Лекция тақырыбы: Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері. Лекцияның оқыту нәтижелері



бет2/6
Дата07.03.2022
өлшемі0,96 Mb.
#134609
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 5

Лекция мазмұны: Темперамент, мінез және қабілет. Темперамент анықтамасы. Жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің негізі ретінде. Темпераменттің анықтамасы. Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик. Темперамент пен мінездің ара қатынасы. Мінездің анықтамасы. Мінез акцентуациясы және тәрбие. «Ұлттық мінез» ұғымы. Тұлғаның қабілеті және нышандары.
Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдiгi, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бәрi осы темперамент табиғатымен түсiндiрiледi. Дегенмен, осы күнге дейiн темперамент мәселесiнiң шешiлмеген, таластартысты қырлары баршылық. Бiрақ проблемаға байланысты көзқарастардың көптiгiне қарамай, ғалымдардың бәрiнiң мойындайтыны: темперамент - жеке адамның әлеуметтiк тұлға ретiнде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи iрге тасы. Темперамент көбiне адамға тума берiлген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы (динамика) сипатын бейнелейдi. Сондықтан, темпераменттiк қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгерiске келе бермейдi. Назар аударарлықтай ерекшелiк, темпераменттiң әрқилы қасиеттерi бiр-бiрiмен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негiзiнде түрлi темпераменттiң белгiлi құрылымын түзедi.
Сонымен, темперамент - адамның психикалық әрекетiнiң нақты динамикасын айқын-дайтын психиканың дара қасиеттерiнiң жиынтығы. Бұл психикалық ерекшелiктер адамның барша iс-әрекетiнде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткiлерiне тәуелсiз бiрқалыпты көрiнедi, есейген шақта да өзгерiске түспей, өзара байланыста темперамент кейпiн өрнектейдi.
Темперамент түрлерiнiң жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзiнiң ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераменттi реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты iс-әрекетте оның тиiмдi жақтарын саналы әрi өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға ба-ғытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бiтiстерiн айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына бiрiктiруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бiрiгiмiн психология тарихында алғашқыдан темперамент типтерi деп атаған. Темпераменттердiң бұл бiрiгiмдiк (типологиялық) жүйесi өмiрлiк iс-әрекет тұрғысынан өте тиiмдi, себебi оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгiлi темперамент типiне жататын адамның болашақ әрекет-қылығын күнi iлгерi пайымдауға әбден болады.
Темпераменттер жөнiндегi ғылымның iрге тасын қалаған ежелгi грек дәрiгерi - Гиппократ (б.э.д. V ғ.). Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт "дене шырындарының" - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыралады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгi дүние дәрiгерi Клавдий Гален (б.э.д. II ғ.) алғашқы рет темперамент түрлерiне ғылымдық си- пат бердi. Гален темперамент түрiн денеде жоғарыда аталған шырындардың бiрiнiң басымдылығымен байланыстырды. Ол бiздiң заманымызға дейiн жеткен темперамент атауларын белгiледi: сангвиник (sangius - қан), флегматик (phlegma - шырыш), холерик (chole - өт), меланхолик (melaschole - запыран). Гален ендiрген бұл ғажайып жаңалық кейiнгi жүзжылдықтар желiсiнде көптеген ғалымдар iзденiсiне күштi ықпалын тигiздi.
Ежелгi дәуiрлерден бастап зерттеушiлер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметiнiң ерекшелiктерiмен сай келетiн көп түрлi әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтiруге ат салысты. Осыған орай темпераменттiң көп түрлi типологиясы қалыптасты. Бұлардың iшiнде назар саларлықтай тип - адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттерiне негiзделген - конституциялық типология (Э.Кречмер). Бұл теорияның мәнi: әр адам өз дене құрылымына орай өзiндiк психикалық ерекшелiкке ие. Осыдан, дене мүшелерiнiң (қол, аяқ, бас, кеуде ж.т.б.) сырттай өлшемдерiне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгiленген:
Лептосоматик - бойшаң, нәзiк денелi, көкiрек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол- аяғы ұзын, сидыйған.
Пикник - мығым, семiзшең, кiшi немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.
Атлетик - бұлшық еттерi күштi дамыған, денесi мығым, берiк; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектерi тартылған.
Диспластик - дене бiтiмi қисынсыз. Бұл адамдар - әрқилы мүшелiк зақым- сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемiстер).
Аталған дене құрылымы типтерiне үш темперамент типi сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик.Шизотомик - дене құрылымы нәзiк, әлсiз дамыған (астенический), тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгерiмiне ере бермейдi, осыдан қоршаған ортаға икемдесуi қиын. Иксотомик- денесi мығым (атлетический), мiнезi байсалды, сезiмталдығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабiлетi шабан, көбiне майдашыл. Циклотомик - семiзшең, домаланған денелi, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бiрдей, тiл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негiзiн қалаған - Э.Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзiндiк ерекшелiктерiмен осы ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та одан әрi жалғастырған У.Шелдон болды. Бұл ғалымның да темперамент типтерiн айыруда ұстанған принципi - адам дене құрылымы және оның өзiнiң жаңалығы - эмбриологиялық белгiлер.
Конституциондық тұжырымдардың көпшiлiгi жантану ғылымында өткiр сынға алынды. Бұл теориялардың негiзгi кемшiлiгi - тұлғаның психикалық қасиеттерiнiң қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтiк жағдайлардың ескерiлмеуi. У.Шелдон теориясын сынға алған Я.Стреляу былай жазады: "Адамның тамаққа әуес болу, ұжымшыл болу не қайырымды болу сияқты темпераменттiк қасиеттерi оның дене құрылымындай нәсiлдiк белгi емес, мұндай қасиеттер анатомиялық-физиологиялық негiзге ие болғанымен тәрбие және әлеуметтiк ортада ғана қалыптасады".
Ал ғылым шындығына келетiн болсақ, адамдағы психикалық процестер мен оның қылығы жүйке жүйесi қызметiмен байланысты екендiгi ежелден-ақ белгiлi болған. Темперамент түрлерiнiң кейбiр жалпы психикалық процестер ерекшелiгiне тәуелдi келуi И.П.Павлов және оның шәкiрттерiнiң еңбектерiнде эксперименталды дәлелденген.
И.П.Павлов иттiң шартты рефлекстiк әрекет ерекшелiктерiн зерттей отырып, олар қылық-әрекеттерiндегi даралық өзгешелiктердiң пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен иттердiң рефлекстiк қозулары мен сол қозулардың сөну теңдiгi мен дәлдiгiнен көрiнген. Бұл жағдайлардың көрiнуi жүйке процесiнде қалыптасатын тұрақты қасиеттер - қозу және тежелуге байланысты екендiгi жөнiнде эксперименттермен дәлелденген. И.П.Павлов темперамент типiнiң жүйке қасиеттерi ретiнде қозу мен тежелу күшiн, тепе-теңдiгiн және қозғалмалылығын атап көрсеттi.
Қозу күшi мен тежелу күшi - бiр бiрiне тәуелсiз жүйке жүйесiнiң дербес қасиеттерi. Қозу күшi жүйке жасушаларының әрекетшеңдiк қабiлетiнiң белгiсi. Осы күш-ке орай жүйке төзiмдi, ұзақ не қысқа мерзiмдi әсерлi қозуды сақтай алады, тежелуге бейiмделедi. Ал тежелу күшi жүйке жүйесiндегi күштi әсерлердi басып, сөну және бiрiктiру шартты реакцияларын iске асыру қызметiн атқарады.
Жүйке жүйесi процестерiнiң тепе-теңдiгi қозу мен тежелу құбылыстарының өзара бiрдейлiк сипатын көрсетедi. Осы екi процесс күштерiнiң аралық қатынастарынан, бiр процесс күшi екiншiсiнен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы не ұстамсыз, ауыспалылығы туындайды. Жүйке жүйесiнiң үшiншi қасиетi - жүйке процесiнiң қозғалмалылығы - бiр жүйке процесiнiң екiншi түрiне ауысу жылдамдығында көрiнедi. Сонымен бiрге, жүйке процестерiнiң қозғалмалылығы адам қылық-әрекетiнiң өмiр жағдайларының өзгеруiне сай қалыпқа ене алу қабiлетiн де танытады. Жүйке жүйесiнiң мұндай қасиетiнiң өлшемiн бiр әркеттен екiншiсiне, енжарлықтан белсендiлiкке немесе керi өту шапшаңдығымен бағалаймыз. Жүйке қозғалмалылығына қарсы құбылыс - жүйке жүйесiнiң селқостығы (инертность). Бiр процесс түрiнен екiншiсiне өту үшiн қаншалықты көп уақыт пен күш қажет болатын болса, жүйке жүйесiнiң селқостығы сонша үлкен болғаны.
Аталған жүйке процестерiнiң қасиеттерi негiзiнде жүйке жүйесiнiң типi немесе жоғарғы жүйке қызметiнiң типi деп аталатын құрылым түзiледi. Бұл жүйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесiне тән негiзгi қасиеттер бiрлiгiнен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерiнiң күшi, тепе-теңдiгi, қозғалмалылығы. Осы үш қасиеттi негiзге ала отырып, И.П.Павлов жүйке процесiнiң күшiне орай және күштi тип пен әлсiз типтi айыра, дәстүрлi Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесiнiң төрт негiзгi типiн ажыратты: күштi, қозу мен тежелуi теңдей, қозғалмалы-сангвиник; күштi, қозу мен тежелуi теңдей, салғырт - флегматик; күштi, қозуы басым - холерик; әлсiз тип - меланхолик.
Сонымен, И.П.Павлов түсiнiгiнде, жүйке жүйесiнiң типi тума берiледi, тәрбие мен қоршаған орта ықпалынан өзгерiске келе бермейдi. Осыдан жүйке жүйесiнiң қасиеттерi - жүйке жүйесiнiң жалпы психикалық көрiнiсi болған темпераменттiң физиологиялық негiзiн қалайды, яғни адам темпераментi - жоғары жүйке жүйесiнiң сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесi.
И.П.Павлов негiздеген типология темперамент психологиясы саласындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама бердi. 50-жылдары жүргiзiлген осындай iзденiстер нәтижесiнде И.П.Павловтың шәкiрттерi В.М.Теплов, кейiн В.Д.Небылицын темперамент типологиясын жаңа элементтермен толықтырды. Ересек адамның жүйке жүйесiн эксперименталды талдауға ала отырып, жүйке процесiне байланысты екi қасиеттi: лабильдiк және динамикалық - ашты. Жүйке жүйесiнiң лабильдiгi - жүйке процесiнiң туындау және сөну шапшаңдығында көрiнедi де, ал динамикалылығы - қоздырғыш, ұнамды және керi әсерлi, тежегiш шартты рефлекстердiң оңай және жылдам түзiлуiнен байқалады.
Көп зерттеулердiң нәтижесiнде осы заман психологиясының теориялық тоқтамы: әрқандай адам белгiлi типтi жүйке жүйесiне ие. Нақты жүйкелiк типке сай темперамент қасиетi дара психологиялық өзгешелiктердiң мазмұнын құрайды.
Сонымен, темперамент - бұл адамның психика-лық әрекетiнiң динамикасын айқындайтын дара қасиеттерiнiң жиынтығы. Ал қасиеттер iс-әрекеттiң барша түрiнде мазмұн, мақсат, сеп-түрткiлерге тәуелсiз, бiрдей сипатта көрiнiс бередi, ересек шақта да өзгерiссiз тұрақталады. Психикалық қасиеттер өзара байланысқа келумен белгiлi темперамент типiне негiз болады. Темперамент типiнiң нақты көрiнiсi сан алуан. Олар тек сырттай әрекет-қылықта ғана емес, сонымен бiрге барлық психикалық құбылыстар да: сезiмде, ниет пен әрекетте, ақыл-ой жұмысында, тiлдесу ерекшелiктерiнде ж.т.б.- байқалады.

1-суретте жеке адамның психологиялық ерекшеліктері көрсетілген.



Қазiргi кезеңде психология ғылымы белгiлi жүйеде темперамент типтерiнiң бәрiне толық психологиялық сипаттама беруге негiз боларлықтай деректер топтаған. Алайда, дәстүрлi қабылданған темпераменттiң төрт (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрiнiң психологиялық сипатын түзу үшiн көбiне төмендегi аталған негiзгi темперамент қасиеттерi қолдануда:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет