Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі



бет4/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Фонет 7.15

Т дыбыснан соң ш да ж да ч-ға жуықтап айтывлады: кетчі, атчы, айтчы.
Бұл екі фонема да сөздің барлық позициясында айтылады. Тек ж сөз соңында аз кездеседі: лаж, тәж, мұқтаж, талан-тараж, уәж.
Орыс тілінде сөз соңында ж жазылғаымен, ш болып айтылады. Қазақ тілінде орыс тілі арқылы енген сөздердің соңындағы ж айтылады: гараж, стаж, морж, тираж, экипаж.
К, г фонемалары тілдің артқы шенінің таңдайға тіреліп, тезажырап кетуінен жасалады. Қатаң к дауыссызы сөздің барлық шенінде қолданылады, ал г-ден басталатын сөздер сөз басында аз ұшырайды, ортасында актив кездеседі де, соңында мүлдем айтылмайды. Орыс тілінен енген сөздердің соңында г жазылғанмен (аншлаг, биолог, геолог, диалог, монолог), айтуда к болдаы да, жалғанатын қосымша қатаңнан (педагогқа) басталады. Қазақ тілінің байырғы сөздерінде бұл екі фонематек жіңішке дауыстылармен ғана қатар тұра алады.
Алайда қазіргі орфографиямыз ара-тұра елемей: гауһар, кастөл, хакім, тәкаппар, галстугы деп га, ка, ак, гы түрде жазуға қосады.
Орыс тілінен енген сөздерде бұлар жуан дауыстылармен де қатар тұра береді.
К фонемасы көрші дауысты, үнді және ұяң дыбыстардың әсерінен көбіне ұяңдап г болып айтылады: шелегі (шелек-і), қарагөз.
«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» г әрпінен басталатын 421 сөз бар. Оның 361-і орыс тілінен енген.
Қазақ тілінде бұрын сөздер г-ден басталмаған. Тіпті гүл сөзі күл түрінде: Әйкүл (Айгүл), Тойкүл т.б. болып, к ұяңданбай айтылып келді.
Қ, ғ фонемаларының айтылу жолы бірдей емес. Қатаң қ шұғылға, ұяң ғ ызыңға жатады. Екеуінің жасалу орны бірдей. Айырмасы тілдің арты жұмсақ таңдайға қ-ны айтқан кезде нық тиіп, тез ажырайды да, ғ-да жуықтап тұрады, кішкене тіл дірілдеп тұрады.
Бұл екі фонема да жуан дауыстылармен ғана айтылады.
Қ фонемасы – қазақ тілінде ең актив фонема. Ол сөздің барлық позициясында тұра береді. Қазіргі қазақ тілі лексикасының 14 проценті осы дыбыстан басталады. Ал ғ сөз соңында мүлдем кездеспейді. Сөз басында 213 кірме сөзде, ал сөз ортасында актив ұшырайды. Қ фонемсы к сияқты көрші дыбыстардың әсерінен ұяңданып (ғ) айтылуға бейім тұрады: қарағой, сарғыз, ағала, ағүй, тарағы, құлағы.
В және ф фонемалары орыс тілінен енген. Бұларды айтқан кезде астыңғы ерін үстіңгі күрек тіске жуысады да, араларынан ауа сыздықтап өтеді, яғни бұл екеуі де ызың дыбыс. Айырмашылығы в – ұяң, ф – қатаң. В сөздің басында, ортасында кездеседі, сөз соңында жазылғанмен (актив, пассив, Иванов) қатаң ф болып айтылады да, қосымша қатаңнан (архивке) басталады.
Қатаң ф сөздің барлық позициясында кезедеседі. «Қзаіргі қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» ф әрпінен басталатын 128 сөз бар. В дыбысының қазақ тіліне тән еместігі, байырғы сөззін в-мен айту дұрыс еместігі айтылды. Ф дыбысы туралы да осыны қайталауға тура келеді. Алайда қазақ орфографиясы бірер сөздің құрамында ф әрпін жазуға қосады: мүфти, фәни, саф.
Бұларға қарағанда жалқы есімдерде көбірек жазылып, айтылады: Фарида, Фариза, Фазыл, Фатима. Бұлар да кірме сөздер.
Белгілі фонетистер І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаевтар фамилия соңындағы в әрпі қазақтардың айтуында Борамбайып, тіпті орыстың өзі Сергейіп, Малоп болып кетеді десе, белгілі тіл маманы Р.Сыздықова: «Қазақ фамилияларында келетін в дыбысын ф деп, ал –ев, -ов жұрнағын –ыф, іф деп айтқан жөн. Мысалы: Құнанбайыф, Ілекеріф» (Сөз сазы, 117-б.) – дейді. Бұған біз қосыла алмаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет