Лекция тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығы (XV ғ. XVIІІ ғ. басы) Лекцияның оқыту нәтижелері


Қазақ хандығының XVI ғ. әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы



бет3/8
Дата30.11.2023
өлшемі74,06 Kb.
#194270
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция 5 2022-2023
психология 14, Types of interface testing, Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз, 630029, YAOWQSKBCIIV24102023141025, YAOWQSKBCIIV24102023141025
3.Қазақ хандығының XVI ғ. әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
Қасым хан 1511-1523 ж.ж. хандық құрды. Оның ордасы Ақ ордада болды. Қасым хандығының құрамында Шығыс ноғай көшпелiлерi және Моғолстанның Батыс бөлiгiндегi көшпелiлер кiрдi. Сондай-ақ Қасымханның билiгi Дулат, үйсiн, қаңлы, т.б. тайпаларға да жүрдi.
Қасымхан қазақ хандығының тәуелсiздiгiн және оның бiр тұтастығын сақтап қалу үшiн күрестi. Бұл мақсатқа жету Қасымхан үшiн өте қиындыққа түстi. Шайбанидтермен күресуге тура келдi. Шайбанидтер Орта Азияның отырықшы халықтары мен қатар, Сырдария бойындағы көшпелдi тайпаларға да өз үстемдiгiн жүргiзудi көздедi. ХVI ғасырдың бас кезiнде Қасымханмен Шайбанидтер арасында қақттығыстар болып, 1509 ж. ол үлкен соғыстарға айналды. Сыр бойындағы соғыстар алма-кезек жеңiстерге жетiп отырды. 1513 жылы өзбек хандары Қасымханға қарсы шабуыл жасап, өлы-тау өңiрдегi қыстақтарды талқандап, басып алды. Қарсы шабуылға шыққан Қасымхан Шайбанидтердiң әскерiн ойсырата жеңедi. 1513 жылдың соңында Ирандықтармен болған соғыста Шайбани хан өледi. Ирандықтар және Темiр әскерлерiмен екi жақты соғыс оларды қатты әбiржiтiп титықтатады. Осындай жағдайды пайдаланып Қасымхан Сайрам қаласын басып алады. Ташкент қаласын өзiне қаратып үлгермедi. Соғыстардың болып жатқанына қарамастан отырықшылар мен көшпендiлер арасындағы сауда-саттық ешбiр бәсеңдеместен дами бердi. Осы кезде көшпендiлер мен отрықышылардың сауда орталығы Сайрам қаласы болды. Сондай-ақ сауда-саттық Орта Азия мен қазақ хандықтары арасында жақсы қарқынмен дамып осы өңiрдегi Сауран қаласы екiншi бiр үлкен сауда орталығына айналды.
Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның ұлы Қасым 1445 ж туған. 1513 жылы Шу өзенінің жағасында Шағатай ұрпағы Сайд ханмен кездескенде, олардың замандасы Мұхаммед Хайдар Дуғлати оның жасы 70 ке жақындап қалғаны туралы айтыды.
Қасым хан әкесінің үлгісі бойынша Бұрындық ханның айтқанынан шықпай, бас иіп жүрді деп жазады М.Х.Дуғлати. Көптеген деректерде Қасымның батырлығына тоқтайды, ал Бұрындықты жәй қолбасшы ретінде айтып өтеді.
ХҮІ ғ басында Қасым сұлтанның жеке билігі қатты күшейді. Қасым сұлтанның күшеюіне ықпал жасаған ағасы Әдікті айтады. Қасым сұлтан хандықтағы билік іс жүзінде өз қолында екенін білгенімен, көреген саясатшы ретінде ол өте сақ болады. Ол Бұрындық ханның билігін мойындағысы келмейді, одан аулақ жүруге тырысады.
Қорыта келе, екі адамның бақталастығы құдыретті және жігерлі Қасым сұлтанның жеңісімен аяқталады. 1511 жылы Бұрындық бір топ адамымен Мауренахрға кетіп қалады. Хандықта жоғарғы билік Жәнібек ұрпағына көшті.
Бұрындық ханның 4 ұлы, және бірнеше қызы болған. Қыздарының үшеуі Шайбани ұрпақтарына ұзатылған, ал бір қызы Михр Сұлтан Самарқанда ірі меншік иесі делінеді. Бұрындық сол қызының қолына кеткен деген дерек бар. Ал Бұрындықтың кейінгі өмірі белгісіз.
Түркістан мен Мауренахрдағы оқиғаларға оралатын болса, Шайбанилықтар аяусыз жеңіліс табуы қазақтар көшіп жүретін жерлерге жауынгерлік қосындар ұстауға мәжбүр болды.
Шайбани хан иран шахы Исмайлдың жорыққа шыққанын есітіп, күш қосу үшін Түркістанға, Ташкентке, Әндіжанға жаушылар жібереді, соғысу үшін Мервке келулерін бұйырады. Барлығы барып тек Көшіп бармайды. Қасымханның шабуылынан қорқып, Түркістанда қалып қояды. Иран шахы Исмаил Мұхаммед Шайбаниді әскерлік айлакерлікпен қолға түсіріп 1510 жылы өлтіреді.
Осыдан кейін Бұхара, Самарқанд, Түркістанның бірқатар қалаларында биліктің бірсыпыра уақыт Темір ұрпақтары Бабырдың қолына көшкені бізге мәлім.
Бұл жағдайды Қасым хан өзінің пайдасына шешті. Ол Оңтүстік Қазақстанда билігін нығайту үшін күресті. 1512 жылы Убайдолладан Бабыр жеңіліп, Кабулға қашады. Қашып кеткен Бабырдың Сайрамдағы әкімі Қаттабек шайбанилықтардан қысым көріп, Қасым ханды қалаға кіруге шақырады. Қаттабек Қасым ханды Ташкентке қарсы аттануға көндіреді. Бұл ұсыныс қабыл алынады. Онда шайбани ұрпағы Сүйініш Қожа басқарып отырды. Олар Ташкент маңын тонап, қолға түскеннің барлығын алып қайтады. Бекініске кіре алмайды деп жазады МХДуғлати. Бірақ бұл шабуылдың басқа да нұсқасы бар, онда 1513 жылы Моғолстан ханы Сайд Сұлтанмен одақтас болып, Ташкентке бірігіп жорық жасауға келіседі делінген.
1514 жылы Сұлтан Сайд Түркістанға кеткеннен соң, қазақ хандығының Жетісудағы билігі нығайды. Ноғай ордасындағы саяси дағдарысқа байланысты көптеген ру тайпалар Қасым хандығына көшіп келді.
Моңғол шапқыншылығынан кейін тұңғыш рет барлық қазақ рулары мен тайпалары бір мемлекетке бірікті.
1505-1533 жылы алғаш рет орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым қатнас орнатылды.
Қасым ханның әдет ғұрыпқа байланысты «Қасым ханның қасқа жолын» деген заңдар жинағын шығарды. Заң 3 бөлімнен тұрды.
Қасым ханның билігі кезінде уақытша болса да тыныштық орнады. Сауда байланысы дамыды. Сауран қаласы сауда орталығы болды. Қасым хан Моғолстан мен достық қатынасты жолға қоюға ұмтылды. Моғолстан ханы да қазақтарды қолдап, жақсы қатынаста болуды қостады. Қасымның осы кезеңдегi Ноғай ұлысы жөнiнде ұстанған саясаты маңызды рөл атқарды. Ноғай мырзалары өзара кескiлескен ұрысқа кiрiскен болатын. Феодалдық қырқысу соғысынан шошынған ноғай қауымы, көшiп, қазақ хандығының қол астына кiрдi. Қасымхан оларды қамқорлыққа алды. Ноғай ұлысының Москвамен жақындасуына қарсы болған мырзалармен де сыйластықта болды. Осылай ете отырып, ол Москва мен қазақ хандығы арасындағы қатынастың жақсаруына ұмтылды. Қасымхан қазақ байларына хан билiгiн мойындата отырып, ел бiрлiгiн сақтады. Қасымхан тұсында қазақтардың саны 1 млн-ға жеткен және қазақ хандығының территориясы ұлғайып қалалар саны өсе түскен.
Қасым ханның билік еткен соңғы жылдары қазақ билеушілері мен шайбанилердің өз ара қатнастарына келетін болсақ, олар шиеленіскен және бейбіт емес қалпында қала берді.
Қасым ханның өлетін жылы туралы да бірнеше деректер бар. Әл Гафаридің, Хасан бек Рашидидің деректері бойынша Қасымхан 1523-1524 жылдары қайтыс болған делінеді. Ал М.Х.Дуғлати 1518 жылды көрсеткен. Бір деректерде 1521 жылы Сарайшық қаласында дүние салған делінген. Қасым ханның қабірі сонда делінеді.
Қасым ханның Мамаш және Хақназар деген екі ұлы болғанын білеміз, екеуі де хан болған, бір қызы атақты ноғай мырзасы Шах Мамайға күйге берілген. Оның екінші қызы Шайбанилық Убайдолла сұлтанға ұзатылған.
Қасым хан жүйрік атты жақсы көрген, оларды жақсы айыра білген, әскери талантымен, жеке басының ержүректігімен, өз соңынан ерте білу қабілетімен көзге түскен. Оның кезінде халықтың саны миллионнан асқан делінеді.
Қасым хан тұсында хандықтың едәуір нығайғанына қарамастан ол орталықтандырылмады. Бұл ол қайтыс болғаннан кейін қатты байқалды.
Қасым хан қайтыс болған соң Жошы ұрпағының өзара тартысы Қазақ хандығын әлсіретті. Қасымнан кейін оның ұлы Мамаш отырды, ол белгісіз бір соғыстың нәтижесінде қайтыс болады, Қасымның немере інісі
Тахир (1523-1533жж.) отырады. Тахир асқан қатыгездігімен ерекшеленді. Және жөн жосықсыз соғыстар оның түбіне жетті. Ханды халқы тастап кетеді. Ол өзінің жақтастарымен қырғыздарға кетеді, сонда қайтыс болады.
Бұйдаш хан (1533-1534 жж.) Тахирдің інісі. Өзбек ханы Убайдолла Моғолстан ханымен одақтасып Қазақ хандығына шабуыл жасайды. Қазақ әскері жеңіліп, Бұйдаш хан қашып құтылады.
Қасымхан өлгеннен кейiн сұлтандар арасында хандық билiкке тақ таласы күшейдi. Көршi мемлекеттердiң қазақ хандығына шабуылы жиiлеп кеттi. Соғыстың толассыз жүрiп жатуы елдi күйзелiске ұшыратты. Қазақтардың бұдан әрi шыдамы, төзiмi жетпедi. Сөйтiп, олар өздерiнiң тәуелсiздiгiнiң қауiпсiздiгi үшiн күреске шықты. Бұл күрестi Қасымханның баласы Хақназар (Ақназар) басқарды (1538-1580 ж.ж.). 1560 жылы Моғолстанның ханы қазақтарды өз жерiнен қумақшы болды. Хақназар қарсы тұрып, моғол әскерлерiнiң тас-талқанын шығарды. Қазақ хандығының күш-қуатынан Сiбiр ханы Көшiм де, сырттан көшiрiлген ноғай мырзалары да қауiптенiп, қорқып отырды. Қазақ хандығының айбарлы даңқы Москва патшалығына келiп жеттi.
1573 жылы орыс патшасы өз елшiсiн Хақназар ханға жiбердi. Елшiнi Көшiмнiң адамдары қолға түсiрдi. 1574 жылы Иван Строгонов өзiнiң көпестерiне қазақтармен ақысыз сауда жасау граммота сыйлады. Бұл орнатылған сауда байланысы бiртiндеп Москва мен Қазақстан арасында саяси қатынасқа айналды. Хақназар 1570 жылдың аяғында “Патшамен және ұлы князьбен арамызға бейбiтшiлiк орнағанын қалаймын”-дедi.
Бұқараның билеушiсi Абдулла қазақ хандығының күш-қуаты артып отырғанын байқады да, оның өзiнiң үкiмет билiгiн нығайту үшiн пайдаланғысы келдi. Сөйтiп, Хақназармен достық қатынас орнатты. 1579 жылы iрi феодал Баба Сұлтан Абдуллаға қарсы бүлiк шығарып, Ташкенттi басып алды. Абдулла Хақназардан көмек сұрады. Хақназар Баба сұлтанға қарсы аттанып, оны талқандап жеңедi. Жеңiлiс тауып, әзер қашып құтылған Баба сұлтан ендi қулық жасау арқылы Абдулла мен Хақназардың арасына от тастап, олардың достық одағын бұзды. Осыдан кейiн 1580 жылы Баба сұлтан Абдуллаға қарсы соғыс ашты. Сонымен қатар Хақназарға да астыртын күштi сенiмдi отрядын жiбередi. Сөйтiп, Баба сұлтан Хақназарға келiсiм жасаймыз деп алдап, Хақназар ордасына кiредi де күтпеген жерден олардың адамдарын қырып салады. Баба сұлтан астыртын адам жiбертiп, Хақназардың екi баласын және өзiн 1580 жылы өлтiредi.
Хақназар өлгеннен соң оның орнына жасы сексенге келiп отырған Сығай хан болып, таққа отырды. Бiрақ ол елдi басқара алмай, Абдуллаға барып қазақ хандығын қамқорлыққа алуын өтiнедi. Сөйтiп ол баласы Тәуекелдi Абдулланың қарамағына қалдырады. ТӘУЕКЕЛ ХАН (1582-98жж.) Шығайдың баласы
Тәуекел Бұхара ханы Абдолламен бiрлесе отырып, Баба сұлтанның көзiн жоюға кiрiседi. 1582 жылы қазақ хан сұлтандары Абдолламен бiрлесiп соғысып Баба сұлтанды жеңедi. Сығай хан сол соғыста қайтыс болады. 1582 жылғы Түркiстан түбiндегi шайқаста Тәуекел басқарған қазақ қолы Баба сұлтанның әскерiн талқандап, Баба сұлтанның басын алады. Баба сұлтанның басын және тұтқындаған әскер басшыларын Бұхар ханы Абдоллаға әкелiп тапсырады. Қас жауын жойғаны үшiн Абдолла Самарқанд өлкесiндегi Африкенттi Тәуекелге сыйға бередi.
Шығай ханның ұлы Тәуекел хан өз билігін өзбек билеушілерімен ұзақ күреске нығайтты. 1586 жылы ол Ташкент аймағының билеушісі Баба сұлтан бастаған қарсыластарын талқандады. Басын ІІ Абдаллахқа апарып береді. Сұлтанның балаларын, әмірлерін тұтқындайды. Бұл кезеңде Қазақ хандығының халықаралық жағдайы қиын еді. Өз билігінің басты мақсаты ретінде Тәуекел хан оңтүстіктегі қалаларды хандық құрамына қосуды, сол арқылы мемлекетті күшейтуді көздеді.
1583 жылы Тәуекел хан Өзбек ханымен жасасқан келісімді бұзады. Бұның себебі кезінде Абдаллах Түркістан аймағынан 4 қала беруге үәде береді, бірақ бақталасының көзі жойылғаннан кейін (Баба сұлтан) ол өз сөзінде тұрмайды.
1586 жылы Тәуекел Түркістанды басып алады.
1586-1594 жылдары Тәуекел Хақназардың ұлдарымен күреседі. Ақырында хандық құруға өз құқығын бекітті.
Тәуекел хан алдында тұрған саяси мәселелердің ең ауыры Ташкент пен оның айналасын толық бағындыру және Бұқар хандығының билеушісі ІІ Абдалахпен күрес, Сібір ханы Көшіммен соғыс еді. Бұл мақсатпен Тәуекел хан өзіне одақтастар іздей бастайды. Сібірдегі Тайбұға әулетін қолдап, Сейтектің жанына інісі Оразмұхаммедті қосады. Ал олар болса орыс әскерінің қолына тұтқынға түсіп қалды. Осыны себеп қылған Тәуекел 1594 жылы алғаш рет Мәскеуге қазақ елшісін жібереді. Құлмұхамед елшінің өзінің де жұмысы болады ол інісі Оразмұхаммедті орыс тұтқынан босату еді.
Құлмұхамед елшінің ең маңызды тапсырмасы орыс патшасы Борис Годуновпен кездесіп, Бұхараға қарсы одақтасуды ұсыну еді. Бұл елшілік жұмысына Мәскеу мемлекеті құрамындағы Қасым хандығының билеушісі, Тәуекел ханның туысы Оразмұхаммед сұлтан да қатысты.
1595 жыл Мәскеуден енді Тәуекелге елші келеді. Тілмәш Вильямин Степанов. Оның мақсаты екі елді кереуен саудасын кеңейтіп, дипломатиялық қарым-қатынас орнату. Оразмұхаммедтің орнына аманатқа Хусейінді алу.
Бұхар хандығы сол кездегі Орталық Азиядағы қуатты мемлекеттердің бірі саналатын. Қазіргі шекаралық бөлініс жүйесімен айтсақ, Иранның солтүстік шығыс бөлігін, Ауғаныстанды түгелге жуық, Пәкістанның біраз жерін, Түрікменстан, Тәжікстан аумағын қамтып отырған. Оның үстіне қазақ халқына тиеселі Түркістан, Сауран, Отырар, Сайран, Ташкент сияқты қалалар орналасқан аймақты да өзіне қосып алған болатын.
Бұл осыдан екі ғасыр бұрынғы Әмір Темір империясына пара пар мемлекет деуге болатындай еді. Сол заманның тарихшылары Абдаллах ханды шебер саясатшы, құдіретті әмірші, жеңімпаз қолбасшы деп мадақтап, оның сарайындағы сән-салтанатты тамсанып жаза келе, егер қажет болса Абдаллах хан бір аптада 500 мың әскер шығара алатынын көрсетеді.
Осындай қауіпті қарсыласпен ауыр соғысқа бару ол кезде Қазақ хандығы үшін өмірлік қажеттілік еді. Ежелгі Сыр өңірі қазақтың атамекені ғана емес, сауданың, қолөнердің, мәдениеттің орталығы болды. Сонымен қатар көшпелі қазақтар үшін Сырдың суы, ну тоғайлары, құм арасында қысқа мал бағатын қолайлы жер әрі қыстаулары еді. Тәуекел хан қатерлі соғысты бастамастан бұрын оған мұқият даярланды. Ойраттарға қарсы табысты жорық жасап, олармен 20 жылдай тыныштық сақтай алды. Тіпті ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханның билігін де мойындады. Тәуекелді қазақ қалмақтың ханы деп атаған.
1598 жылы Бұхар хандығының ішіндегі қайшылықтарды пайдаланып, Тәуекел хан Орта Азияға жорық жасайды. Соның нәтижесінде өзбек әскерін талқандап Самарқанды алады.
Тәуекел жеңісті жорығын жалғастырып, Түркістан, Сауран, Арқұқ, Отырар, Сайрам, Ақсы, Әндіжан қалаларын қолға қаратады. Інісі Есімді 20 мың әскерімен Самарқанды қалдырып, өзі Бұхара қаласын алуға аттанады. Қазақ әскері қаланы 20 күн қоршап шабуылдағанмен, мықты бекіністі ала алмайды және қала үшін болған бір ұрыста Тәуекел ауыр жараланады. Сол жарадан жазылмай, Ташкентке келген жерінде қайтыс болады.
Осы оқиғаның бәрі 4-5 айдың ішінде өтеді. Бұл қазақ тарихындағы ең ұлы жорық және сол кездегі бүкіл Орталық Азиядағы аса ірі оқиғалардың бірі еді.
Тәуекелдің 1597-98 жылдарыжүргізген соғыстары нәтижесінде Ташкент, Ферғана және бүкіл Түркістан, яғни сол кезге дейін Шайбани ұрпақтары иеленіп келген Сырдарияның орта ағысының екі жағындағы отырықшы-егіншілік аудандар қазақ хандығының құрамына кіреді. Қазақ ордасы кейін Ферғананы қайтарып бергенімен, Ташкент 200 жыл бойы қазақтардың иелігінде қалды.
Сыр бойындағы Түркiстан, Отырар, Сайрам, Сауран, тағы басқа қалалар бұрынғысынша қазақ хандығына берiледi. 1583 жылы қазақ ханы Тәуекел Абдолламен жасасқан келiсiм-шартты бұзып, Ташкентке шабуыл жасайды. Сонымен қазақ феодалдары мен өзбек феодалдары арасындағы жағдай қайта қоздап, ушығып кеттi. Тәуекел хан Ресей мен өзiнiң дипломатиялық қарым-қатынасын күшейте түстi. Ондағы Ресейдiң мақсаты қазақ хандығымен одақтасып, Сiбiр ханы Көшiмге қарсы күресу едi. Тәуекел хан 1595 жылы көкек-маусым айларында В.Степанов бастаған орыс елшiлiгiн қабылдады. Сөйтiп, осы кездесуде орыс мемлекетiмен қазақ хандығы арасында Сiбiр ханы Көшiмге және Бұхар ханы Абдоллаға қарсы одақ қалыптасты. 1598 жылы Тәуекел хан Ташкент қаласы түбiнде Абдолла ханның әскерiн талқандады. Тәуекел Ахси, Әндiжан, Ташкент, Самарқанд қалаларын басып алды.
Сонымен қатар Тәуекелдің осы жеңісінің нәтижесінде Орталық Азияда шайбанилер әулетінің билігінің де аяқталды. Билік басына 1598 жылы Шайбани әулиетінің орнына (1598-1743) басқа әулет («Аштархан») келді.
Аталған аймақтардың қосып алынуы қазақ хандығының экономикасына, қоғамдық және саяси құрылысына аса күшті ықпал жасады. Мемлекеттік шекараның тұрақтануына жәрдемдесті. Қазақ хандығына Орта Азиялық саяси және экономикалық өзара қатынастар жүйесіне енуге және қазақтардың Сырдария өзені аңғарында мекендеуіне жағдай туады.
Тәуекел одан кейiн Бұхараны басып алу соғысы кезiнде жараланып Ташкентке келiп қайтыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет