Лекция тақырыбы: Мектептің биологиялық білім беру бағдарламасындағы 6-сыныпта жүргізілетін зертханалық жұмыстардың әдістемелік негіздері Лекцияның оқыту нәтижелері



бет2/6
Дата24.11.2023
өлшемі32,76 Kb.
#193339
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 лекция Nurlan Akhmetov

Мұғалімнің мақсаты: биология бөліміндегі зертханалық, практикалық сабақтарды жоспарлап өткізу. Дұрыс ұйымдастырылған зертханалық және практикалық сабақтың оқушы үшін тиімділігі төмендегідей:

  1. Оқушы тақырыпқа байланысты ауызша алған түсінігін тәжірибе жасау арқылы толық меңгереді.

  2. Алған білімін іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

  3. Мұғалімнің түсіндіруі арқылы алған біліміндегі маңызды құбылыстардың қасиеті мен құрылысы туралы білімін нақтылап мәнін терең түсінеді.

  4. Зертханалық жұмыс істеу тәсілдерімен әдістерін игереді.

  5. Сабақта танысқан өсімдіктердің ішкі құрылысын, дене бөліктерін толық ажыратуға дағдыланады.

  6. Зертханалық, практикалық сабақ барысында оқушылардың биология ғылымының салаларына деген қызығушылығы артады.

  7. Зертханалық, практикалық жұмыс кезінде пайдаланатын құрал–жабдықтармен жұмыс жасау тәртібімен танысып, үйренеді.

  8. Зертханалық, практикалық жұмыс барысында оқушылар еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді және әсемдік тәрбие беріледі.

  9. Бақылау сұрақтарына жауап береді.


Зертханалық сабақтардың жүру барысы:

  1. Әрбір зертханалық сабақтың мақсаты болады.

  2. Керекті құрал-жабдықтар.

  3. Жұмыстың барысы. Зертханалық аспаптармен жабдықтарды көрсетіп, оларды сабаққа қалай пайдалану керектігі, жұмыстың барысынан қысқаша түсінік береді.

  4. Зерттеуге алынған препаратты, онымен қалай жұмыс жасау керектігі туралы айтады.

  5. Жұмыс жасау тәсілдерін айтады.

  6. Оқушылар арнайы зертханалық жұмысты қорытындылау дәптеріне жұмыстың жүру барысын жазып, жұмыстың нәтижесін түсіндіреді.

Практикалық сабақтың кезеңдері:

  1. Жұмыстың мақсатын ескертетін мәселе қою;

  2. Техникалық және ұйымдастыру жөніндегі инструктаж;

  3. Жұмысты орындау (анықтау, бақылау, тәжірибе қою);

  4. Нәтижесін бекіту;

  5. Қойылған мақсатқа сай қорытынды;

  6. Есеп немесе өз жұмысы туралы хабарлама.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет