Лекция тақырыбы: Қазіргі білім беру кеңістігі жағдайында оқушылардың әлеуетін дамытудың жолдары


Білім беруді ізгілендіру технологиясы



бет12/16
Дата10.10.2023
өлшемі55,7 Kb.
#184517
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
6 Лекция

Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш. А. Амонашвили бойынша). Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш. А. Амонашвили. Мақсаты: баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тəрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту, білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасау. Ерекшеліктері:

  1. ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;

  2. бала психикасы дамуға, есеюге жəне еркіндікке құштарлы- ғын қалыптастыру;

  3. əсемдікті, əдемілікті сезіну, қабылдау;

  4. рухани жетілдіру;

  5. ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау;

  6. ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;

  7. оқыту мен тəрбиелеудің бірлігі.

Проблемалық оқыту технологиясы.
Проблемалық оқыту технологиясының негізгі мақсаты – оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық жəне шығармашылық икемділіктерін дамыту. Проблемалы оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының белсенділігін арттыру жəне оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мəнге жеткізу. Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.
Тірек сигналдары бойынша оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов бойынша) .
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В. Ф. Шаталов. Мақсаты: əр оқушының білім, білік, дағдыны қалыптастыру, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балаларды оқыту, жеделдете оқыту. Технологияның мазмұндық ерекшелігі:

  1. материалдар ірілендіріп беріледі;

  2. блоктық түрде беріледі;

  3. оқу материалын тірек сызбалары – конспектілеу арқылы беру;

  4. берілетін ақпаратты, ойды айқын бейнелейтін тірек конспектісі.

Ұжымдық оқыту технологиясы. Мақсаты: əр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тəрбиелеу. Өзін-өзі басқаруға, байқампаздыққа жетелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет