№14 Лекция тақырыбы: Ересектік, орта және кемел жас кезеңдерінің
психологиялық ерекшеліктері
Лекцияның оқыту нәтижелері:
1.
Пән бойынша е
ресектік кезеңдегі танымдық эмоционалдық және
мотивациялық сипаттамалар, жастың классификациясына акмеологиялық көз
- қарас
мазмұнымен және мақсаттарымен танысады
.
2.
Пән бойынша
интеллектуалды даму және әлеуметтенудің
психологиялық мәселелерін, орта жастағылар психологиясын, кемел шақ
кезеңін оқып үйренеді.
Лекция мазмұны:
1. Ересектік кезеңге сипаттама (30-60-70 жас).
Ересектік бұл адам өмірінің ең ұзақ кезеңі. Оның басталу және соңғы
шегін көптеген авторлар әртүрлі сипатттайды: 25 жастан 65 -70 жасқа дейін.
Әдетте бұл жасты зейнеткерлікке шығу мен байланыстырады және тұрақты
жас шамалары жоқ. Э.Эриксон бойынша ересектік кезең 25 жастан 65 жас
аралығын қамтиды, яғни бұл кезең ұзақтығы 40 жылға созылады.
Ал біз бүгін ересектік кезеңді шамамен 30 жастан бастап, сонау
зейнеткерлікке шығуға дейін қарастырамыз. Бұл шамамен 60-70 жасқа дейін.
Бірақ ересектік кезеңнің соңғы шегі жеке тұлғаның жекелей және тұлғалық
ерекшеліктеріне байланысты.
Кейбір адамдарда 40 жастан кейін дамуында бәсеңдеу процессі жүрсе,
керісінше, екіншілерде 40 жастан кейін белсенді іс-әрекетпен айналысу
басталады. Тіпті кейбір адамдарда шығармашылық дамуы өмірінің соңына
дейін жүруі мүмкін.
Осы кезеңде бір-бірімен байланысты, бірақ бір-біріне сай келмейтін үш
жас түрін ажыратуға болады:
Хроникалық жас (төлқұжатта көрсетілген жасы);
Биологиялық жасы;
Психологиялық жас.
Адамның биологиялық жасы төл құжатта көрсетілген жасына сай
келмеуі мүмкін. Мысалы: адам 40 жаста организімінің жағдайына
байланысты жас көрінуге болады немесе керісіншіе, осы жаста қартаюдың
белгілеріі айқын көрінуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |