11-лекция
Тақырыбы: Қазақ лирикасы түр, стиль, көркемдігі жағынан түрленуі.Қ.Аманжолов, М.Мақатаев,Ә.Тәжібаев т.б. лирика майталмандары
Жоспар:
1.Қазақ лирикасының дамуы.
2.Қ.Аманжолов шығармаларының көркемдік ерекшелігі.
3.М. Мақатаев, Ә. Тәжібаев лирикаларының тәрбиелік мәні.
Пайдаланған әдебиеттер
Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Алматы, Қазақ университеті, 2003.
Аманжолов Қ. Өлеңдер жинағы.
Х. Сүйіншәлиев Қазақ әдебиетінің тарихы
Мазмұны: Отан соғысы жылдарынан кейін балалар әдебиеті тақырыбына жазылған шығармалар нақтылы оқиғаның негізіне құрылған. Мұндай шығармалар балаларға оқиғасының әрі қызықты болуымем әсер етеді, неміс фашистерінің хайуандық, опасыздық істеріне жандары төзбей, ашу-ызаларын төгеді. Жағымды кейіпкерлерге жаны ашып, майданның алдыңғы шебіне кеткендегі опық тағдыры не болар екен деп, абыройлы оралуына тілектестік білдіріп, оқырманның өзін патриоттық рух билеп отырады. Сондай тақырыптарда бірнеше шығармалар жазған көрнекті қаламгерлеріміздің бірі Қасым Аманжолов.
Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында1911 жылы туды.Ата-анадан жастай жетім қалған Қасым Семейге барып интернатқа орналасады. Ол 1927 жылдан бастап Семейдегі мал дәрігерлік техникумында оқиды. 1930 жылы Қасым Алматыға келіп, «Лениншіл жас» газетінде қызмет істейді. Біраз уақыт Ленинградтың орман шаруашылығы инстнтутында оқыды. Бірақ денсаулығына және оқи бастаған мамандықтары ұнай қоймауына байланысты оқу орындарын тамамдамаған.
Ақын көп өлеңің майдан өмірін және майдангерлерді суреттеуге арнайды. Олардың қатарында «Қанкүйлы жау», «Отан соғысы туралы жыр», «Үстімде сүр шинелім», «Май майданда», «Подполковник Альпинге», «Мартбек», «Жеңіс даусы», «Сен фашиссін, мен қазақпын», «Қызғалдақ» секілді жақсы өлеңдер бар. «Байқал», «Орал», «Ертіс», «Сарыарқа», «Сібір» секілді өлеңдерін Отан жерінің тұлғалы орындарына арнанды. Майданда, арпалысты күресте жүріп ақын дағдылы от басын, көңілдес достар сағынды. Ол Бейбіт өмірді , тыныштыұқты , көңілдес жандарымен кеңесіп, кейде өлең жайлы пікір шерткен сағаттарын еске алады. Өмір туралы , бүгіні мен болашақ жайлы ақының «Достар , қайда жүрсіңдер?», «Елге хат», «Ғалиге», «Сәбмтке», «Қапанға» , «Еркін ініме», «Абайға» секілді өлеңдері туады.
Ақынның өлендері 1946 жылы «Гроза» деген атпен, 1949 жылы «Стихи» деген атпен жеке кітап болып орысша басылды. Осы жылдарда ақын Пушкиннің «Чаадаевқа», «Еркіндік» өлеңдерін, «Полтава» поэмасын, Лермонтовтың, «Тұтқын», «Ақын ажалы», «Қанжар», «Теректің сыйы», «Желкен» өлеңдерін аударған.
Бұл тұста акын сатираға біраз бет бұрды.. 1949—1950 жылдары қырық шақты өлең жазған. Олардың қатарында «Трумэнге», «Аденауэр», «Бактерия қоролы», «Дүние сыймас бомбаға», «Дүние дұшпандарына» атты сатиралық өлеңдері бар. Бұл кезде Қасым бейбіт өмірді өркендеткен өз еліміз туралы «Қуанышқа», «Бақытқа», «Отыз үш жыл», «Қазақстан коммунистеріне», «Аралым, айдын шалқарым», «Есімде Эмба өзені», «Сырдария аңызы», «Коммунизм көктемі», «шықты егінге колхозшылар», «Жылқышы», «Күн көтерген қарындас», «Комсомолдар колоннасы», «Жастық жыры» сияқты бейбіт өмірді көркейтуші еңбеккерлерді жыр ететін өлеңдер жазады. Ақын «Біздің, дастан» поэмасын жазу үстінде болады. Осы мезгілде ол тәжік ақыны Миршакардың «Алтын қыстақ» поэмасын қазақшаға аударады; әдебиет жайында пікірлер толғап, Иса туралы баяндама жасайды, жастар творчествосын сөз етіп мақала жариялайды.
Ақынның бірсыпыра өлеңдері Оралдық облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде жарияланған. 1938 жылы Қ. Аманжоловтың «Өмір сыры» атты тұңғыш өлеңдер жинағы шығады. Бұған оның ақындық сапарының алғашқы жылдарындағы жырлары енеді. Бұлардың кейбіреулері жалынды, жатық жазылғанымен жалпы алғанда, жинақтағы өлеңдер сол тұстағы өзге көп өлеңдерден ерекшелене қоймайтын. 1938 жылы майда Жамбыл творчествосының 75 жылдығында Қасым өзінің «Жамбыл тойында» деген поэмасын оқып берді. 1938 жылы Қасым Көкшетауды, Баянауыл жақты аралайды, Бурабайда болады, Біржанды, Балуан ІПолақты көрген Ысқақ Смайыл деген қарттармен әңгімелесіп, әннің думаны Біржан салдың, халық балуаны және өнерпазы Балуан Шолақтың өмірбаяндарын сұрап қанады.
1939—1941 жылдары Қасым творчествасында елеулі өзгеріс басталады. Бұл жылдары ол «Ленин және дүние», «Нар тәуекел», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Заула, заула, Түрксиб», «Сұлтанмахмұт туралы баллада», «Ғашық едім қайтейін», «Сонет», «Жолдас маршал» өлеңдерін жазды. Осы кез — ақынның Маяковскийден батыл үйренген кезі. 1941 жылы ақын бір топ өлеңін «Бар дауыспен» деген атпен кітап қылып шығарады. Кітаптың аты — автордың Маяковскнйге бас нитініне, оны өзіне ұстаз тұтатынына жанды айғақ. Бұл кезде ақында түр, өлеңнің ырғағы, үнділігі жғынан іздену көп. Ақын қаламынан лирикалық өлеңдермен жарыса, «Құпия қыз», «Бикеш» (алғашқы аты «Азғынбаев») поэмалары туады.
Қасым Аманжолов Ұлы Отан соғысы майданына аттанар алдында «Мазасыз музыка», «Армиясы Ленниншіл», «Бейсекештің бес ұлы», «Қоштасу» атты лепті сезімге толы патрмоттық өлеңдерін жазады. Ақын, әскери қызметті 1941 —1943 жылдары Қиыр Шығыста атқарған еді. 1943—1945 жылдары ол қанды майданда жауынгер болады. Қасым манданда ара-тұра үгітші болады, декламаторлық жасайды, сауыққойлар концертіне қатынасады. Жауынгерлік үлкен міндетін жан аямай-ақ атқарған Қасым майданда абыройлы болады, партия мүшелігіне өтеді. Ақын таланты майданда қанаттанып, творчестволық жағынан күрт көтеріле өседі.
Ақын көп өлеңің майдан өмірін және майдангерлерді суреттеуге арнайды. Олардың қатарында «Қанкүйлы жау», «Отан соғысы туралы жыр», «Үстімде сүр шинелім», «Май майданда», «Подполковник Альпинге», «Мартбек», «Жеңіс даусы», «Сен фашиссін, мен қазақпын», «Қызғалдақ» секілді жақсы өлеңдер бар. «Байқал», «Орал», «Ертіс», «Сарыарқа», «Сібір» секілді өлеңдерін Отан жерінің тұлғалы орындарына арнанды. Майданда, арпалысты күресте жүріп ақын дағдылы от басын, көңілдес достар сағынды. Ол Бейбіт өмірді , тыныштыұқты , көңілдес жандарымен кеңесіп, кейде өлең жайлы пікір шерткен сағаттарын еске алады. Өмір туралы , бүгіні мен болашақ жайлы ақының «Достар , қайда жүрсіңдер?», «Елге хат», «Ғалиге», «Сәбмтке», «Қапанға» , «Еркін ініме», «Абайға» секілді өлеңдері туады.
1944 жылы ақынның «Абдолла» деген атақты поэмасы жарияланды. Бұл поэма әдебиетімізде жаңа белес болды. Майданнан Қасым үш жүйе үлкен жеңіспен қайты. Бірінші, ол Советтік ұлы армия құрамында қанқұйлы фашистерді талқандау күресінің жуан ортасында болып, жеңіске жетті; екінші бұрын бейбіт жағдайда көп уақытын әдеби әдемілік іздеуге сарп етіп жүрген ақын майданның алғашқы күннен бастап жорықтың жүгірінсінде , окоптың түбінде аялдаған жерде қағазды тізесіне қойып отырып жазды. Кейде сөйлемді бастап үлгеріп , аяқтай алмай жүгіріп кетіп, соның біраз уақытын немесе біраз күннен кейін тәмамдаған күндері болды. Қасым оған моығн жоқ. Ұрыс майданының қтал өсмірі әр майдангерді солардың қатарында Қасымда көп қиындыққа ұшырады. Үшінші жеңісі, Қасым ғажайыбы –маданда жұрттың бәрі ақын болып кетті. Мвйданнан қайтқан талайлардың өлеңге толы қалың-қалың дәптерлерін көрдік. Оның себебі: өлім мен өмірдің арпалысы адамның сезімін, ой-санасын, қиялын ұштады.
Ақын өлеңдері шыншыл да сыршыл. Қасым «Ғалиге» жауабында»:
Ажалдың мен бе көнер дегеніңе!
Келермін, күшті достар, еліме.
Біреулер жанырмнан жанымды ұғып,
Біреулер қарар ескі шинеліме,-
Майданнан қайтқан бетінде Қасым журнал редакциясында істеді, жаңа шығармалар жариялады. Мәселен, 1946 жылы ол 26 өлең жазады, «Бикеш», «қытай қызы» поэмаларын жөндейді, «Боран» поэмасын (боран мен техника адамдары туралы) жазуға кіріседі. Бұл жылы жазғандарынын, ішінен «Достар», «Туған жер», «Бөбегімін Лениннің», «Құрбыма», «Сауыншы жеңгейдің, жыры», «Май келді», «Домбыра», «Дариға, сол қыз», «Астық пен бастық», «Ақындар бес жылдығы», «Күйім тасып барады, күйім тасып», «Экспромт» атты өлеңдері дарындылығымен ерекше көзге түседі. Бірақ 1947 жылдан бастап Қасым ауруға шалдығады. Ауру айықпай, ақынның, денсаулығы біртіндеп кеми береді.
1947 жылы ақын он шақты өлеқ жазады, «Біздің дастан» поэмасын бастайды, Лермонтовтың «Маскарадын», Твардовскийдің
«Василий Теркинін» аударады.
1948 жылы Қасым қаламы құнарлы болып 31 өлең жазады,
«Дауыл» жинағын шығарады. Оқушы және әдеби жұртшылық
жинақты жоғары бағалап, жылы қарсы алады. «Социалистік
Қазақстан» газетінде Ә. Тәжібаевтың жинақты жоғары бағалайтын «Дауылды жырлар» деген мақаласы жарияланады.
Ақынның өлендері 1946 жылы «Гроза» деген атпен, 1949 жылы «Стихи» деген атпен жеке кітап болып орысша басылды. Осы жылдарда ақын Пушкиннің «Чаадаевқа», «Еркіндік» өлеңдерін, «Полтава» поэмасын, Лермонтовтың, «Тұтқын», «Ақын ажалы», «Қанжар», «Теректің сыйы», «Желкен» өлеңдерін аударған.
Бұл тұста акын сатираға біраз бет бұрды.. 1949—1950 жылдары қырық шақты өлең жазған. Олардың қатарында «Трумэнге», «Аденауэр», «Бактерия қоролы», «Дүние сыймас бомбаға», «Дүние дұшпандарына» атты сатиралық өлеңдері бар. Бұл кезде Қасым бейбіт өмірді өркендеткен өз еліміз туралы «Қуанышқа», «Бақытқа», «Отыз үш жыл», «Қазақстан коммунистеріне», «Аралым, айдын шалқарым», «Есімде Эмба өзені», «Сырдария аңызы», «Коммунизм көктемі», «шықты егінге колхозшылар», «Жылқышы», «Күн көтерген қарындас», «Комсомолдар колоннасы», «Жастық жыры» сияқты бейбіт өмірді көркейтуші еңбеккерлерді жыр ететін өлеңдер жазады. Ақын «Біздің, дастан» поэмасын жазу үстінде болады. Осы мезгілде ол тәжік ақыны Миршакардың «Алтын қыстақ» поэмасын қазақшаға аударады; әдебиет жайында пікірлер толғап, Иса туралы баяндама жасайды, жастар творчествосын сөз етіп мақала жариялайды.
1949 жылы ақынның «Балбөбек», 1950 жылы «Нұрлы дүние» атты жинақтары жарияланады, 1952 жылы «Таңдамалы шығармалары» кітап болып басылады.
Жыл сайын Қасымның сырқаты ауырлай береді, жазуы да бұрынғыдан шағындала түседі. Сөйтіп, Қасым Аманжолон 1955 жылдық 17 январында қайтыс болды.
МАҚАТАЕВ Мұқағали(Мақаметқали) Сулейменұлы (9.2. 1931, Алматы обл. Райымбек ауд. Қарасаз а. — 27.3.1976, Алматы) — ақын. Әкесi соғыста қаза тауып, анасы мен әжесiнің тәрьиесінде өстi. 1948- 49 ж.ҚазМУ-дың филол. ф-тiнде окыған. К.Маркс атынд. кеңшарда (қазiргi ‘Те-кес”) ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мүғалiм болды. 1952 - 69 ж. Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тiлiнiң мұғалімі. Қазақ радиосында диктор, Шалкөде а-нда Қызыл отау меңгерушiсi, Нарынкол ауд. “Советтiк шекара” газетiнiң (қазiргi “Хан-теңiрi”) жауапты хатшысы, “Социалистiк Қазақстан (қазiргi “Егемен Қазақстан») газетiнде, “Мәдениет жене тұрмыс (қазiргi “Парасат”), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер, Жазушылар одағында поэзия бөлiмiнiн кеңесшiсi қызметтерiн атқарды. 1970 ж. Жазушылар одағына мүшелiкке қабылданып, 1973- 74 ж. Мәскеудегі Әдебиет жене өнер институтында оқыды. Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала- Әкiтай” ауд, “Советтiк шекара” газетiнде жарияланды (1949). “Iнiмнiң ойы”, “Шебер” өлеңдерi “Жастық жыры” атты жинаққа ендi (1951). Алғаш М. талантын бағалаған Ә. Тәжібаев: “Өзiңнен де жiгерлiлеу, оттылау жас жеткiншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген едi (“Қазақ әдебиетi”, 18.3.1960). М -тың “Ильич”, “Ак қайың әнi”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қарындастар, кош болыңдар”, “Чили-шуағым менiң”, “Шекарада”, “Большевиктер”; “Өмiрдастан”,
“Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, сғган айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын “Жер үстiнен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирик, өлеңдерiнде адам өмiрiнiң мәні әсемдiк пен сұлулық, тазалық, ерлiк, елдiк, туған жер турасыда терең толғаған. Ақын өмiрiнiң соңгы кезеңінде жазған “Моцарт. Жан азасы” реквиемi пәлсапалық мазмұны, психол. тiнi өзгеше туынды. “Табыт үнi”, “Халық үні “Жесiрлер үнi”, “Бесiк жыры” аталатын 4 бөлiмдi туындының әрбiр бөлiмiнде бiрде табыт, бiрде жесiр-Ана, бiрде Жер Бесiк атынан Өмiр мен әлiм туралы философ. пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тiлге тиек ете отырып, өмiр туралы өз жанының
оптимистiк рухын, әрбiр адамның жан түкпiрiндегi арман-әнін жеткiзедi. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезiм, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы; “Мен жырламаймын, Сырласамын. Сыры бiр замандаспен мұндасамын. Көгенден жыр қосағын Келмейдi жыр жасағым” немесе “Тiптi де мен еместі “Мен” дегенiм... Өзгенiң жаны-сырын үгу үшiн, Өзiмдi зерттегендi жөн көремiн” дейдi. Мұқағали шығармағының тiнi “өзiн-өзi” зерттеуден тұрады. М-тың медитативтi лирикасындағы лирик. Мен — өзiн-өзi iздеген, өмiр мен өлiм, адам мен қоғам ғаламнан үйлесiмдiлiк iздеп шарқ ұрған, толассыз iзденiстегi пәлсапашыл Мен. М. шығармаларында философ. тереңдiк, адамның психол. жан күйзелiсiн суреттеу, медитация басым. “Өмiрдастан” атты топтамалы толғауында жесiр жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмiрi мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар-намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз күрес психол. шиеленiс арқылы шебер жеткiзiлген. М-тың шеберлiгi өзi өмiрден көрген- білгенін көңiл елегiнен өткiзе терең жеткiзуiнде. Имандылық, ислам дiнi турасында “Я, Жаратушы Аллам”, “Сатқан емен”, “Дiн-ғылымның анасы”, “Я, Алла”, “Бүкiл дүние мұсылмандарына хат”, “Адам қайдан жаралған”, “Жүрек арызы”, “Күн батты, мiне, кеш кiрдi”, “Не керек, осы, адамға”, т.б. өлеңдер жазды. “Сатқан емен, сатпайтын дiнiмдi мен”, “Мұхаммедтің үмбетi-мусылманмын”, “Сайтанның да, күнәсіз перiштенiң, Бал мен уын талғамай неге iшкенмiн. Перiштенiң қайғысын бөлiспедiм, Сайтанменен болса да келiспедiм” секiлдi жыр жолдарында адам табиғатына сай тартыс, пенденiң жан тылсымындағы жұмбақ қақтығыстар көрiнiс тапқан. Ол әсiресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды (“Тауда өстiм”, “Тау бiр аңыз”, т.б.). “Өлмесiн деп берген ғой тауды маған, Мен күңiренсем, күрсiнiп тау жылаған”. Ол қазақ өлеңiн мазмұн, пiшiн жағынан түрленттi. “Қазақтын қара өлеңi құдіретім онда бiр сұмдық сыр бар естiлмеген” дейдi ақын М. дәстүршіл ақын ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгiздi. М. поэзиясы ұлттық характерiмен, мiнезiмен ерекшеленедi: “Су сұрасам, сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем”. Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған: “О, Муза, маған алыс сөрендi бер, Ғайыптан кел де, менi демеп жiбер”. М. адам жанының диа-лектикасына терең бойлап, оның болмысын шынайы бедерлейдi (“Жапырақ жүрек-жас қайың”). Ол “Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы кажет. Поэзияда философ болу өзiн қоршаған әлемдi ұғыну, әр заттың мәнін бiлу, ақырына дейiн “адам жанының инженерi болып қалу” дегендi ұстанды (Күнделiк, 10.2.1976). Ақынның шеберлiгi өмiрден өзiн, өзiнен өмiрдi көре бiлуiнде. “Букiл менiң жазғаным бар-жоғы бiр ғана бүтiн поэма. Адамның өмiрi мен өлiмi, қасіреті мен қуанышы туралы поэма” дейдi ақын М-тың адамзат ғұмыры мен әлем сырын жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетiне қомақты мұра боп ендi. М. поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Қаламгердің “Қош махаббат” жинағына (1988) әр жылдары жазылған «Құлпытас» “Марусяның тауы”, “Өзгермептi”, “Әже”, әңгiмелерi, “Қос қарлығаш “Жыл құстары повестерi мен “Қош, махаббат” пьесасы, бiрнеше сыни еңбектерi енген. “Рух және сезiм” , “Сезiм найзағайы”, “1969 жылғы қазақ поэзиясы” атты әдеби сын еңбектерiнде О.Сүлейменов, М Әлiмбаев, Қ Мырзалиев Ж Нәжімеденов С. Мәуленов т.б. шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия туралы ой толғайды. Ақынның көзi тiрiсiнде З аударма кiтабы У,Уитмен, “Шөн жапырақтары (1969); У.Шекспир, “Сонетгер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлiмi (1971), 8 жыр жинағы “Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым келдiң бе?’ (1968) “Мавр (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менiң” (1975), “Өмiрдастан” (1976) жарық көрдi. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннiң бiрнеше өлеңдерiн аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлендерi “Зов души” деген атпен орыс тiлiнде басылып шықты (1981, 2001). Шығармалары өзбек, қырғыз т.б. тiлдерге аударылған. Ақынның әдеби мұрасын зерттеуде З канд. дисс. қорғалып К. Сейтова “Мұқағалидың ақындық мұрасы” (1991), К.Хамидуллаев “ Мұқағалидың ақындық шеберлiгi” (1993), тiл бiлiмiнде З.Қазанбаева “М. Мақатаев лирикасының грамматикалық ерекшелiктерi”( 1999), шығарма. турасында 700-ге тарта ,еңбек (мақала, естелiк-эссе, роман, поэма, олең, т.б.) жазылған. М. қайтыс болғаннан кейiн ҚР Жазушылар одағы М. атынд. әдеби сыйлық тағайындады (1985), оған ҚР Мемл. сыйл. (1999), Ғасыр ақыны атағы берiлдi. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның туған жерiнде мұражайы ашылды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында М-қа арналған ескерткiш бар. М. өлеңдерiне Н.Тiлендиев, Д.Рақышев Ш.Қалдаяқов .І Жақанов А.Қоразбаев Т.Рахимов, М.Рүстемов, Т.Мұхамеджанов Ә.Тiнәлиев Б. Оралұлы Т.Досымов, т. 6. сазгерлер ән жазды.
Әбділда Тәжібаев (1909-1998) - көрнекті ақын, драматург, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келген.
Қызылорда қаласындағы жетім балалар интернатында тәрбиеленген. Одан кейін Шымкенттегі жеті жылдық мектепте оқыған.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген.
Еңбек жолын 1926-1928 жылдар аралығында «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде пошта тасушы, содан кейін корректор болып бастаған. 1927 жылы «Жұмысшының гудогі» атты тұңғыш өлеңі «Жұмысшы» газетінде басылады. Әрі қарай өлеңдері «Жұмысшы» және «Еңбекші қазақ» газеттерінде шығып тұрған. 1932-1934 жылдары Қарсақбайдағы «Қызыл кенші», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеттерінде редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Жиырма бес жастағы Ә.Тәжібаев 1934 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының хатшылығына, ал 1939 жылы оның төрағалығына сайланған.
30-жылдары ақынның «Жаңа ырғақ», «Лирикалар» деп аталған тұңғыш жинақтары жарық көреді. Белгілі «Оркестр», «Абыл», «Толағай» сынды романтикалық поэмалары мен М.Әуезовпен бірігіп жазған «Ақ қайың» деп аталатын тұңғыш пьесасы да сол жылдардың жемісі. Қазақ әдебиетінің сол кездегі маңдай алды таланттарының біріне айналған Әбділданы дарын сырын танығыш көреген М.Әуезов: «Қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізіп келе жатқан ақын» деп бағалаған.
Ә.Тәжібаев халықтық аңыздар мен сюжеттер негізінде жазылған «Мерген», «Кілемшілер туралы ертегі», «Аққу» «Күй атасы», тағы басқа біршама поэмаларды дүниеге әкелген. 1945-1948 жылдары Қазақ ҚСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының Жамбылтану бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1948-1958 жылдары шығармашылықпен айналысып, 1958-1960 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1960-1962 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының екінші хатшысы, 1962-1984 жылдары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты театртану бөлімінің аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1963 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болып сайланған.
1964 жылы ақынның «Жүректілер» атты пьесалар жинағы жарыққа шыққан. Бұл еңбекте «Майра», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен солдат», «Монологтар» сияқты драмалық туындылары, «Той боларда», «Дубай Шубаевич» тәрізді комедиялары жинақталған.
Оның «Өмір мен поэзия» «қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты монографиялық зерттеулері, көптеген сын мақалалары жарияланған. Ол «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты зерттеу еңбекті құрастыруға қатысып, соңғы басылымының редакциясын басқарған.
«Жылдар, ойлар» атты еңбегінде Жамбыл, Нұрпейіс, Иса ақындар мен М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Жұбанов, тағы басқа әдебиет және өнер қайраткерлері жайлы естеліктерін жариялады. «Жаданның хаттары», «Хаттар сөйлегенде», «Өмір мен ерлік» атты сын, эссе, прозалық кітаптарында әдебиет пен өнерге қатысты толымды пікірлер айтқан.
Ә.Тәжібаев жазушылығына қоса біраз жылдар М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданып, өмірінің соңғы жылдарын бірыңғай шығармашылыққа арнаған.
Ә.Тәжібаевтің сценарийі бойынша (Н.Погодинмен бірге) «Жамбыл» кинофильмі түсірілген.
А.Пушкин, Т.Шевченко, А.Островский, Г.Гейне, тағы басқа қаламгерлердің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Ә.Тәжібаевтің көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған.
«Октябрь Революциясы», 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Қызылорда қаласында көрнекті жазушылар Ә.Тәжібаев, З.Шүкіров, Қ.Мұхамеджановтарға ескерткіш орнатылған. Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы халық жазушысы, көрнекті ақын Әбділдә Тәжібаев есімімен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |