Лекция Тақырыбы : Балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы. Қазақ балалар әдебиетінің дамуы



бет2/18
Дата14.10.2022
өлшемі0,65 Mb.
#152952
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
358648 2

Лекция-2
Тақырыбы: Қазақ халқының ауыз әдебиет үлгілері.
Фольклор туралы жалпы түсінік. Фальклордың зерттелуі.
Жоспар:
1. Балаларға халық ауыз әдебиетінің мақал-мәтелдерін таныстыру.
2. Мақал мен мәтел, нақыл сөздер – тәрбие құралы.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қ. Жұмалиев. «Әдебиет теориясы» А. 1974ж.

  2. Ш. Ахметов. «Қазақ балалар әдебиеті» А. 1976ж.

  3. Ғ. Мүсірепов «Қазақ халқының ауыз әдебиеті». А. 1974 ж.

  4. Х. Суйіншәлиев. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері».

Тапсырмалар: 1.Даналық сөздердің тәрбиелік мәні.


2. Мәнерлеп оқудың әдіс-тәлдерін анықтау.
3.Сөз мәнерлілігінің ерекшеліетері.
Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне ауыз ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Ең алдымен, әдебиеттік жағынан алғанда, мақал үлкен. толғау образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып келеді. Ол адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық оқиғада кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні оларға берілген даналық баға, тұжырымды түйіи есебінде қолданылады. М. Горькийдің «Мақал мен мәтел еңбекші халықтың тарихын, әлеуметтік өмір тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде айтып береді»,— деуі осыдан.
Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына үлкен уақиға, мәнді әңгіме себеп болған. Мақал соларға берілген баға, жасалған қорытынды, яғни «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» есебінде жүреді. Халық аз сөзге көп мағына сыйдыра отырып, өзінің өмірінде көргендерін, бастан кешірген кезеңдерін, алған тәжірибелерін мақал арқылы айтып береді. Бұл жағынан алғанда, көптеген мақалдар ақыл-өсиет, нақыл сөз есебінде қызмет атқарады.
Мақалды тудырушы — еңбекші халық. Ол халық данышпандығының алтын қазыналы мұрасы болып табылады. Бұдан, әрине, барлық мақалды халық шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді, мақал да таптық ой-санадан, таптық көзқарастан туған. Мақалдарды үстем тап та шығарып, оған таптық идеясын қосқан, идеологиялық құрал еткен. Мәселен, «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін», «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас», «Алтын басты әйелден, бақа басты бала артық» деген сияқты үстем тап адамдары шығарған мақалдар халықтың тілегіне, көзқарасына мүлде жат, жанаспайды. Сондықтан оларды еңбекші халық қабылдамаған. Мақалдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне, еңбегі мен тәжірибесіне байланысты туғандықтан, оның тақырыбы да орасан көп. Бұл ретте мақалға қосылмаған нәрсе жоқ деуге болады. Халықтың тұрмыс – тіршілігі, әдет-ғұрпы мен салты, дүние танудағы көзқарасы, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен қайғысы, айтатын ақыл - өсиеті, үйрету мен үкімі, қысқасы халық өмірінің барлық жақтары — мақалдардың басты тақырыбы болып отырады.
Халық мақалдарының тақырыбы өте көп.Солардың ішінде ең күрделі бір саласы адам баласының арналған. Бұл тектес мақалдардан халықтың еңбек жайындағы көзқарасы байқалады. Еңбек адамды мақсат-мұратқа жеткізуші, абырой әперетін іс екендігін халық мақалдары арқылы дәлелдеп көрсетеді. - «Еңбегі бардың — өнбегі бар», «Еңбек түбі мереке» деп, халық адал еңбекті ардақтайды. Дүние — байлық, шат өмір еңбек арқылы болатындығын, адамды тек еңбек қана қатарға қосатындығын суреттейді. Еңбек етпеген адамды, жатып ішер жалқауларды халық өзінің мақалы арқылы сынға алады, теңейді. Бұған «Еңбегі аздың — өнбегі аз», «Еріншектің ертеңі таусылмас» деген мақалдарды келтіруге болады.
Мақал-мәтел, нақыл сөздер — халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына жасаған бақылауларынан туған дана сөздері. Бұларды педагогтар балаларды жан-жақты дамыту құралы ретінде пайдалануына болады. Мысалы, бақшадағы балалардың ойын, еңбек про-цесінде бір-бірімен келісе алмай, педагогке шағым жасайтын кездері болады. Мұндайда педагог баланың шағымын мұқият тыңдап алып, «Шағым жасау — шалдуарлық» деген мақалды естеріне түсіреді әрі бала өзінің теріс іс істеп тұрғанын сезінетіндей үн ырғағын, дауыс екпінін өзгерте айтады. Балалардың іс-әрекетіне тұжырым жасау, ескерту ретінде «Тентектіктің дәлелі көп» деген сияқты мақал-мәтелдерді айтуға болады.
Осы мақсатты көздей отырып, төменде біраз мақал-мәтел, нақыл сөз үлгілерін педагогтардың мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында пайдалануына ұсынып отырмыз. Педагог ауыз әдебиетінің осы үлгілерін тақырып-тақырыпқа бөліп, тәрбие ісінде орынды қолдана білгені жөн.
Туған жердей жер болмас, Оқу - білім бұлағы,
Туған елдей ел болмас Білім - өмір шырағы

Отан оттан да ыстық Күш - білімде.

Бірлік болмай, тірлік болмас Еңбек ерлікке жеткізер.

Ынтымаң түбі - игілік.


Тірлік, тірлік түбі - бірлік.

Мақал мен мәтелдер көбінесе сабырлы салмақты ырғақпен, өлеңдік өрнекпен де шешендік тілмен, қара сөзбен нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері. Мақал, негізінен екі құралады. Бірінші бөлімде пайымдау екінші бөлімде ой қорытындысы айтылады. («Еңбек етсең, емесің»). Тура мағынада («Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»), ауыспалы мағынада («От жақпаған үй — қорамен тең, адам кірмеген үй — моламен тең») қолданылатын мақалдарды, көбінесе халық шығарған. Жыраулар мен ақындар, ел басылары, батырлар, зиялы адамдар шығарған (авторы белгілі) мақалдар мен мәтелдер де баршылық.
Мәтелдер, негізінен, тұжырымы тұспалдау, елеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады («Өлең — сөздің патшасы»), «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда»), т. б.
Мәтелдер де тура мағынада («Қадіріңді білгенге жұмса») және ауыспалы мағынада («Тікен гүлін қорғайды») айтылады.
Қазақ халқы — сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне парықтап пайдалану — дәстүрге айналған. Әсіресе, қариялар мақалдап, маңызды сөйлеуді — борышым деп санайды. Мақалсыз, мағынасыз сөйлеген қарт адамның сөзінің қадірі шамалы сияқты көрінеді.
Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, инабаттылықты қамтиды. Мысалы:
Туған жерге туыңды тік,
Ит туған жеріне,
Ер туған жеріне.
Өз үйім — өлең төсегім
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Отан — оттан да ыстық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет