Лекция. Тақырыбы: Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытудың арнайы жағдайлары Лекция мақсаты



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі322,79 Kb.
#83153
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция6 МАТЕМ

 Өмірлік іс-әрекеттің арнайы ортасы
. Мектепке кіру баспалдақтан 
басталады, бұл тірек-қозалысаппараты бұзылған, бір жерден келесі жерге 
бару үшін арнайы арба, балдақ, таяқ және басқа да құралдарды қолданатын 
балалар үшін қатаң немесе алынбайтын кедергі болып табылады. Пандус 
неғұрлым жазық және жайпақ болуы тиіс, яғни оқушы арбамен өз бетінше 
көтеріле және түсе алуы тиіс. Пандустың ені – 90 см. кем емес, пандустың ең 
қажетті ерекшелігі оның екі жағынан орнатылатын қоршағыш бүйірі және 
тұтқалары болып табылады. Есіктер пандусқа қарама-қарсы жаққа қарай 
ашылуы немесе кіре беріс қоңыраумен жабдықталуы тиіс. Есік ойығының ені 
80 – 85 см. кем болмауы тиіс. Арбамен келген оқушы жоғары қабаттарға 


көтеріле алуы үшін, лифт қарастырылуы немесе баспалдақтарда арнайы 
көтергіш құрылғылар орнатылуы қажет. 
Киім шешетін бөлмеде өтетін орындардан шеткері жерде арнайы орын 
бөліп, оны тұтқалармен, орындықтармен, сөмкелерді және киімдерді ілуге 
немесе қоюға арналған сөрелермен және ілгіштермен жабдықтау немесе 
арнайы бөлме бөлу қажет. Мүгедектер, сонымен бірге арбалы-мүгедектер 
үшін арнайы дәретхана кабинкасын қарастырған жөн, есіктің ені 900 мм. кем 
болмауы тиіс, кабинада унитаздың бір жағында арбаны орналастыруға және 
арбадан унитазға ауысып отыруға болатын бос аудан қарастырылуы тиіс. 
Кабина тұтқалармен, штангалармен және т.б. арнайы құралдармен 
жабдықталуы тиіс. Сынып бөлмесіне кіретін есік табалдырықсыз болуы тиіс. 
Арбадағы бала үшін оқушы орнының ең кем мөлшері (мүгедек арбасының 
бұрылу есебімен) – 1500 – 1500 мм. Мүгедек арбасын, балдағын, таяғын және 
т.б. сақтау үшін (егер оқушы арбадан орындыққа ауысып отыратын болса) 
партаның жанында қосымша кеңістіктің болуын қарастыру қажет. Тақтаның 
алдында оқушы арбамен немесе балдақпен еркін қозғала алуы үшін, 
тақтаның жанындағы өту орны бос болғаны дұрыс. Сынып тақтасы төменірек 
ілінуі тиіс. 
Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытудың арнайы 
жағдайлары.
Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған балаларды оқытудың негізгі 
міндеттері МЖБС сәйкес жалпы білім беру, сонымен қатар олардың сөйлеу 
тілдік әрекеттеріндегі ауытқуларды, соған байланысты пайда болған 
балалардың психологиялық даму ерекшеліктеріндегі кемшіліктерді жеңуді
олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін теңгеруші (компесаторлық) 
дағдылардың қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады. Сөйлеу қабілеті 
күрделі бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайын да (қажетті 
психолог-педагогтік қамтамасыз ету барысында), сондай-ақ жалпы білім 
беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін. Сөйлеу 
қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте 
оқытудың ұзақтығы: 
- бастауыш білім беру деңгейінде – 0 (даярлық), 1-4 сыныптар; 
- негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар. Негізгі мектепті 
бітіргеннен кейін жеткіншек білімін ТжКБ ұйымдарында жалғастыра алады.
Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының 
тежелуімен, сөйлеу тілі бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды 
меңгерудің 
қиындығымен, 
түзету-сауықтыру 
шараларын 
өткізудің 
қажеттігімен байланысты болып отыр. 
Мектепке дейінгі сәйкес дайындықтан өткен балалар 1-ші арнайы 
сыныпқа қабылдануы мүмкін. Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген, 1-ші 
сыныптың бағдарламалық материалын меңгеру үшін жеткілікті сөз және 
ұғымдар қоры жоқ оқушылар, арнайы даярлық сыныбына қабылданады. 
Сөйлеу тілдік әрекеті нормаға сәйкестендірілген жағдайда оқушы оқытудың 
кез келген сатысында жалпы білім беретін мектептің кәдімгі сыныбына 
ауыстырылуы мүмкін. 


Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
Сөйлеу қабілеті күрделі 
бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында оқыту, тілдік дамудың 
бұзылуын жеңуге және оқушылардың оқу бағдарламалары мазмұнын 
меңгеру мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған түзету компонентін қамтитын 
арнайы Үлгілік оқу жоспарларына жүзеге сәйкес асырылады. Оқыту жалпы 
білім беру бағдарламаларымен де, сондай- ақ арнайы бағдарламалармен де, 
түзету пәндерінің бағдарламаларымен де жүзеге асырылады. 
Оқу процесінде оқушылардың сөйлеу және танымдық ерекшеліктерін 
ескеретін арнайы әзірленген дидактикалық материалдарды, АКТ және басқа 
да материалдарды қолдану қажет. Оқушылардың білім алудағы ерекше 
қажеттіліктерін қанағаттандыру Оқытудың түзетушілік бағыттылығы білім 
берудің түрлі деңгейінде оқушылардың тілдік және тұлғалық ерекшеліктерін 
ескере отырып, жалпы білім беру пәндерінің мазмұнын оқыту әдістемесі 
саласына бейімдеу және өзгертудің көмегімен жүзеге асырылады. 
Түзету-дамытушылық нәтиже арнайы пәндер (Айту, Тілді дамыту) 
және тілдік кемістіктері бар оқушыларға бейімделген жалпы білім беретін 
пәндер (Сауат ашу, Әдебиет, Ана тілі), яғни түзетуші лингвистикалық курс 
арқылы орындалады. Аталған курс тұлғаның тілдік әрекетінің толық 
қалыптасуының және қоғамға ойдағыдай бейімделуінің маңызды құралы 
болып табылады. Түзету сабағы ретінде оқу жоспарына: «Түзету ырғағы» 
және логопедиялық сабақтар енгізілген. 
«Түзету ырғағы» курсының негізгі мазмұнын сөздер мен музыканың 
үйлесімді ырғағындағы қозғалыс әрекеті құрайды. Сабақтар оқушылардың 
қозғалыс жүйесін, интеллектуалдық және сенсорлық мүмкіндіктерін түзетуге 
және дамытуға, сөйлеудегі кемшіліктерін жоюға бағытталған. Логопед 
сабақтары сөйлеудің күрделі бұзылуларын жеңуге, сонымен қатар бастауыш 
мектепті аяқтаған кезде оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілі 
қалыптасып, сөздерді айтудағы кемістіктерін жоюға бағытталады. 
Логопедтік 34 сабақтар жеке және 2-4 адамнан тұратын шағын топтарда да 
өткізіледі. Негізгі және орта білім беру деңгейінде логопедтің жұмысы жазу, 
оқу, дауыс, сөйлеу жылдамдығы мен ырғағын түзетуді қамтамасыз етуі тиіс. 
Өмірлік іс-әрекеттің арнайы ортасы Жалпы білім беретін сабақтарға арналған 
бөлмелерден басқа, мектепте логопед сабақтарын, психолог өткізетін 
сабақтарға және түзету ырғағын өткізуге арналған бөлмелер болуы тиіс.
Инклюзивті білім беру мәселелерімен айналысатын ғалымдар, қалыпты 
балалар, әдетте, ересектердің көмегінсіз топтың, үйірме немесе сыныптың 
ажырамас мүшесі мен қатысушысы болғысы келген кез келген ерекше 
қажеттіліктері бар құрбы-құрдастарына қуана көмектесетінін айтып 
көрсетеді. 
Инклюзивті білім беру мекемелеріне баратын балалардың ата-аналары 
олардың (балаларының) «өзге» балалармен оқып жүргенін тіптен сезбейтінін 
айтады. Балалар ата-аналарына сыныбында ым-ишаратпен (мылқаулар 
тілінде) немесе суреттер (суреттердің көмегімен қарым-қатынас жасау 
жүйесі) сөйлесе алатын балалардың бар екенін айтқанмен, мұндай 
балалардың дамуда артта қалып келе жатқанын бірде-бір рет айтпаған. 


Инклюзивті педагогика – ақиқатында, адамгершілік педагогикасы. 
Инклюзивті мектептердің болуы тек мүгедек балаларға ғана емес, қалыпты 
дамып келе жатқан балаларға да оң ықпал ететінін айта кету керек. 
Мүмкіндігі шектеулі құрбыларына көмектесе отырып, қалыпты дамып келе 
жатқан балалар білім беру және әлеуметтік іс-әрекеттерге белсенді қатысып 
қоймай, адамгершіліктің өмірлік сабақтарын да алып отырады. Бұл оң 
тәжірибе әлеуметтік саналылықтың, адамдар арасында айырмашылықтың 
болмауы, өзін өзі құрметтеу мен өзін өзі бағалау, өз ұстанымдарын 
қалыптастыру, ең соңғысы, шынайы достық пен қамқорлықтың өсуінен 
көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет