Лекция Тақырыбы : Балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы. Қазақ балалар әдебиетінің дамуы



бет11/18
Дата14.10.2022
өлшемі0,65 Mb.
#152952
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
358648 2

8-дәріс
тақырыбы: Қазіргі қазақ әдебиеті және даму кезендері.
О.Бөкеев, Ә.Кекілбаев, еңбектері.

Жоспар:


  1. Халқымыздың қазіргі әдебиетке деген ынта – ықыласы

  2. Қазіргі қазақ әдебиетінің даму сатылары

60 — 90-жылдар — туған әдебиетіміздің ілгері карай ілкі қадам жасаған тағы бір сөтті кезеңі. Әдебиеттің барлық жанрында — проза мен поэзия, драматургия мен сында айтарлықтай жаңалықтар болды. Халқымыздың әдебиетке деген ынта-ықыласы өсті. Абай армандаған көкірегі шұғыла шашқан сауатты да білімді оқушы өмірге келді.
"Жұлдыз" сынды журналымыз бен "Қазақ әдебиеті" сынды газетіміздің, жаңа кітаптардың саны көбейіп, талғамды оқырмандардың саны көбейді.
Әдебиеттің саны ғана емес, сапасы да кұнарланды. Көпшілік шын өнердің шынайы қасиетін түсінді. Сөз өнерінің тақырыбы шексіз байып, шыншыл сипаты тереңдеп, шеберлік әлемінде жаңа деп байқалды. Роман мен әңгіме, хикаяттың, лирика мен поэманың, драма мен сынның ішкі құнарындағы өзгеріс жанрлар арасын жақындата түсті.
Көркем өнердің даму сатылары өз дәуірімен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық революция қоғамның үрдіс талғам-талабына ірі өзгерістер әкелді. Көркем өнердің көкжиегі кеңейе түсіп, эстетикалық және философиялық қағидамен байып, дүниетаным тереңдеді.
60—90-жылдары әдебиетімізде қандай өзгеріс-жаңалықтар болды, туындылардың өзіндік сипаты кандай еді?
Соңғы ширек ғасыр ішінде әдебиетіміз дүние жүзі мәдениетінің жетістік-жемісін бойына сіңіре отырып, көркейді — әлемдік эстетика мен көркем ой да айтарлықтай дамыды. Қазір туған әдебиетімізге жұмыр жердегі барлық құбылыс, барша тартыс-күрес тақырып болып отыр. Көркем шығарманың азаматтың әуені артып, көркемдік қуаты өсті. Қазіргі әдебиеттегі жемісті беталыс — шын өмірдің шыншыл бейнесін жасау, тіршілік иіріміне бойлау, зерделі ой түйіндеу, жеңілдіктен, біркелкіліктен (стандарттан) іргені аулақ салу, тіл кестесін құнарландыру — осынау шынайы ізденістен туған әдебиетіміздің жасыл құрақтай жайқалары талассыз. Көркем сөздің эстетикалық әсері мен тәрбиелік мәні өсті — жақсы кітап қолымыздан түспейтін жан азығымызға айналды.
Алдыңғы катарлы адамзаттың көркемонермен байланысы — әдебиеттің гүлденуінің басты бір шарты. Классикалық құнарлы әдебиет дәстүріне иек арту айтарлықтай жетістіктерге жеткізеді.
Қазіргі қым-қуыт жағдай әдебиет әлеміне айтарлықтай өзгеріс әкелгені сөзсіз. Бірақ уақыт өткен сайын өркениетті еліміздің өз қалауына жетері талассыз — өнер өз орнында шырақтай жанары да күмән келтірмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет