белге тағатын белбеуі болды. Кездеме матадан қайыстан істелген белге тағатын белбеулер, оған ілінген алтын, күміс, қоладан оймышталып жасаған тоғалары, салпыншықтары, бастырмалары тек белбеудің ғана емес, оны таққан адамның да ажарын
ашып тұрды. Бас киімнің, белбеудің, аяқ киімнің әсемдігіне далалықтар айрықша мән берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет