Монғол дәуіріндегі мұралар
(XIII – XV ғ).
«Ат - тухва», «Китап бұлғат әл - муштақ», «Түрікше – арабша – монғолша – парсыша сөздік» (1245 ж); «Кодекс куманикус», «Игорь полкі туралы сөз».
«Кодекс куманикус» (қумандар кітабы). XIV ғ басында қыпшақ жазба ескерткіші. Еңбек құман қыпшақтары тілінде көне готикалық шрифтімен жазылған. Италияның Венециясында Марк Евагелист шіркеуінің кітапханасында сақталған. Көлемі – 82 парақ..
Түркология және оның объектісі.
Ә. Қайдаров, М. Оразов «Түркітануға кіріспе» (А., 1992 ж), «Түркологияға кіріспе» (А. 1985 ж).
«Структура и история тюркских языков» (М.1971 ж.)
Т. Қордабаев «Түркология және қазақ тіл білімі» (А. 1992 – 1992 ж.)
Т. Қордабаев «Түркология тарихына» (А. 1984 ж.)
А. Қайдаров
Отар әлі Бүркіт «Түркітану» (А. 2003 ж).
Түркология жалпы шығыстану ғылымының бір саласы. Шығыстану ғылымы құрамына орай иран, монғол, қытай тану т.т. ғылымдар енеді. Түркология түркі халықтары туралы ілім. Ол – түркі халықтарының тілін, әдебиетін, тарихын, этнографиясын зерттейтін ғылымдар қосындысы кешені. Түркітану XVIII ғасырға дейін шығыстану ғылымының бір саласы ретінде зерттеліп, XVIII ғасырдың екінші жартысында дербес ғылымы болып қалыптасты. Қазіргі танда түркітану терминін тіл мамандарының түркі тілін зерттейтін ғылым мағынасында қолдану дәстүрге айналды. Түркітану жеке түркі халықтарына және олардың тілдеріне ғылыми ой – пікірлердің жиынтығы болғандықтан, жеке түркі тілдері ғылымын түркітанудың бір саласы, тармағы дейміз. Түркі халықтары туралы алғашқы мәліметтер Европада орта ғасырлар басында, Шығыс Рим империясының шекарасында Орта Азиядан көшкен тайпалардың пайда болуынан басталады. Көне түркі халықтарының тұрмысы, мәдениеті, тарихы туралы мәліметтер Византия дипломаттары мен тарихшыларының грек, латын тілдерінде жазылған еңбектерінде кездеседі. Кейінірек түркі халықтары мен олардың тілдері туралы ғылыми деректер Европада Осман түріктерімен байланысты жазылған. В.В. Бартоль өзінің «История изучения востока в Европе и России» еңбюегінде Европалықтар бірнеше ғасырлар бойы тек Осман мемлекетінінң тарихын олардың тілін сипаттау мен ғана шұғылданды дейді. Түркі тілдерін салыстыра зерттеу, олардың салыстырмалы сөздіктерін жасау, көне жазба нұсқаларды лингвистикалық тұрғыдан зерттеу Европаның Шығыстанушылары тек 187 жылдан бастап айналыса бьастады. Үнді Европа тілдерін зерттеу негізінде қалыптасқан салыстырмалы – тарихи әдістің дамуына орай Европада түркі тілдерін ғылыми негізде зерттеу етек алды. Түркітануда бұл әдістің бастамасы орыс – швед соғысының тұтқыны, швед армиясының офицері Филипп Иогенн Страпенберг еңбегімен байланысты. Страпенберг күні бүгінге дейін түркологтар арасында ғылыми айтыс тудырып жүрген Орал – Алтай теориясын ұсынған ғалым. Ол Енисей өзені бойынан XVII ғасырда қазіргі Тува автономиялық Республикасы, Хакас автономиялық облысын аралай жүріп көне руникалық жазбалар нұсқасын жинап пікір білдірген. Ол нұсқалар зират, мола басына қойылған ескерткіш құлпы тастарға қашалып жазылған. Мұндай нұсқа ғылымда эптафия деп аталады, сонымен қатар ол Абылғазы Баһадүр ханның «Шежіре түрік» еңбегін орыс, неміс тілдеріне аударған ғалым. 187 ж бастап Ресейде қалыптасқан түркітанудың тарихын 4 кезеңге бөліп қарастыруға болады:
I кезең – XVIII ғасырдың екінші жартысына дейінгі кезең Славян және түркі халықтар арасындағы қарым – қатынас IX ғасырдан басталады (хазарлар, бұлғарлар, қыпшақтар, құмандар). А.Н. Кононовтың пікірінше, орысша – түрікше сөздіктер 137 жылы жасалған.
Бұл кезеңде түркітану ойдағыдай өріс ала қоймады, тек лексикалық материалдар жинау, тілді практикалық тұрғыдан үйрену, эпиграфиялық және этнографиялық жұмыстарға көңіл бөлінді.
II кезең – XVIII – екінші жартысынан XIX ғ бірнші жартысын қамтиды. Бұл кезеңді ғылыми түркітану бастамасы деп атайды. П.С.Палластың «Барлық тілдер мен наречиялардың салыстырмалы сөздігі» 4 том. (1719 ж) еңбегінде орыс тілінің 285 сөзі екі жүз тілге аударылады, онда түркі сөздері де қамтылған. Осы кезеңде көптеген түркі тілдерінң грамматикалары жазылады: «Чуваш тілі грамматикасына қатысты ойлар» (1769 ж) (соображение относительно Чувашского языка), С. Халифтің «Татар тілі азбукасы» (1778 ж) (Азбука татарского языка), «Орысша – татарша сөздік» (1785 ж), И. Гигановтың «Татар тілі грамматикасы» (1801 ж) т.т. XIX ғ алғашқы жартысында жекелеген мектептер мен гимназиялар ғана түркі тілінде оқытылса, бұл жұмыс Қазан университеттерінде академиялық дәрежеге қойылды. Түркология кадрларын даярлау жұмысын ғылыми негізде дамыту үшін шет елдерден Шығыстану ғылымының мамандары шақырылды. Немістің атақты Шығыстанушысы, ғалым Х.Д. Френ Қазан университетінің шығыс тілдер кафедрасын, сондай – ақ Петербургтегі «Азия музейі» (1818) деп аталатын ғылыми мекемені басқарды. 1805 жылдан осы күнге дейін өмір сүріп келе жатқан Қазан университеті XIX ғасырдың алғашқы жартысында Ресейдегі түркологиялық орталық болды. И. Халфин, М.Казимбек, И.Н. Березин, Л.З. Будагов, Н.И. Ильинский, С.Е. Малов, Ф.Е. Корш т.б. түркологтар осы университеттің түлектері.
III кезең – XIX ғ екінші жартысынан Қазан революциясына дейінгі, яғни XX ғ басына дейінгі кезең. Бұл кезеңде шығыстану орталығы Петербург қаласына ауысты. Осыған дейін шығыс тілдерін зерттеу практикалық сипатта болса, осы кезеңнен бастап ол ғылымдық, академиялық жолға түсті, елеулі лингвистикалық зерттеулер грамматикалық сипаттар мен іргелі зерттеулер сөздіктер дүниеге келді.
Мәселен: В. Радлов неміс тілінде «Солтүстік түркі наречиелерінің фонетикасы» (1882 – 1883 ж), «Опыт словарь тюркских наречий» спб 1888 – 1911) 4 том.
П.М. Мелиоранский «краткая грамматика казак – киргизского языка» 2 бөлім. «Фонетика, морфология, синтаксис» (1894, 1897 ж).
В.В.Катаринский «Грамматика киргизского языка». «Фонетика, этимология и синтаксис» (Оренбург 1897 ж).
Г.Ю. Клапрот (1783 - 1835) оның 1825 ж жазылған еңбегінде алдымен қазақ халқы туралы қысқаша тарихи анықтама, одан соң түрік, қазан татары, тобыл татары және монғол тілдерінің сөздерімен салыстыра отырып жасаған французша – қазақша сөздікше берілген.
IV кезең – XX ғ басынан қазіргі түркітану кезеңі: Бұл кезеңде жеке түркі тілдері өз даму жолдарына түсті. Жеке тіл білімдерімен сипатталған түркітану ғылыми бірнеше бағытта дамуда. М: а) түркі тілдерінің фонетикасы мен грамматикасы; б) жеке түркі тілдерінін фонтикасы мен грамматикасы; в) түркі жазба ескерткіштерін зерттеу мен жариялау; г) диалектография мен диалектология; е) түркі халықтарының ұлттық тілдерінің дамуы мен тарихы; ж) түркі тілдерін топтастыру мәселесі; з) қазіргі түркі тілінің дамуы; и) Алтай теориясы; к) кітапхана, архивтердегі сақталған қолжазбаларды зерттеу мен жариялау т.т.
Достарыңызбен бөлісу: |