зайырлы құқықтық жүйе мен ислам құқықтық жүйесі деп аталатын жаңа пәнді енгізсе болады.
Ендеше осы дәрістер аясында діни радикализм, діни экстремизм және діни сипаттағы
терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуге
болады. Өз кезегінде құқық қорғау органдары мен өзге жоғарғы оқу орындарының
қызметкерлерімен кездесуді жиі өткізгені жөн. Осындай кездесулерде «
экстремизм мен діни экстремизмнің өзара арақатынасы », «
дін және діни экстремизм », «
такфир, жиһад, шаһид », «
күнә және қылмыстық кінә дегеніміз не ?» және т.б. тақырыптар
төңірегінде болғанын дұрыс есептейміз.
Сонымен бірге кейбір молдалар, халық және құқық қорғау қызметкерлері арасында
түсінбеушіліктерді тудырып жүрген «
эксгумация », «
суицид » және т.б. мәселелерге
туралы жіті назар аударып, тиісті өзара түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Сонымен, осы жоғарыда діни білім беру жүйесінде діни экстремизмнің алдын
алудың кейбір қырлары қарастырылды. Аталмыш мәселелер дұрыс әрі тиімді
қарастырылса, онда медресе әкірттерінің
ұлттық ,
мұсылмандық және
құқықтық санасы бірізділікпен, өзара үйлесімділікпен қалыптасар еді. Бұл жалпы білім беру
жүйесінің, оның ішінде діни білім беру жүйесінің жемісті еңбегі болары анық.
Оқытудың техникалық құралдары: презентациялар
Лекцияның оқыту әдістері мен түрлері: интербелсенді дәріс
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі) 1-деңгейдің сұрақтары 1. «Қиын балалар», «девиантты балалар», «проблемелы балалар», «қауіпті балалар
тобы» ұғымдарының мәні.