Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі



бет9/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56
Байланысты:
Фонет 7.15

Лекцияның мазмұны:
Дыбыстық құбылыстар-сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Мұның бәрі де айтуды жеңілдетуден туады.
Протеза (грек, ргойіезіз-алдында тұру) –сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуы. Мұндай дыбыс дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын негізінен қысаң дауыстылар. Ол л,р дыбыстарынан басталатын кірме сөздердің алдынан қосылады. Мысалы:
ы: лаж, лай, леген, леп;
і: рәсуа, реніш, леген, леп;
ұ: рұхсат, рух, Роза;
ү: Рүстем, рөл.
Қазақ тілінде протезаның күші елеулі, өз алдына буын болып тұрады.
О, е бірер сөзде протеза болады: ораза (руза), орамал (румал), орыс (русский).
Эпитеза протезаға қарама-қарсы, дыбыстың сөздің соңынан қосылуы. Мысалы: каса батыр (қас батыр), тапа тал түсте (таи тал түсте), сазай (саза), тақтай (тақта).
Элизия (лат. Еіізіо-ығыстыру) –бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дждауыстының алдыңғысының түсіп қалуы. Мысалы: қарала (қара ала), алалмады (ала алмады), жоғаріл (жоғары іл), жақсөлең (жақсы өлең), т.б.
Метатаза (гр, орын ауыстыру)- сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы.
Қазақ тілінде қатар келген пқ, пк дыбыстары қп, кп түрде орындарын ауыстырып айтылады. Мәселен, әпке, тепкі, тепкішек, шапқыла, түпкір, әпкел, т.б.
Аферезис-элизияға қарама-қарсы құбылыс, яғни бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсуі. Бұл қазақ тілінде сирек кездеседі. Мұндай сөздер сирек-ақ: де, же, бұ (л), о (л), не, шылау-да,де,та,те...
Гаплология (гр. Һаріооз жеке, жай-логия-сөз ішіндегі біркелкі буындардың бірінің түсіп қалуы. Мысалы: балдар (ба-ла-лар), арластыр (а-ра-лас-тыр), трагикокомедия (трагикокомедия). Бұл ықшамдаудың нәтижесі.
Диэреза көп жағдайда ассимиляцияға негізделеді. Мысалы т, д шұғыл дауыссыздары екі созылыңқы дауыссыздардың арасында ығыстырылады (мысалы: честный-чеснэй, праздный-празней).
Қосарлы сс, лл, тт, мм дауыссыздарына біткен сөздерге (класс, металл, ватт, грамм) қазақ тілінің аффикстері жалғанғанда, қос дауыссыздың соңғы сыңарлы ығыстырылып, түсіп қалады (мысалы: кластан, металды, ваты, грамнан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет