Лекция тақырыбы: Сутегі. Оның қосылыстары су және ауыр су. Лекция жоспары: Сутегі және оның қосылыстары. Ауыр су туралы



бет53/55
Дата27.04.2022
өлшемі267,85 Kb.
#141067
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
1 лекция (2)

Лекция жоспары:


  1. Металдар химиясы

  2. Металдардың физикалық қасиеттері

  3. Металдардың беріктігі

  4. Металдардың иілгіштігі

  5. Металдардың қаттылығы

Лекция мақсаты мен міндеті : Металдық байланыстық механизмін түсіндіру, периодтық жүйе бойынша орнын, құрылысын және қасиеттерін қарастыру


Лекцияның мазмұны.


Металдар дегеніміз – электр тоғы мен жылуды жақсы ӛткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты. Сынаптан басқа металдардың кристалдық тор кӛздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бӛлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты. Металдардың қаттылығы мен температураға тӛзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рӛл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (мәселен:күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола.
Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге тӛзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Ӛнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т.б.) жасауда, т.б. кеңінен қолданылады.
Табиғатта кӛп кездесетін металдар қатарына жатады:
Al (8,8%)
Fe (4,65%)
Ca (3,6%)
Na (2,64%)
K (2,5%)
Mg (2,1%)
Tі (0,57%)
Mn (0,1%)
Ba (0,05%)
Sr (0,03%)
Қалғандары (0,1365%)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет