Лекция тақырыбы: piza, timss халықаралық зерттеулері


Басқарушылық құзыреттіліктің



бет5/15
Дата20.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#186880
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
8-лекция
Срез 12.10.2021 КАЗ, 4 пәннен СРЕЗ Тест 8-нұсқа КАЗ, адвокатура, хаттама тәрбие 2022-1, 11-БЖБ-1
Басқарушылық құзыреттіліктің қалыптасуы:
– жас ерекшеліктеріне сәйкес ұжымда және отбасында оқу, қоғамдық және еңбек іс-әрекетін жоспарлау білігінен;
– туындаған міндеттерді шешетін тәсілдерді табу, ұсыну, қабылдау білігінен;
– әртүрлі бақылау формаларының (өзін-өзі бақылау, өзара бақылау) негізгі құралдарын меңгеру білігінен;
– ұжымда ұйымдастырушылық білігінің байқалуынан;
– шығармашылық іс-әрекетіне деген талабынан көрініс табуы тиіс.
Коммуникативтік құзыреттілік тілдің грамматикалық және синтаксистік нормаларына сәйкес ауызша және жазбаша сөйлеудің формаларын меңгеруді, мәдени қарым-қатынас нормасын сақтауды болжайды.
Коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасуы:
– өз ана тілін және мемлекеттік тілді білуінен;
– сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерін (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) меңгеруінен;
– әртүрлі іс-әрекет түрлері жағдайында адамдармен өзара қарым-қатынас жасау білігінен;
– құрдастарымен, кіші жастағы балалармен және үлкендермен қарым-қатынас жасау шеберлігінен;
– сөйлеу мәдениеті ережесін сақтауынан;
– диалогиялық және полилогиялық қарым-қатынасқа қатысу білігінен;
– мәселені ұжымда талқылауда тыңдай және оған қатыса алу білігінен;
– өз ойын дұрыс, толық, жүйелі және нақты жеткізе алу білігінен;
– тілдің грамматикалық және синтаксистік нормаларына сәйкес сөйлеудің монологтық және диалогтық формаларын меңгеруінен көрініс табуы тиіс.
Ақпараттық құзыреттілік оқулық, әдеби, энциклопедиялық және анықтамалық кітаптар мәтіндерінен әртүрлі ақпаратты табу, таңдау, іріктеу, талдау, қайта өңдеу, қолдану біліктіліктері мен дағдыларын көздейді.
Ақпараттық құзыреттіліктің қалыптасуы:
– ақпаратпен жұмыс істеу білігінен;
– зерттеушілік іс-әрекет негізін меңгеруінен;
– бір-бірімен ақпарат алмасу білігінен;
– оқу мәтінімен өздігінен жұмыс істеу білігінен;
– қосымша материалдардан танымдық сипаттағы материалдарды іздеу білігінен;
– ақпараттық-танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгеруінен көрініс табуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет