Лекция тақырыбы: Қарттық кезең психологиясы Лекцияның оқыту нәтижелері: Пән бойынша қарттық кезеңнің жалпы сипаттамасы, дамудың әлеуметтік жағдайы және жетекші іс-әрекет



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата14.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#196745
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
VHKXNJWQGZKG12122023114952

4.
 
Денсаулығының жағдайы қалыпты күйде ұзақ өмір сүру (шамамен, 75-80 
жастан ары немесе жоғары) кезеңі 
төмендегідей құрылымдармен сипатталуы мүмкін. 
Дамудың əлеуметтік жағдайы: 

Отбасында 
қарт 
адамның 
болғанына 
мақтанатын 
жақындарымен, 
туысқандарымен араласу. Қарт адам отбасының басқа мүшелерінің болашақта ұзақ өмір 
сүру символына айнала- ды. 

Дені сау ұзақ өмір сүрген қарт үшін жаңа таныстары мен достары пайда болуы 
мүмкін. 

Ұзақ өмір сүрген қарт сирек кездесетін құбылыс болғандықтан, ол адаммен 
бұқаралық ақпарат құралдарынан бастап әртүрлі адамдар араласқысы келеді, сол себептті 
қарт таныстарының шеңбері біршама кеңеюі де мүмкін. 
Жетекші іс-əрекеті: 

Жетекші іс-әрекет көбінде қарттың бейімділіктеріне бай- ланысты болуы мүмкін. 
Сірә, денсаулығын қалыпта сақтау үшін дәрігердің ұйғарымынан басқа, денсаулық 
сезімінің өзі қажет бо- луы мүмкін 
Осылайша, қарттықта өмірге қанағаттану сезімі орнауы мүмкін бе деген сұрақтың 
туындауы орынды. Олай болса, ол күйзелістің табиғаты қандай болуы мүмкін. «Бақытты 
қарттық» ұғымы Н. Ф. Шахматовтың еңбектерінде кеңірек ашылған. Оның пікірінше, 
бақытты қарттық бұл – адамның негізгі бағыт бойынша өзінің қарттық болмысына 
қатынасы аталмыш әдеп категорияла- рына сәйкес келген жағдайдағы психикалық өмір. 
Сонымен қатар, қарттардың шығармашылық өнімділігі жайлы мәселе өзектілігін 
жоғалтпауда. Анағұрлым интеллектілі адамдар- да ақыл-есі төмендеудің орнына жасы 
ұлғайған сайын есінің ар- туы байқалуы мүмкін. Қарттың интеллекті деңгейінің төмендеуі 
не артуы іс-әрекетке еніп, қарттықта тұрақталып, төмендемейтін көрсеткіштерді 
айшықтайды. Оның дәлелдерін көптеп келтіруге болады: 
Микеланджело Буонарроти, 
мүсінші, суретші 
(1475-1564) – 89 жас. 


Тициан, 
суретші 
(1477-1576) – 99 жас. 
Иоганн Вольфганг Гете, 
жазушы 
(1749-1832) – 83 жас.
Джузеппе Верди, 
композитор 
(1813-1901) – 88 жас. 
И. П. Павлов, 
физиолог 
(1849-1936) – 87 жас.
Бернард Шоу, 
жазушы 
(1856-1950) – 94 жас.
Этель Войнич, 
жазушы 
(1864-1960) – 96 жас.
А. А. Яблочкина, 
актриса 
(1866-1964) – 98 жас. 
Бертран Рассел, 
математик, философ 
(1872-1970) – 98 жас.
Сомерсет Моэм, 
жазушы 
(1874-1965) – 91 жас. 
С. Т. Коненков, 
мүсінші 
(1874-1971) – 97 жас. 
Альберт Швейцер, 
ойшыл, дəрігер, музыкант 
(1875-1965) – 90 жас. 
Мартирос Сарьян, 
суретші 
(1880-1972) – 92 жас.
Пабло Пикассо, 
суретші 
(1881-1973) – 92 жас. 
Жамбыл Жабаев, 
ақын 
(1846-1945) – 99 жас.
Қасым Қайсенов, 
жазушы 
(1918-2006) – 88 жас. 
Талғат Бигельдинов, 
Авиация генерал-майоры, КСРО екі мəрте батыры, «Барыс» 
орденінің иегері, ұшқыш 
(1922) – 91 жас.
Бұл адамдар өмірінің соңына дейін белсенді шығармашылық іспен айналысқан. 
Осылайша, өмір барысында шығармашылық қабілеттердің өзгеру себептері қарттықтан 
гөрі, олардың өмір сал- ты мен дарынды адамдардың мамандығының талаптарына 
байланысты болуы мүмкін. 
Ұзақ жасап, ұрпағының қызығын көру – кімнің де болса арманы. Өкінішке орай, 
Қазақстанда осы арманына толық жете алмай кететіндер саны дамыған елдердегімен 
салыстырғанда әлдеқайда көп. Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда орташа 
өмір сүру жасы 65-67 жас. Бұл Батыс елдерімен салыстырғанда өте төмен көрсеткіш. Қазір 
100-ге келген қариялар бар екен деген дерек біз үшін таңғаларлық жаңалыққа айналып 
барады. Жасы 100-ге жеткендердің саны бар болғаны 25 адам ғана. Ұзақ өмір сүру 
көрсеткіштері бойынша біздің ел 153, ал Украина 151 орын да. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет