Экстраверсия, интраверсия - адамның жауап әрекетi мен iс қимылына себепшi жағдайлар - нақты ме-зеттегi сыртқы сезiмдер (экстраверт) немесе өткен мен болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар (интроверт).
Сезiмдiк қызбалық (эмоциональная возбудимость) - эмоционалдық жауап болуы үшiн қажет ең төменгi әсердiң шамасы мен оның туындау жылдамдығы.
2-суретте темпераменттің түрлері көрсетілген.
Аталған қасиеттердi ескерумен қазiргi заман психологиясында темпераменттiң барша ғылыми қауым қабылдаған төрт типiнiң сипаттамасы төмендегiше:
Сангвиник. Жоғары дәрежелi әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдiк оның белсендiлiк қасиетiне сай, қозу мен тежелуi тепе-тең.
Назарын тартқанның бәрiне араласа кетедi, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлi, шапшаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледi, болмашы себептен көңiлi қалып, мұңаяды. Бет-жүзiнен көңiл-күйi, заттар мен адамдарға болған қатынасы бiлiнiп тұрады. Сезiмталдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама әсерi болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермей-дi. Мұндай адам көтерiңкi белсендiлiкке ие, жұмыс қабi-летi мен қуатының жоғары болуынан жаңа iске қаймық-пай кiрiседi, ұзақ уақыт талып-шаршамастан қызметiн жалғастыра алады. Зейiнiн таңдаған объектiне тез шоғырландырады, тәртiптi, қажет болса, өзiнiң ырықсыз әрекеттерi мен сезiмдерiне тоқтау, тиым бере алады. Әрекетi жедел, ақылы-ойы икемдi, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезiмдерi, көңiл-күйi, қызығулары мен ниеттерi өзгерген жағдайға байланысты жеңiл ауысып отырады. Сангвиник төңiрегiндегiлермен тiл табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға икемшiл. Қиналмастан бiр iстен екiншiсiне ауыса алады, қажет болса, қайта үйренiп, жаңа дағдыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типтi адам өткенi мен болашағын болжастыруда өзiнiң субъектив пайымдауларының жетегiнде қалып қоймай, көбiрек сыртқы әсерлердi объектив бағамдауға бейiм, экстраверт.
Холерик. Сангвиник сияқты жай әсерлерге берiлмейдi, әрекетшең және белсендi. Бiрақ холериктiң әрекетшеңдiгi белсендiлiктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемi кемiрек. Осыдан - ниеттерi мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейiнiн ауыстыруы қиындау, сезiмi көбiне сырттай көрiнедi, сондықтан - толық экстраверт.
Флегматик - әрекетi енжар, сезiмталдығы мен көңiл шарпулары кем көрiнiстi. Оны күлдiру де, мұңайту да оңай емес, төңiректiң бәрi күлкiден жығылып жатқанда, ол мiз- бақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзi сылбыр, әрекетi жай. Жаңарған жағдайға икемделуi қиын, дағдылары мен әрекеттерiн өзгертуi ауыр. Солай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезiмге берiлмейдi. Әдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейдi, сырттай әсерге төзiмдi. Бар бiлгенi iшiнде - интраверт.
Меланхолик. Өте сезiмтал, бiрақ әрекетшеңдiгi кем адам. Болмашы нәрседен көзiне жас үйiрiлiп, өкпе-легiш, сырттай әсердi күйзелiспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сыл-быр. Әдетте, өзiне сенiмсiз, үркек, болмашы қиындықтан шегiнедi. Меланхоликтiң жiгерi кем, тез шаршайды, қызметi болымсыз. Зейiнi тұрақсыз, оның барша психикалық процестерi әлсiз. Көпшiлiк меланхоликтердiң өздерiнiң тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан iшiне түйгенi көп - толық интраверт.
Әр адамның темперамент типi тума екендiгi қалтқысыз дәлелденген, ал қасиеттер түрiне байланысты белгiлi типтiң ұйымдасу проблемасы - әлi ғылыми шешiмiн таппаған.
Адамның жеке динамикалық бiтiстерi оның сырттай әрекет-қылығында, қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой топшылауынан, ниеттерi мен қызмет бабынан көрiнедi. Темперамент ерекшелiктерiнiң оқу мен еңбек барысына ықпал етуi табиғи құбылыс. Дегенмен, темперамент айырмашылықтарындағы басты қасиет - олардың психикалық мүмкiндiктер деңгейiнде емес, өзiндiк iске асу көрiнiстерiнде.
Егер iс-әрекет қалыпты жағдайда жүрiп жатса, соңғы нәтиже мен темперамент арасында ешқандай тәуелдi байланыс болмайды. Бұл ғылыми дәлелденген. Сонымен, тұлғаның қалыпты жағдайдағы әрекет нәтижесi оның шап-шаң не енжар екендiгiне қарамай, бiрдей өлшемде болады, себебi соңғы өнiм нәтижесi басқа факторларға, әсiресе сеп-түрткiлер мен қабiлет деңгейiне байланысты келедi. Темперамент ерекшелiктерi сол әрекеттi орындау тәсiлдерiн өзгертуге ықпал жасауы мүмкiн.
Темпераментiне қарай адамдар соңғы нәтиже емес, сол нәтижеге жету жолдарын таңдауымен ажыралады. Темпераменттiң тума ерекшелiктерi тәжiрибе, әлеуметтiк ортаға және өз басын билей алуға байланысты психикалық процестерде көрiнiс бередi. Жағдайға орай жауап-әрекет (реакция), бiр жағынан жүйке жүйесiнiң сипатына, екiншi тараптан - оқу тәрбие мен кәсiби тәжiрибеге тәуелдi (Р.М.Грановская). Мысалы, тәжiрибелi ұшқыш- тың, боксердiң, жүргiзушiнiң әрекет шапшаңдығы тума берiлген қасиет емес, жаттығу мен үйренудiң нәтижесi. Ал сол әрекеттердiң iске асу шегi жүйке жүйесiнiң мүмкiндiктерiмен анықталады.
Көптеген кәсiби қызметтер үйрету, оқытумен кемелденбейдi, ондайда темперамент бiтiстерi шек қояды. Мысалы, домбыраны әркiмде тартуы мүмкiн, ал шебер күшi болу - кемде-кем адамға берiлген өнер. Мұндайда маман дайындау үшiн кәсiби таңдаумен бiр кәсiби бағдарлы тәрбие әбден қажет. Психологиялық ерекшелiктерiне негiздеп, кәсiби мамандандырылған адамдар өз еңбегiнде үлкен қанағаттанумен зор табыстарға жете алады.
Адам iс-әрекетiнiң жемiстi болуы сол адамның темперамент ерекшелiктерiне тiкелей байланысты. Мысалы, қызмет нысандары тез ауысатын, жаңа адамдармен тiлдесу қажеттiгi көп жерде, бiр өмiр қалпынан екiншiсiне көшу керек болған жағдайларда сангвиник адамды пайдаланған абзал. Ал флегматиктер әрекетте сылбыр, енжар көрiнгенiмен, жай, бiрқалыпты, тұрақты бiр тәртiппен орындалатын қызметтерде өте тиiмдi келедi. Қайталануы көп, жалықтыратын, қарапайым iстерде меланхолик шыдамдылық көрсете алады, мұндайда олар басқаларға қарағанда онша шаршап- шалдықпайды, көп қайталанған әрекеттен олар жалықпайды. Ал қызмет бабы мен әдiстерi шектелген, еркiн қимылға мүмкiндiк жоқ жерде – сангвиник пен холерик типтi де шыдамайды.
Оқу мен тәрбиенi оңтайластыру мен олардың тиiмдiлiгiн көтеру жолында әрбiр педагог өз шәкiртiнiң темперамент типiн мүмкiндiгiнше нақты анықтап алған жөн. Осы тұрғыдан мұғалiмдерге кеңес: холериктiң оқу iстерiн мейлiнше жиi бақылауға алған дұрыс. Бұл типтi оқушымен қатты сөзбен, жекiрiп қатынас жасауға тiптi болмайды - қатынасқа сай келеңсiз жауап әрекет болуы сөзсiз. Сонымен бiрге оның қай қылығы болмасын орынды талаппен, әдiл бағалануы тиiс. Сангвиниктердi үздiксiз жаңа, қызғылықты, зейiн тоқтатып, белгiлi күш жұмсауды талап еткен iстерге қосып отыру керек. Оны ұдайы белсендi iс-әрекетке араластырып, мақтауын үзбей жеткiзiп тұру қажет.
Флегматик қызғылықты, белсендi әрекетке келiп, жұрт назарында болғанды ұнатады. Оны бiр iстен екiншi-сiне ауыстыра бермеген дұрыс. Ал меланхоликпен жұмыс iстеуде дөрекi сөз, тұрпайы қатынас қана емес, тiптi жай дауыс көтеру, әзiл-оспақтың өзi орынсыз. Онымен жiберген қате-кемшiлiктерi жөнiнде оңаша әңгiмелескен жөн. Оған ерекше назар бөлiп, әрқандай iс-әрекетте көрсет-кен белсендiлiк ұшқыны үшiн де мезетiнде мақтап, қошеметтеп бару керек. Ескертулер мен ұнамсыз бағаны мүмкiндiгiнше жұмсартып, байқап жария еткен орынды. Меланхолик - өте сезiмтал, өкпешiл тұлға, сондықтан оған дегенде өте мейiрлi, жақсы ниет бiлдiре, қатынасу керек.
Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз iс-әрекетiн жүзеге келтiруi тiкелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердiң желiсiнде көрiне отырып, еске түсiру, қабылдағанды бекiту жылдамдығына ықпалын тигiзедi, ой жүйрiктiгi мен зейiн тұрақтылығын және оның ауыспалылығын айқындап бередi.
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің бірі, бұл гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі із қалдыру. Психологияда бұл дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.
Мінез -психологияда грек тілінен аударғанда «таңба», «із» деген- сөзді білдіреді. Адамнын, мінезінің түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді.
Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік писхологиялық қасиеттері мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері.
Мінездің даралық өзгешіліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез-кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы оның негізгі сапалары болып есептелінеді.
Мiнез құбылысын зерттейтiн ғылым - характерология ұзақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл психология саласы мiнездер типiн саралап, адамның әртүрлi өмiр жағдайларындағы әрекет-қылығын болжастыру мақсатында әрқандай мiнез сипатын нақтылаумен шұғылданып келдi. Адамның тума емес, өмiр барысында қалыптасатын белгiсi болғандықтан, мiнез типтерiн жiктеу көбiне тұлға дамуындағы сыртқы, жанама факторларға негiзделедi. Осы бағытта ежелден өрiстеп келе жатқан, мiнез танып, әрекет- қылық болжастырудың психологиялық жолдары бар. Солардың кейбiрiне қысқаша түсiнiк:
Жұлдызнама (гороскоп) - адам мiнезiн туған күнiмен байланыстырып түсiндiредi. Жалпы қабылданған уақыт өлшемдерi белгiлi кезең, аралыққа бөлiнедi, олардың әрқайсысына нақты белгi, символ берiледi. Осы символға (ағаш, от, су, жануар т.б.) тән әртүрлi қасиеттерге орай адам мiнезi суреттеледi. Мысалы, кельт жұлдызнамасын-да 22 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында туылған - алмаға тектес, осыдан мұндай адам сүйкiмдi, ақ жарқын, кеуiлшең т.б., ал қазақы жұлдызнамада жоғарыда аталған күндерi туылғандар - таутеке, яғни мұндайлар - өжет, тұрақты, төзiмдi, тұйық, сыршыл келедi.
Физиогномика (phisis - табиғат, gnomon - бiлу) - адам-ның сыртқы келбетiне және сондай келбеттi тұлғаларды ұқсастығымен белгiлi топқа бiрiктiрiп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым. Адам дене бiтiстерiне қарай жануармен салыстырылады да сол жануарға тән мiнез ерекшелiгi оған таңылады. Мысалы, Аристотель пiкiрiнше, адамның мұрын танауы өгiздiкiндей жуан да қалың болып келсе, ол ерiншектiк белгiсi; шошқадай кең танау, жалпақ мұрын - ақымақтық; қой, ешкi жүнiне ұқсас шашты адам - үркек; доңыз, арыстан қылшықтарындай тiке шашты адам - ержүрек, батыл ж.т.б.
Адамның басқа да келбет көрiнiстерi (көз, ауыз, отырыс-тұрыс т.б.) негiзiнде мiнездi байқастыру осы фи-зиогномика аймағында жоғары дамыған.
Хиромантия (cheir - қол, mantia - бал ашу) - адам мiнезiн алақанның терi бедерлерi, түсi арқылы болжас-тыру жүйесi.
Дерматоглифика - бармақ, алақан терiсiне тумадан түсетiн өрнектер арқылы адам мiнезiн анықтай-тын ғылым жүйесi.
Графология - мәнерлi әрекет - жазу таңбасына орай адам мiнезiн анықтауға бағытталған ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: |