1. Зейнетке шығу кезеңі (зейнетке шыққаннан кейінгі алғашқы жылдары) – бұл
ең алдымен жаңа әлеуметтік рөлді, мәртебені меңгеру. Жалпы алғанда, аталмыш кезең
төмендегідей жағдайлармен ерекшеленеді
: Дамудың əлеуметтік жағдайы, % –
Ескі қатынастар (жұмысындағы қызметтестері) алғашқы кезде сақталынғанымен,
біртіндеп сирей бастайды.
–
Жақындарымен және туыстарымен араласу (сәйкесінше, туысқандарының
тарапынан «тәжірибесіз» зейнеткерлерге деген түсінісушілікпен назар аудару қажет).
–
Біртіндеп зейнеткер-достар немесе жасы неғұрлым жасырақ өзге адамдар (ол
зейнеткердің қандай іспен айналысып, кіммен араласатынына байланысты болады) пайда
бола бастайды.
–
Көп жағдайда зейнеткердің туысқандары мен таныстары
«уақыты онсыз да көп» зейнеткердің немерелерімен көбірек ай- налысуына тырысуы
мүмкін, сондықтан адамның балалары- мен және немерелерімен қарым-қатынасы да
зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайының маңызды сипаттамаларының бірі деп са- налады.
Жетекші іс-əрекеті: –
Ең алдымен, аталмыш жас шамасы адамның өзін жаңа қырынан тану, күш-қуатын
ақиқаттың әрқилы жаңа түрлерінде сынап көру ұмтылысы (немерелерін тәрбиелеу, үй
шаруысымен айналысу, жаңа қатынастарды орнату, қоғамдық ақиқатты тану т.с.с.), яғни
«байқау және қателесу» әдісі арқылы өзін-өзі анықтау; жалпы алғанда зейнеткердің уақыты
көп болады, сондықтан ол жоғарыда аталғандардың барлығына уақыт бөле алады.
–
Зейнеткерлердің көбі зейнетке шыққанымен алғашында мамандығы бойынша
бұрынғы жұмысын жалғастырады; ондай жағдайда қызмет еткен зейнеткердің дербес
мәнділік сезімі арта түседі.
–
Анағұрлым жасырақ адамдарға «ақыл айту» немесе кейде тіптен «намысына тию»
ұмтылысы арта түседі.
–
Кейбір зейнеткерлер үшін аталмыш жас кезеңі өзінің өткен өмірінің мәнін түсіну
ұмтылысы болуы мүмкін: кейбіреулері бұл кезеңде өмірбаян жазуға бет алуы мүмкін, ал
тағы біреулері міндетті түрде өз тәжірибелерімен және күйзелістерімен бөліскісі келеді.