Әрбір практикалық жұмыста мынадай кезеңдерді атауға болады:
Алдын ала зерттеу сипатындағы жұмыстар.
Практикалық түсінікті бекітетін ары қарай істелетін жұмыстар. Бірінші кезең оқушылар жұмысты бастағанға дейін беріледі, ал екінші мәселені талқылап болған соң теориялық білімді практикада пайдаланады.
Жұмыстың мақсаты: шағын жинақты мектептер мен ресурстық орталықтарда биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің ерекшеліктерін көрсету.
Міндеттері:
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің әдістемелік ерекшеліктерін сипаттау;
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің тиімді әдістерін жалпылау;
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар үлгілерін әзірлеу.
Оқушылар талапқа сай бағдарламада көрсетілген әр түрлі зертханалық және практикалық жұмыстарды орындап, осы шарттарды қанағаттандырғанда ғана олардың тұрақты білім мен білік дағдылары тәрбиеленеді және оны орындау қарқыны өседі. Осыған орай, ресурстық орталық базасында «Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды ұйымдастырып өткізудің әдістемесін ұсынамыз.
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің әдістемелік ерекшеліктері
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды ұйымдастыру – өсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен зор құндылық деп түсінуді қалыптастырады. Биология оқу – биосфераны қорғау азаматтың тіршілік етуі ғана емес, бүкіл тіршіліктің (оның ішінде адамда бар) сақталуы және дамуы үшін аса қажет жағдай екенін сезінуге әсерін тигізеді.
Білім мазмұны жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымызда Қазақстан Республикасының жалпы орта білім және білім мазмұнының тұжырымдамаларын, жаңа базистік оқу жоспарын құрастыру кезінде орталықтан басқарылатын білімнен бас тарту және оның үрдістік және дамытушылық жағына, өз бетімен білім алу тәсілдеріне басымдылық беру көзделген. Осы стандарт негізінде әзірленген «Биология» пәнінің оқу бағдарламасында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми көзқарасы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыруға айтарлықтай көңіл бөлінген. Оқу пәнінің білім мазмұны «Жалпы биологияны» оқытуға бағытталған бөлімдер мен тақырыптарды, практикалық дағдыларды меңгеру мақсатында, қоршаған орта мен адам денсаулығын сақтау мәселелері негізінде зертханалық жұмыстар берілген. Биология пәнінің оқу бағдарламасында зертханалық және практикалық жұмыстардың тақырыптары әр сыныпқа анық көрсетілген.
6-сыныптағы базалық білім мазмұны келесі зертханалық және практикалық сабақтардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |