Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі


Х әрпі қазақ топырағына 1938 жылы табан тіреп, орыс сөздерінің құрамында қолданыла келе, төл (қ)



бет5/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Фонет 7.15

Х әрпі қазақ топырағына 1938 жылы табан тіреп, орыс сөздерінің құрамында қолданыла келе, төл (қ) дыбысымызды тықсыра бастады. Оған себеп бірсыпыра сөздерімізде х әрпі жазылатын боды: хат, жабар, хал, халық, хан, хикмет, хикая, хош, хор, хақ, айхай. 1940 жылдарға дейін жай ғана қ-мен жазылып келген бұлардың дені кірме. Тіпті орыс жазуымен алғаш басылған М.Балақаевтың «Қазақ тілінің грамматикасының» бірінші беті «Қабарлы сөйлемнен» басталады. Р.Сыздықова: «Не морфологиялық, не фонетикалық принципке сай келмесе де, бірсыпыра сөздерде х әрпі жазылып кетті. Бұл сөздердегі х әрпі сөздің түбірін сақтау үшін, немесе естілуінше жазылып тұрған жоқ» - дейді.
Орыс тіліндегі х – қатаң, тіл арты, ызың дыбыс. Жасалуы жағынан қ-ға ұқсас. Айырмашылығы қ – шұғыл, х – ызың. Дауыстылар арасында, сөз ішінде шұғыл қ ызыңға жуықтап айтылатыны әлденеше қайталанды. Олай болса, қазқ тілі үшін сөз ішінде х-ны айту жат емес, тек оны сөздің басында, соңында қолдану жөн болмайды.
Һ – бірден-бір көмейден айтылатын фонема. Бұл мынадай сөздерде жазылады: аһ, аһла, гауһар, еһ, еһе, жауһар, жаһіл, жаһһанам, қаһар, қаһарман, мәшһүр, уһ, уһле, шаһар, оһ, оһо. Бұл негізінен араб-парсы сөздері.
Қарапайым сөйлеу тілінде һ көбінесе қ, к қатаңдарымен алмасып айтылады: ақылап-үкілеп, қаһар-қақар, шаһар-шақар. Кейде түсіріліп те айтылады: кәр (қаһар), зәр (заһар), мәшүр (мәшһүр) шәр (шаһар).
Ц, ч фонемалары аффрикат


Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, сызба–кестелер
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, проблемалық, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция.
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:


Күрделі деңгей:
1. Дауыссыз дыбыстардың өзіндік белгілерін тұжырымдаңыз .
2. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың зерттелуі туралы баяндаңыз.


Орта деңгей:
3. Дауыссыздардың дауыс қатысына қарай бөлінуіне талдау жасап айтыңыз.
4. Дауыссыздардың айтылу жолына қарай бөлінуіне түсінік беріңіз.
.
Жеңіл деңгей:
5. Жасалу жолына қарай дауыссыздардың бөлінуін түсіндіріңіз.
6. Қазақ тіліне тән дауыссыздарды анықтап талдаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет