Көшбасшылық құрылымында үш негiзгi компонент кездеседi: көшбасшының жеке қасиетi; онда бар ресурстар мен құралдар; ол әрекет ететiн және оған ықпал ететiн ахуал /ситуация/. Бұл компоненттер көшбасшылықтың нәтижелiгiне тiкелей ықпал етедi.
Саяси көшбасшылық белгiлерi: өзiндiк бағдарламасының немесе жаңашыл стратегиясы мен тактикасының болуы;
қандай да бiр топтың көзқарастарын бiлдiре және қорғай бiлу;
бағдарламаларын iске асыру және өз қолдаушыларын жинау үшiн қажеттi сапалық қасиеттерiнiң болуы;
қажеттi саяси мәдениет деңгейi;
сол қоғам мен топта қалыптасқан моралдық нормаға жауап беретiн жетекшi имеджi;
танымалдылық;
көмекшiлер мен орындаушылар командасының болуы;
халық бұқарасының, ресми билiк құрылымының, немесе қоғамдық ұйымдардың белгiлi бiр деңгейде қолдауына ие бола бiлу;
өз жақтастары мен сайлаушыларына керек бола бiлу;
қоғам немесе өз тобы атынан сөйлеу бiлу.
4. Саяси көшбасшылықтың жіктелуі. Саяси көшбасшылықтың сипатын айқындайтын факторлар. Саяси көшбасшылықтың дамуындағы жаңа үрдістер.
Саяси көшбасшының классикалық типологиясын М.Вебер жасады:
дәстүрлi, адамдар көшбасшылыққа сол қоғамда үстемдiк етушi дәстүр мен әдеп-ғұрыппен байланысы арқылы ие болады;
рационалды-легалды, көшбасшы өз статусын белгiлi бiр саяси шараға /бюрократиялық/ немесе механизмге /сайлау/ қатысу арқылы алады;
харизматикалық, тұрғындар арасында беделiнiң болуы.
Американ зерттеушiсi М.Херманн саяси көшбасшылықтың кең тараған классификациясын ұсынды:
ту көтерушi
саудагер
қызметкер
өрт сөндiрушi
марионетка .
Саяси көшбасшының қызметтерi: қоғамды интеграциялау, бұқараны бiрiктiру;