11. Жобалау тәсілі.
Оқу жобасы – білім алушылармен немесе білім алушылардың тобымен ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекеті. Проблемаларды кең тұрғыда шешу әрекетімен және келісілген әдістерімен, жалпы ортақ мақсатының болуымен сипатталады.
Жобалау әдісінің элементтерін қолдану арқылы білім алушылар алға қойған проблеманы шешудің өзіндік жолдарын іздеп табады. Жобалау әдісі білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іске асырылады. Жобалау әдісін қолдану барысында білім алушылардың ұжымдық, топтық жобалар дайындау бойынша атқаратын іс-әрекеттерін ұйымдастыру ұсынылады. Жобалау жұмыстарын ұйымдастыру сабақпен ғана шектелмейді, сабақтан тыс уақытта да бірлесіп жұмыс жасаулары қарастырылады.
12. Дербес оқыту тәсілі.
Дербес оқу – оқу-тәрбие процесін дараландыруға, білім алушылардың жеке ерекшелігін ескеріп оқыту мен тәрбиелеуге, өзіндік танымдық іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастыруға, өзіндік білімін көтеруге дайын болуы мен қажетсінуіне, білім алушылардың ұйымшылдығын, дербестігін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Бәрі бірдей ортақ қарқынды жұмыс жасау арқылы барлық сыныпқа арналған тапсырманы білім алушының өзіндік орындау іс-әрекетін көрсетеді.
Білім, білік, дағдыларын жетілдіруде және қалыптастыруда өтілген материалды бекітуге дербес оқытуды тиімді пайдалануға болады. Дербес оқытуды тиімді пайдаланғанда әрбір білім алушының белсенді оқу әрекеті қамтамасыз етіледі. Ол әрбір білім алушының жеке қарқынды жұмыс істеуіне; білімде кеткен ақтаңдақтарды жоюға, саралап оқуға, әрбір білім алушының жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дербес оқыту білім алушының өзіндік бақылауын күшейтеді, өздігінен білім алуының негізі болып табылады.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар
Ынтымақтастық педагогикасы технологиясы.
Мақсаты: талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау. Оқыту мен тəрбиенің бірлікте бірлігін қалыптастыру.
Ерекшелігі:
мұғалім де, оқушы да субъект болады;
басымдылық көрсетілмейді;
бірлік одақта қызмет етеді;
мектеп ұжымы арасында өзара ынтымақтастық орнайды;
балаға жеке ізгілік қарым-қатынас тұрғысынан қарау;
қоршаған орта педагогикаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |