Зертханалық жұмыстар: Споралы және тұқымды (ашық тұқымды және жабық тұқымды) өсімдіктермен танысу: көкек мүгі, қырықжапырақ, кәдімгі қарағай, қызанақ;
Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу; Пияз өңінің, жапырақ эпидермисінің микропрепаратын даярлау; Осы микропрепараттарды ұлғайтқыш құралдар арқылы, қарап өсімдік жасушасының құрылысын зерттеп білу;
Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы. Көкөніс дақылдарының алуан түрлі тұқымдарымен танысу;
Түрлі өскіндерден тамырдың сыртқы құрылысын зерттеп білу (ас бұршақтың, асқабақтың, үрме бұршақтың және бидайдың). Тамырдың өсу (созылу) аймағын тауып анықтау. Тамырдың түрөзгерістері;
Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы. Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақтағы лептесіктерді табу. Жапырақтың ішкі құрылысы. Жапырақтың түр өзгерістері. Ағаштың көлденең кесіндісіндегі жылдық сақиналарды табу. Тамырсабақтың түйнектің және пиязшықтың құрылысын қарау;
Гүлдің құрылысы мен танысу. Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру;
Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу;
Бір жасушалы және көпжасушалы балдырлардың микроскоптық және сыртқы құрылысы. Мүктердің сыртқы құрылысы. Қырықжапырақ тәрізділердің сыртқы құрылысы. Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылысы. Қылқанжапырақты өсімдіктердің бүрлері мен тұқымдарының құрылысын зерттеп білу. Шаршыгүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Бұршақ тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Күрделігүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Лалагүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Пияз тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Астық тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы;
Пішен таяқшасы бактериясын микроскоп астында қарап, сыртқы құрылысымен танысу. Бұршақ өсімдіктерінің тамырындағы түйнек бактерияларын микроскоп астында қарап құрылыс ерекшеліктерімен танысу;
Микроскоптық мукор саңырауқұлағының сыртқы құрылысын зерттеп білу. Түтікшелі және қатпарлы қалпақты саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысы. Қабық (қаспақ) тәрізді қынаның жемісті денесінің сыртқы құрылысын зерттеп білу. Қыналардың екі-үш өкілдерінің құрылыс ерекшелігімен танысу.