14-дәріс
тақырыбы: С.Адамбеков, Қ.Мұхаметжанов, С.Жүнісова, Д.Исабеков, Иран-ғайып драматургиясы.
Жоспар:
1.ХХғасырдың екінші жартысында әдебиетке үлес қосқан ақын жазушылар.
2.Ақын жазушылар драматургиясының ерекшелігі.
Пайдаланған әдебиеттер
Қаратаев М Дәстүр мен жаңашылдық. Алматы, Ғылым,1980.
Иран-Ғайып.Жүрек жырлайды. Өлеңдер. Алматы, 1974; Жеті қазына. Балладалар мен поэма. 1977; Түннің көзі. Өлеңдер. Алматы, 1980;
Адамбеков Садыкбек
Адамбеков Садыкбек (15.11. 1922 жылы туылған. Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Қараспан ауылы - 15.1.2002) - жазушы, ақын, драматург, сықақшы. Қызылорда педагогикалық институтынын (қазіргі Қорқытата атындағы мемлекеттік университеті) бітірген. 1945 – 1968 жылдары «Оңтүстік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде және «Жұлдыз», «Ара –Шмель» журналдарында қызмет атқарды. «Қожанасыр қақпасы» (1959), «Көсенің көзі» (1961), «Аюбайдың ажалы» (1981) атты жинақтары, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш сатиралық роман «Атылған қыз» (1969, 1977, 1988) шығармасы жарық көрді. Адамбековтің жекелеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылды. 1982 жылы шығармаларының екі томдығы жарық көрген.
Дулат Исабеков
Исабеков Дулат (20.12.1942 жылы туылған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы) - жазушы, драматург. ҚазҰУ-ды бітірген (1966). 1967- 68 жылы Қазақстан Республикасы Телевизия және радио, хабарларын тарату жөніндегі мемлекетті комитете аға редактор, 1968 - 1970 жылы Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор, 1971 – 1976 жылы «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, 1976 – 1980 жылы «Жалын» баспасында редакция меңгерущісі, 1980 – 1988 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет министірлігінде репертуарлық - редакциялық коллегияның бас редакторы, 1988 - 1992 жылы Қазақ теледидарының бас редакторы, «Жазушы» баспасының директоры, 1992 - 1995 жылы Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін атқарған. 1998 жылдан Қазақстан Республикасының Мәдениеттану және өнертану ғылыми – зерттеу институтының директоры. Алғашқы әңгімесі «Замандастар» жинағында жарияланған (1963). «Беккет» (1966), «Ащы бал» (1969), «Мазасыз күндер» (1970), «Кд-ра шаңырақ» (1973), «Тіршілік» (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын» (1980) романы, «Екі жиырма» таңдамалы повестері (1983), «Жеті желкен» пьесалар жинағы (1987) жарық көрген. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып, «Полынь» (1978), «Отчий дом» (1979), «Смятение» (1986), «Новоселье в старом доме» (1986) деген атпен басылып шықты. Исабековтің «Ректордың кабылдау күндері» (1975), «Әпке» (1977), «Ертеңгі күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келген ананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткіш операциясы», «Ескі үйдегі екі кездесу», т.б. пьесалары Қазақстан Республикасының, облыстық театр сахналарында қойылған. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарық көрген. «Гауһар тас» (режиссеры Ш.Бейсембаев, 1975), «Дермене» (режиссеры А.Әшімов, 1986), «Тауқымет» (реж. Ұ.Қолдауова) туындылары бойынша көркем фильмдер түсірілген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары (1992), Халықаралық пен клубы сыйлығының (1996) лауреаты. «Құрмет» орденімен марапатталған.
Иран – Ғайып, Оразбаев Иранбек Әбітайұлы (7.6. 1947жылы туылған, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Абай ауылы) - ақын, драматург. Қазақ политех, (қазіргі ҚазҰТУ) институтын (1970), Мәскеудегі Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты (1980) бітірген. Қызылорда облысы «Білім» қоғамында референт, «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Мәдениет комитетінің редакциялық - репертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1998 жылдан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ жастар мен балалар театрының әдебиет бөлімін басқарған. Ақынның алғашқы жыр жинағы «Жүрек жырлайды» 1974 ж. жарық көрген. «Хан - Абылай – Сабалақ», «Жәбек-шаған», Түл-Нәр», «Театр Романы», «Қорқыттың көрі», «Мауглидің оралуы», «Махамбет», «Қашғария», «Былыққа батқан қала», «Керкеткен» атты драма дастандары бар. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығы (1986), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (2002) лауреаты.
Шығармалары: Жүрек жырлайды. Өлеңдер. Алматы, 1974; Жеті қазына. Балладалар мен поэма. 1977; Түннің көзі. Өлеңдер. Алматы, 1980; Өмір - өлең. Жыр кітабы. Алматы, 1982; Молодые поэты Средней Азии и Казахстана. Алматы, 1982; Глаза ночи. Стихи. Алматы, 1983; Царь слова. Стихи, поэма. М., 1984; Сұлулық сарасы. Өлеңдер, поэмалар. Алматы, 1985; Дүниежарық Жыр кітабы. 1987; Наследник. Поэма. 1988; Батқан кеменің бейбақтары. Дастандар. 1990; Таңдамалы. 3 томдык. Алматы, 1990; Мұнар, мұнар, мұнарым... Қасірет кітабы. І992; Иран бағы. Таңдамалы. 1995; Сөз патша. Таңдамалы. 1996; Жыр әлемі. Жыр кітабы. 1996.
Достарыңызбен бөлісу: |