ЖӘҢГІР ХАН (1629-1652 жж.) Есімханның баласы
ТӘУКЕ ХАН (1680-1718\1713жж.)
Халық арасында Тәуке хан Әз Тәуке, яғни дана, әділ деген атпен белгілі. Тәуке хан билігі тұсына жататын деректер өте аз. Тәукенің әкесі салқам Жәңгір туралы алғашқы мәліметтер 1635 жылғы оқиғаға байланысты айтылады: «... қара қалмақ тайшылары : Талай тайша, Қонтайша (Батур), Тургоча тайшы бүкіл қара қалмақтарымен қыстың күні Қазақ Ордасын шапты, ал Қазақ Ордасы қалмақтарға қарсы шықты... қара қалмақтар Қазақ Ордасындағы адамдарды өлтіріп, Есімнің ұлы Жәңгірді тұтқынға алды...». Басқа деректер бойынша Жәңгір 1635 жылы дүрбіт қалмақ билеушісі Талай тайшы мен тоғауыттарға қарсы соғысты. Бұл кезде тоғауыттар өзге қалмақ тайпаларынан батысқа қарай орналасты және олардың кейбір топтары Жайықтың ар жағында болды.
1643 жылы Орбұлақ шайқасы. 50 мың әскермен келген жоңғарларға 600 сарбазымен Жәңгір хан қарсы тұрып жеңіп шығады. Қосқолаң тауының арасында бекініп 10 мың әскерін талқандайды. Көмеккен Самарқандтың әмірі, қолбасшы Жалантөс 20 мың әскерімен келіп жоңғарлардың ту сыртынан шабуылдайды. Бұл соғыста қазақтар өздерінің ерліктерін көрсете білді. Қалмақтарды басқарып келген Батур қонтайшының ірі әскери жорығына тойтарыс берді. Бұл қақтығыс Орбұлақ деген жерде болғандықтан бұл шайқас осылай аталды. 1644 жылы Жәңгір ханның қалмақтарға тағы да қарсы тұруына тура келеді, бірақ бұл жолы халық көп қырғынға ұшырап, Жәңгір ханның ағасы отбасымен және көптеген адамдармен тұтқынға түседі. 1652 жылы Ресейден жоңғарлар әскеру қару сатып алып қазақтарды ойсырата жеңеді. Ақыр соңында 1652 жылы Жәңгір хан қалмақтармен болған осы шайқаста қаза табады. Бұл уақытта сыртқы саяси жағдай өте ауыр болды. Халық оның ерлігі үшін «Салқам Жәңгір» деп атаған.
1652-1680 жылдары кім хан болғаны әлі де зертелмеген мәселе. «Белгісіз жылдар» кезеңі деп атайды ғалымдар.
Қазақтардың ең қауiптi жауы ХVIII ғасырдың басында мейлiнше күшейген Жоңғар хандығы болды.
ХҮІІ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ ғасырдың басында Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы өте ауыр болды. Қазақ хандарының саяси бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа біріккен мемлекет құру әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Қазақ хандығындағы сұлтандардың оқшауланып, дербес саясат жүргізуге ұмтылуы күшті болды. Ал жүздер арасындағы татулық пен саяси байланыс нашар болды.
Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы тіптен ауыр еді. Батыс жақтан Еділ қалмақтары мен Жайық казактары шапқыншылық жасаса, солтүстіктен Сібір казактары, Жайықтың аржағынан башқұрттар, оңтүстіктен Бұхар мен Хиуа хандықтары үнемі қысым көрсетіп отырды. Ал басты қауіп шығыстан, яғни Жоңғар хандығынан төніп тұрды.
Жоңғарлар –тарихи деректерде қалмақ немесе ойрат деген атаумен белгілі болған тайпалар. Жоңғарлар чорос, хошоут, торғаут сияқты батыс монғол тайпаларының ХҮІ-ХҮІ ғасырдың ІІ жартысында құрылған одағы болатын. Ал ХҮІІ ғ бастап Жоңғар хандығы ретінде Орталық Азияның тарих сахнасына шыққан еді.
Қазақтар мен жоңғарлар арасындағы байланыстардың тарихы тереңде жатыр. Екі ел де көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандықтан олардың арасында қақтығыстар жиі болып тұрған. Соның ішінде қалмақтардың Қазақ хандығына бағынған кездері де болған. Өйткені Тәуекел хан «қазақ және қалмақ ханы» ретінде мойындалғаны белгілі. Дегенмен Қазақ хандығы мен жоңғарлар арасындағы күштің ара салмағы тең болғандықтан өзара қырқыстардан ары аса қоймаған еді. Алғашқы кезде қақтығыстар бейбіт жолмен шешіліп отырды.
Жоңғар хандығы құрылар қарсаңында 1627 жылы ойрат одағы құлап, ХоҰрлық бастаған 50 мың шаңырақ пен 250 мың адамды құрайтын торғауыт тайпалары Солтүстік Қазақстан арқылы төменгі Еділ бойына қоныс аударған болатын. Сөйтіп, олар қалмақ деген атауға ие болады және ХҮІІ ғ. 30 жылдарында Еділ бойында Қалмақ хандығын құрған еді. Ал Оңтүстік пен Батыс Сібір жерінде қалып қойған ойраттар мен чоростар басшылығымен Ертіс жағалауында Жоңғар хандығын құрды.
1635 жылы Жоңғар хандығы құрылды. Хандықтың негізін салған Батыр қонтайшы болды (1635-1653 жж.). 1640 жылы Батыр қонтайшының бастамасымен Жоңғар ақсүйектерінің құрылтайы өткізіліп, онда «Дала жинағы» деген атауға ие болған заңдар жинағы қабылданады. Бұл жинақта жоңғар хандығының күші мен ұлылығы паш етілді. Батыр қонтайшы кезінде жоңғарлар мен қазақ хандығы арасында қақтығыстар шиеленісіп, үздіксіз соғыстарға ұласа бастады. Батыр қонтайшы қазақтарға қарсы бірнеше рет басқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Бірақ Қазақ хандығын Салқам Жәңгір хан билеген кезде 1643 жылы Орбұлақ шайқасында жоңғарлар ойсырай жеңілгені белгілі. Батыр қонтайшы өлгеннен кейін қазақ жоңғар соғыстарында үзіліс болған еді. Өйткені билікке талас кезінде Жоңғар хандығы саяси бірлігінен айырылып қалған болатын. Алайда билік басына Галдан Бошокты қонтайшының келуіне байланысты (1670-1697жж.) Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығы қайтадан жанданды. Ал Жоңғар хандығыны Цеван Рабдан билеген кезде (1697-1727 жж.) қанды жорықтар өзінің шарықтау шегіне жетті.
Цеван Рабтан өзін шебер дипломат әрі мықты қолбасшы ретінде танытты. Ол Қытаймен тікелей қақтығыстарда құтылып кетіп отырды. Цеван Рабтан Жоңғар хандығының қоластына миллионға жуық жоңғарлар мен жарты миллионға жуық әртүрлі халықтарды біріктіріп, елінің әскери әлеуметін біршама нығайтып алды. Оның Қазақ хандығына шапқыншылығы 1698-1699 жылдары Ертіс, Есіл өзендері мен Жетісу аймағына жүргізілді. Ал 1702-1703 жылдары Ертіс бойындағы қазақтар нәтижелі соғыстар жүргізді. Біраз үзілістен кейін 1708 жылы жоңғарлар шапқыншылығы қайта жалғасты. Олардың Қазақ хандығына жасаған қанды жорығы 1710 жылы болды. Бұл жорық қазақ халқын үлкен шығындарға ұшыратты. Ол қазақ билеушілерін 1710 жылы Қарақұм маңында үш жүздің құрылтайын шақыруға мәжбүр етті. Құрылтайға сұлтандар мен билер, ру басшылары және үш жүздің белгілі батырлары қатысты. Құрылтайда қаралған ең негізгі мәселе жоңғар шапқыншылығына қарсы үш жүздің бірікке әскерін жасақтау болды. Тәуке хан бір орталыққа біріккен мемлекет құру және оны нығайту үшін сұлтандардың билігін шектеп, жүздерді билеу үшін билердің ықпалын арттырды. Жоңғарларға қарсы соғыста алдыңғы қатарға қазақ батырлары шықты. Олардың қатарында Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Райымбек, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет сынды көптеген батырлар бар еді. Олардың ішінен ерекше көзге түскен Бөгенбай батыр. Ол шешуші шайқас алдында қазақ сарбаздарының жауынгерлік рухын мына сөздерін арнау арқылы көтерген: «Таланған көштің, тұтқындалған бала-шағаның бейшара бақылаушысы болып отырман. Жаудан кек аламыз, өлсек қару ұстап өлеміз! Қыпшақ даласының сарбаздарының жалтарған кезі боды ма?! Сұр жебе толы қорамсақ қаңырап бос қалып па?!» деген екен.
Құрылтайға қатысушы барлық батырлар мен халық Бөгенбай батырдың сөзіне тоқтады. Ол қазақтың бірікке әскерінің қолбасшысы болып сайланды. Қазақ жүздерінің бірігуі өз нәтижесін бере бастады. Біріккен халық жасақтары жоңғарларға тойтарыс беріп, оларды шығысқа шегіндіріп тастады. Жау қолында болған жайылым мен қыстақтарды қайтарып алды. Сонда да жүздер арасындағы дау тоқтамады. Бұл жағдай жорықтар алдындағы келіспеушіліктер мен өзара бәсеке туғызып, алауыздыққа ұшыратты.
Қазақтар арасындағы алауыздықтарды жақсы пайдаланып отырған жоңғарлар 1713 жылы Қазақ хандығына тағы да басып кірді. Ондай жорық 1716жылы да қайталанды. Ал 1717 жылы Аягөз өзені бойында үш күндік шайқас болды. Ол қазақ жасағының жеңілуімен аяқталды. 1718 жылы жоңғарлар Жетісуға баса көктеп кіріп, одан әрі оңтүстіктегі Арыс, Бөген, Шаян өзендері бойында жойқын соғыстар жүргізді. Олардың негізгі мақсаты Қазақ хандығының ордасы –Түркістанды басып алу еді.
1723 жылы қазақ жоңғар қатынасында қазақтар үшін аса қиын кезең басталды. Өйткені Қытай императоры Кансидің қайтыс болуын пайдаланып, жоңғарлар Қытаймен бітім келісімін жасайды. Осылайша жоңғарлар өздеріне Қытай тарапынан жасалып отырған қысым мен қауіпті тоқтатып, бытыраңқы қазақтарға қарсы барлық күштерін жұмылдыруға мүмкіндік алды. Бұл қазақ халқының тағдырындағы ең қасіретті кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1728 жж.) нәубетіне алып келген еді. Қазақ жұртының басына түскен нәубет жөнінде Шәкәрім Құдайбердіұлы былай дейді: «...1723 жылы қазақ, қалмақ болып жиылып соғысқанда, қалмақтың бастығы Цеван Рабдан қазақтың көбін қырып, қалғанын қуып жіберген. Сонда қазақтар аш жалаңаш, жаяу шұбап бір көлдің басына келіп, көлді айнала сұлап жатыпты.
Көктемде тұтқиылдан басталған жоңғар шапқыншылығынан қазақтар есін жинай алмай, еріксіз Ходжентке, Самарқанға, Хиуа мен Бұқараға қарай үдере көшуге мәжбүр болды. Олар үйлерін, мал мүліктерін тастап қашты. Жоңғарлар Ташкент пен Түркістанды басып алып талқандады. Бұл нәубеттен қазақ халқының үштен екі бөлігі қырылды.
Бірақ 1723 жылы жеңіліс қазақ халқының еңсесін түсіре алмады. Ел билеушілер мен батырлар азаттық күреске жұмыла бастады. Қазақ халқының бірлігін нығайтуға елге беделді үш жүздің билері – Төле би (Төле Әлібекұлы 1663-1756 жж.), Қазыбек би (Қазыбек Келдібекұлы 1667-1764жж.), Әйтеке би (Айтық Байбекұлы 1664-1700 жж.) белсенді қызмет атқарды. Олар бір орталықтан басқарылатын Қазақ хандығын қалыптастыру жолында табанды күрес жүргізген мемлекет қайраткерлері болатын. Олардың ең басты мүддесі қазақ халқы мен жерінің тәуелсіздігін сақтау еді.
Сол тарихи сын сағатта Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1693-1748 жж.) ерекше көзге түсті. 1724 жылы Әбілқайырдың қолбасшылығымен қазақтар алғашқы жеңіске жетті. Сондай-ақ, оның 1725 жылы жоңғарларға Отырар, Шымкент, Түркістан, Сайрам қалалары азат етілген болатын.
1726 жылы күзде жоңғарларға қарсы азаттық күресті ұйымдастыру мәселесін талқылауға жалпы қазақ құрылтайы шақырылды. Құрылтай Ордабасы тауында өткізілді. Оған хан, сұлтандар мен билер, үш жүздің батырлары, ру басылары қатысты. Құрылтай жалпы қазақ әскерінің қолбасшысы етіп Әбілқайыр ханды сайлады.
Құрылтайдан кейін күтілген аса маңызды жеңіске қазақ әскері 1728 жылы көктемде жетті. Ұлытаудың етегіндегі Бұланты өзені маңында Қарасиыр деген жерде әскері жоңғарларға ойсырата соққы берді. Бұл шайқас халық жадында «Бұланты шайқасы», ал соғыс даласы «қалмақ қырылған» деген атпен қалған еді. Осынау маңызды жеңіске қол жеткізуге қолбасшы Әбілқайырмен бірге Қабанбай, Жәнібек, Наурызбай, Бөгенбай, Есет, Малайсары сынды т.б. көптеген халық батырлары зор үлес қосты.
Қазақ халқы жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күрестегі екінші тарихи жеңіске 1730 жылдың көктемінде жетті. Бұл оқиға Балқаш көлінен 120 мың шақырым оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан Алакөл маңында өткен Аңырақай шайқасында болған еді. Шайқаста Әбілқайыр хан қолбасшылық етті. Ұрыс батырлар жекпе-жегімен басталды. Шәкәрім Құдайбердіұлы оны былайша суреттейді: «... қазақ пен қалмақ екі төбеге жиылып, ортасында қалмақтың Қалдан-Церен ханның күйеуі Хоңтажы деген әскер басының баласы Шарыш деген батыр қазақтан жекпе жекке батыр сұрап жүр екен. Әбілмасұр Әбілмәмбетке ханға барып: «Тақсыр, бата берсеңіз мынаған мен барайын» дегенде, хан бата берген соң, Шарышқа қарай «Абылай, Абылай» деп ұран салып барып, Шарышты өлтіріп, басын кесіп алып, жау қашты деп айғай салған соң, қалмақтар қашыпты. Бір мезгілде Әбілмасұрды қасына отырғызып, «Шырағым, сен кімсің, Абылайлап шапқаның қалай» десе: «Мен қанішер Абылайдың немересі едім, соғыста жолы болған атамның атын ұран қылдым» дейді. Шарышпен болған жекпе- жектегі жеңістің құрметіне халық оны Абылай атап кетті.
Аңырақай шайқасында майдан даласы 200 шақырымға дейін жетіп, қазақтар ұлы жеңіске жетті. Алайда, осы жеңістерді қазақ халқы одан әрі жалғастыра алмады. Оған қазақ қоғамының саяси элитасы арасындағы бақталастық кедергі жасады. Оған Болат хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығында ұлы хан болу үшін саяси күрестің басталуы себеп болды. Ұлы хан болуға бірден бір үміткер қазақтың біріккен әскерінің бас қолбасшысы, Кіші жүз ханы Әбілқайыр болатын. Бұланты мен Аңырақай шайқасындағы тарихи жеңістерден кейін Әбілқайыр ханның беделі мен саяси салмағы да арта бастағанды. Бірақ ұлы хан бола алмайтынын білгеннен кейін ол өз әскерімен Кіші жүздегі ордасына көшіп кетті.
1727 жылғы болған шайқаста қазақтар жоңғарларға ойсырата соққы бердi. Бұл жер тарихта “Қалмақ қырған” деп аталды. (Байқоңыр маңы) 1729 жылы Аңырақай деген жерде қазақтар екiншi рет қалмақтарға соққы бердi. Дегенiмен бұл екi жеңiсте қазақтарды түпкiлiктi жеңiске жеткiзе алмады. Қазақ-жоңғар соғысы: Қазақтардың ең қауiптi жауы ХVIII ғасырдың басында мейлiнше күшейген жоңғар хандығы болды. XVII ғасырдың 80 жылдары жоңғар қоңтайшысының қазақ жеріне жорықтары жанданды, олар Оңтүстік Қазақстан мен Сырдария сауда қалаларын, сонымен қатар маңызды керуен жолдары өтетін аумақтарды басып алуға ұмтылды. Қалдан қоңтайшы (1671-1699) 1681-1865 жылдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше шабуыл жасады, оның нәтижесінде Сайрам қаласы қиратылды.
Оның мұрагері Сыбан Раптан (1699-1729) басқыншылық соғысты жалғастырды. XVIIІ ғасырдың басында басқыншылардың әскері сарысу өзеніне дейін жылжыды, олардың әскерінің бір бөлігі Орта жүздің солтүстік шығыс аудандарына басып кірді. 1710 жылы Қарақұм ауданында Тәуке хан жауға қарсы ұйымдастыруды талқылауға барлық жүздердің өкілдерін жинады. Жоңғарларды шығысқа шегіндірген әскер құрылды. Қазақ саяси жүйесі ішкі саяси проблемаларды шешуге тамаша мүмкіндік берді. XVII ғасыр басындағы реформадан кейін қауымаралық пен сословие аралық алауыздық сот ісінің шегінен сирек шықты және ешқашан қарулы күреске жеткен жоқ. Бірақта XVIIІ ғасырда сыртқы саяси ахуал бірден өзгергенде, реформа нәтижесінде орталықсыздандырылған қазақ хандығы сыртқы жағдайдағы өзгерістерге дайын емес болып шықты.
Бұл 1715 жылы Тәуке хан өлген соң анық байқалды. Жоңғар тарапынан төнген қауіпке байланысты хан ролінің жоғарылауы керектігін сезінген сұлтандар жоғарғы билеуші орны үшін шиеленіскен күресті бастады. Ұзақ тартыстан соң хан болып Қайып сайланды (1715-1718).
Көп ұзамай жоңғарлар шабуылын тағы жаңғыртты. 1716 жылы олардың әскерінің басты бөлігі шабуылын Іле өзенінен Аягөзге қарай бағытпен бастады. Бір уақытта басқа отрядтары Сібірге жылжыды. 1718 жылы көктемде жоңғарлар мен қазақтар қолы арасындағы Аягөз өзенінде үш күндік қантөгіс, шайқастың алғашқы күндеріндегі жеңістерге қарамастан, қазақтардың жеңілісімен аяқталды. Өзара жауласқан Әбілхайыр мен Қайыптың келіспеушілігі, сонымен қатар жоңғарлардың тылдан оқыс соққысы шайқастың нәтижесін шешіп берді. 1718 жылы жоңғар әскері Арыс өзенінде басқа қазақ отрядтарын талқандады.
1718 жылы Қайып хан өлді де сұлтандардың жоғарғы билік үшін күресі қайта жанданды. Ең қолайлы кандидатура жас жігерлі Әбілхайыр болды, бірақ төре тұқымының күшеюін қаламаған билер шоғыры ынжық әрі жігерсіз Болатты (1718-1729) таңдады. Алайда соғыс жағдайында қауым демократиясына бас тігу өзін ақтамады да, Болат хандықты басқарудан қалды. Орталық биліктің әлсіздігі жағдайында Кіші жүз бен Орта жүз қауымының бөлігі өздерінің егемендігін шектеп, Әбілхайырды хан сайлады (1718-1748). Осылай қазақ хандығының ыдырау процессі басталды. Ташкентте ақ киізге Жолбарыс көтерілді, ал Орта жүздің бөлігі Сәмекені хан ретінде мойындады. Бұл тұлғалар жоңғарларға тойтарысты ұйымдастыра алатын еді, алайда мұны сезіну үшін қазақтарға 1723 жылғы Ақтабан шұбырындыны бастан өткеруіне тура келді.
Жоңғарларға қарсы бір майданның жарылуы қазақ жасақтарының қорғаныс қабілетіне кері әсер етті. Сұлтандар шоғыры арасындағы ұрыс-керіс жоңғар қоңтайшыларының қазақтарға бірқатар ірі соққылар беруіне қолайлы жағдай туғызды.
1723 жылы көктемде жоңғар әскері Қаратау арқылы талас өзенінің алқабына басып кірді. Қазақтар бұл уақытты қыстаудан көшуге дайындалып, шабуылды күтпеген еді. Мұнда барлық қазақ жұрты қырғынға ұшырады да, тірі қалғандары малдары мен мүліктерін тастап қашуға мәжбүр болды.
Аяқ астынан кедейленген және ашыққан көшпенділер тобы Бұхара мен Самарқан оазисін толтырды. 1724-25 жылдары жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алып талқандады. Егіншілік, қолөнер мен сауда Сырдарияда тоқтады. Бұл оқиға қазақтар арасында “Ақтабан шұбырынды” ретінде белгілі. Нәубет жылдардағы басқыншылармен күресте қазақ болған құрбандарды халық ауыр азамен еске алады.
Достарыңызбен бөлісу: |