Басқарудың экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты
–
кәсіпорынның ұжымдары мен жекелеген қызметкерлері барынша белсенділік
көрсетуге ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету.
Басқарудың әлеуметтік−психологиялық әдісі
–
жеке тұлғаның және
ұжымның әлеуметтік−психологиялық қасиеттерін пайдалану, адамдарға
еңбекке деген сана−сезім қатынасын тәрбелеу жолымен ықпал жасау тәсілі.
Басқарудың әлеуметтік−психологиялық әдістері қызметкерлердің
әлеуметтік белсенділігін көтеру мақсатында қолданады, рухани
мотивацияларға негізделеді, солардың көмегімен қызметкерлердің ойына,
адамдардың әлеуметтік−этикалық, дін және т.б. қызығушылықтарына әсер
етеді және еңбек қызметін моральдық ынталандырады. Олар ендігі
міндеттерді орындайды:
− тәртіпті нығайтады;
− кадрларды үйлесімді таңдайды және орналастырады;
− персоналды үйлесімді қалыптастырады;
− ұжымда жеке аралық қатынастарды реттейді;
− қызметкерлер жұмысын тиімді ынталандыруды жоғарлатады.
Ұйымдық әкімшілік әдістер
билікке, тәртіпке және ескертулерге
негізделеді.
Басқарудың ұйымдық әкімшілік әдістері дегеніміз
-
өндіріс
процесінде қызметкерлер арасында қалыптасатын ұйымдық қатынастарға
тікелей басқарушылық ықпал жасау тәсілдері мен жолдары құралдарының
жиынтығы болып табылады.
Ықпал ету әдістері айқындылықты, тәртіптілікті, реттілікті, шешімдерді
орындауды, қызметкерлермен жұмыс жасауды жүзеге асырады.
Ұйымдық-әкімшілік ықпал 3 бағытта жүреді:
а) Басқарылатын жүйе элементтері (технология, өндіріс, еңбекті
ұйымдастыру, ресурстар, құрал-жабдық, қызметкерлер т.б.) арасында
байланыстар мен арақатынастарды реттеу
ә) Байланыстар мен қатынастарды бөлу
б) Басқаратын және басқарылатын жүйелер арасында өзара іс-қимыл
жүргізу
Әкімшілік-ұйымдастыру әдістері дегеніміз басқарушы жүйенің
иерархиялық дамуын ұйымдастыру - әр деңгейдегі қызметкерлер өзіне
жүктелген жауапкершілікті толық түсініп, жоғарғы деңгейден түскен
жарлықтарды бұлжытпай орындауға міндеттілігі. Бұл әдіс басқаша
иерархиялық
әдіс деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |