Лекция тақырыбы: Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Лекцияның оқыту нәтижелері


 Басқарушылық қызметтің жүзеге асырылу әдістері



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата11.09.2023
өлшемі282,93 Kb.
#180750
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Лекция № 1МЕН (1)

 
5. Басқарушылық қызметтің жүзеге асырылу әдістері 
Басқару дегеніміз – 
алға қойған мақсаттарға жету үшін адамдар 
бағыттап, жүзеге асыратын күрделі де серпінді процес. Өндірісті басқаруды 
жүзеге асыру ісінде басқару әдістері жүйесінің маңызы зор. Басқару 
субъектісінің басқарылатын обьектіге ықпал жасау әдістері басқару әдістері 
деп түсініледі.
Басқару әдістері дегеніміз – 
басқару процесінің маңызды элементі. 
Басқарудың прогресшіл әдістерінің болуы, оларды іс жүзінде шебер 
пайдалана білу өндірісті басқару тиімділігінің алғышарты болып табылады.
Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың 
ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін 
өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланылатын басқа 
да техникалық және технологиялық әдістерден ерекше етеді.
Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы 
техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен 
ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын 
қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер – басқару қызметінің мәні және негізгі 
мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске 
асырылады.
Жалпы түрде алғанда, басқару әдістерін мынадай екі үлкен топқа бөлуге 
болады: 
а) бүкіл басқару жүйесіне жататындар(жалпы әдістер); 
б) басқару жүйесінің жекеленген бөліктеріне жататындар(шағын 
ауқымдағы әдістер). 
Басқарудың жалпы әдістері: 
-
кәсіпорын, бірлестік, экономикалық 
аймақ деңгейіндегі басқару қызметінің 
неғұрлым нақты тәсілдеріне; 
-
министрліктердің, 
мемлекеттік 
комитеттердің қызмет әдістеріне; 
-
түрлі деңгейдегі басшылардың өз 
қызметінде қолданатын әдістеріне; 
-
белгілі бір басқару функцияларын 
іске асыру әдістеріне бөлінеді.
Нақты әдістер немесе жұмыс стилі
 
деп аталатын бұл әдістердің бәрі 
шағын сипатта болады, өйткені олар қайсы бір жекелеген басқару органына, 
қызметкерге қатысты.
Басқару теориясы мен өндірісті басқарудың тәжірибесі үшін ең алдымен 
басқару әдісінің мәселесіне бүкіл қоғамдық өндірісте қолдануға болатын 
жалпылама түрде талдау жасау маңызды. Іс жүзіне басқару әдістерінің: 
-
өзінің мазмұнымен (олар қандай 
басқару қатынастарын білдіреді); 
-
мақсатымен (қандай обьективті 
заңдарын іске асырудың құралы екендігімен); 


-
қызмет мотивтеріне байланысымен 
(осы мотивтердің қайсысын білдіреді); 
-
қолдану 
формаларымен 
(дара, 
коллегиялық, ұжымдық). 
Осы жүйеде ұжымдарға, жекелеген қызметкерлерге, тұтас 
экономикалық жүйелерге белгілі бір басқару буынының алдына қойылған 
міндеттерді, соның ішінде: 
-
экономикалық; 
-
ұйымдық-әкімшілік; 
-
әлеуметтік-психологиялық 
міндеттерді жүзеге асыру үшін ықпал 
жасауды мақсат ететін әдістер маңызды орын 
алады.
Басқару әдістеріне талдау жасау кешенді көзқарасты, әдістің мазмұнын, 
оның бағытын және ұйымдық формасын бөліп көрсетуді талап етеді.
Басқару әдістері өндіріске тән обьективті заңға сәйкес келген жағдайда 
басқару мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді. Сонымен, басқару әдісі 
дегеніміз – обьективті заңдардың талаптарын іске асырудың әдісі. Басқару 
әдісінің мазмұны обьективті заңдардың мазмұнына байланысты.
Сонымен қатар, мақсатқа жету үшін әдістің жай ғана обьективті 
заңдардың талаптарына сай келуі жеткіліксіз. Осы талаптарды өндіріс 
қызметкерлеріне ықпал ету әдістеріне айналдырудың жолдарын табу қажет, 
өйткені экономикалық процестер өзінен өзі, өндіріс процесіне 
қатысушылардың қызметінен тыс өмір сүрмейді. Сондықтан, басқару әдісі 
оған түрткі болатын әсердің мазмұнымен ғана емес, бағытымен де 
сипатталады.
Басқару әдісі орындау жүйесі арқылы жүзеге асырылады және белгілі 
бір ұйымдық форма алмай қоймайды. Басқару әдісінің елеулі әдісі оны 
құқықтық жағынан рәсімдеу болып табылады. Басқаруды құқықтық жағынан 
регламенттеу өндіріске басшылық етудің көбінесе мемлекеттік сипатта 
болуынан туындайды. Басқару әдістері өндіріс пен қызметкерге түрліше 
ықпал етеді.
Нарық қатынастарын көшу кезеңінде өндірістік мотивация 
қызметкерлердің нақты қажеттері мен мүдделеріне, оның мәдениеті мен 
саналылығына негізделеді.
Ықпал ету сипаты жөнінен барлық басқару әдістерін үш топқа:
-
материалдық себеп әдістеріне; 
-
әлеуметтік себеп әдістеріне; 
-
билік ету себептері әдістеріне 
бөлуге болады. 
Осы топтардың әр қайсысы: 
-
оңды себепті (ынталандыру); 
-
теріс себепті (жазалау, мәжбүр ету) 
қамтиды. 


Бұл әдістер жекеленген қызметкерге де ұжымға да ықпал ету әдістері 
болып табылады. Тәжірибеде таза себеппен жасалатын ықпал болмайды. 
Мәселен, материалдық қажеттерді қанағаттандыру әлеуметтік себептер үшін 
база жасайды. Бірақ бұл ықпалдарды бөліп алып, жеке-жеке қарауға болады. 
Материалдық себептер мынадай үш түрде: қоғамдық; ұжымдық; жеке 
түрде көрінеді. 
Материалдық себептерге: 
-
материалдық 
жағынан 
ынталандыру; 
-
күштеу шаралары: айып салу, өсім 
алу және басқа да материалдық жазалар 
қолдану жатады. 
Әлеуметтік себеп құралдарының арсеналы өте зор – кең көлемді насихат 
және үгіт жұмысынан жеке көтермелеудің әр алуан формаларына дейін 
жетеді. Әлеуметтік себептер оңды (материалдық көтермелеу) және теріс 
(жазалау) болуы мүмкін.
Билік ету себебі қызметкерді кез-келген жағдайда қимыл жасауға 
мәжбүр ету мүмкіндігінен негізделеді. Мұндай мүмкіндік мемлекеттің, 
қоғамның беделімен қамтамасыз етіледі және тиісті күштеу тұтқалары 
арқылы қамтамасыз етіледі.
Ықпал ету үлгісі бойынша басқару әдістері мыналарға: 
-
тура немесе тікелей ықпал етуге; 
-
міндеттер қоюға; 
-
ынталандыратын жағдай жасауға 
бөлінеді. 
Тура ықпал етуге басшының ешқандай түсініктеме бермей, егжей-
тегжей нұсқау түрінде өкім беруі тән.
Міндет қою – сан қырлы әдіс, өйткені міндеттердің тәптіштелу дәрежесі 
әр түрлі болуы мүмкін. Бұл қазіргі басқарудың негізгі типі.
Ынталандыратын жағдай жасау басшылықтың мақсаттарына сай келетін 
жолды орындаушылардың өздері таңдап алатын жағдайда жеткізуге тиісті. 
Адамдағы жұмыста бұл әдістің, мүмкіндіктері шектеулі, ол ұзақ мерзімді 
перспективаға арналған жалпы ықпал ету әдісі болып табылады.
Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде басқарудың 
экономикалық әдістері зор маңыз алып отыр. 
Басқарудың экономикалық әдістерінің мазмұны еңбек және материал 
шығындарын мейілінше аз жұмсай отырып, мейілінше жақсы өндірістік 
нәтижелерге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне 
нысаналы ықпал ету болап табылады.
Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерлерге белгілі бір 
экономикалық тұтқаларды (өзіндік құн, пайда, баға, жалақы) пайдалану 
жолымен ықпал ету экономикалық әдістер деп түсіндіріледі.
Экономикалық әдістер орындаушыларға олардың экономикалық 
мүдделері арқылы жанама ықпал етудің пайдаланылуын көздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет