Қосымша әдебиеттер
Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.
Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.
Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.
2-тақырып. Мен және менің мотивациям
Дәріс мақсаты: Студенттерде мотивация туралы білімдерді қалыптастыру.
Дәріс тезисі.
Мотивация мен мотивтер мәселеріне көптеген ғылыми зерттеу еңбектері мен көлемі монографиялар жазған отандық, ресейлік және шетелдік ғалымдар көп тоқталған. Олар- ресейлік В.Асеев, В.Вилюнас, В.Ковалев, А.Леонтьев, М.Магомед-Эминов, В.Мерлин, П.Симонов, Д.Узнадзе, А.Файзуллаев, П.Якобсон және шетелдік Дж.Аткинсон, Г.Холл, К.Мадсен, А.Маслоу, Х.Хекхаузен т.б. ғалымдар мен авторлар.
Нақты мәселелер туралы жазылған ғылыми- сараптамалық әдебиеттердің көптігі тіпті, кейбір психологтарды осы мәселені шешу барасында тығырыққа тіреуі де ғажап емес. Орын алып отырған мәселе жөніндегі тұрақты көзқарас- пікірлердің жоқтығы мотивация процесін қарастырудағы жүйеліліктің орын алуына байланысты. Әсіресе, мотивация мен мотив мәндерін толық түсінуге қатысты авторлар пікірлерінің бір- бірінен алшақтығы анық байқалады. Дегенмен, талдау шарттары кезінде, көптеген қалыптасқан құнды ақпараттар мен гипотезаларға назар аударып, мотивация мен мотив концепциялары және тұтастығын қалыптастыруда еркін қолдана аламыз. Ол үшін тақырыпқа тірек болған мотивация мен мотивтердің ғылыми тұжырымдамалар түріндегі бастауларына қысқаша экскурс жасап көрелік. Мәселелерді қарастыруда шағын тақырыпшалық топтамаларға тоқталамыз.
Мотивацияның қажеттілік теориялары. Адамзат пен жануар дүниесінің белсенділігіне, олардың себептерін ғылыми тұрғыдан анықтауға ежелгі заманғы ғалымдардың өздері- Аристотель, Гераклит, Демокрит, Лукреций, Платон, Сократ тырысқан «қажеттілікті» өмір оқытушысы деп есептеген. Мәселен, Демокрит қажеттілікті негізгі қозғаушы күш ретінде қабылдап, сезімталдық уайымдарды ғана шақырып қоймай, адам миының алғырлығын, тілін, сөзін және еңбекке бейімділігін тудырған дейді. Сократтың жазбаларында әрбір адамға қажеттіліктер, қалаулар, ұмтылыстар тән делінген. Бұнда адамның қажеттіліктері емес, олардың адам өмірінде алатын орны айтылады. Адам егер басқалардың ықпалынан шығып, өзінің қажеттілігі, қалаулары мен тәртібіне ие бола алмаса, онда өз табиғатын, жаратылысын да меңгере алмайды. Адамзат кейде өз қажеттілігін шектей алмай, тән талабы мен сыртқы ортаның құлына айналып кетеді. Сондықтан әрбір тұлға өз қажеттіліктерін қажет болған жағдайда ғана қанағаттандыруға тырысуы керек.
Платон қажеттілік, қызығушылық және құмарлық «саналы, қайырымды жан» тарапынан басқарылуы қажет дегенді айтады.
Аристотель адам тәртібінің түрткілерін түсіндіруде бірқатар оң қадамдар жасаған. Оның түсінігінде, құштарлық әрқашан мақсатпен байланысты болады. Екінші жағынан, құштарлық қажеттілік пен анықталып, қанағаттанарлық және қанағаттанарлықсыз сезімдермен астасады. Нәтижесінде, адам белсенділігін анықтайтын кез- келген ерікті қимыл мен сезім қалпы табиғилық негізге ие болады.
Бұл түсініктерге Лукреций пікірлері мен көзқарастары да жақын. оның пікірінше, ерік- жігер көздері қажеттіліктен туындайтын талап- тілектер болып табылады.
Голландия философы Спиноза тәртіптің басты қозғаушы күші деп аффектіні есептеп, оларға бірінші кезекте жан және тәнмен байланысты қызығушылықты сезілетін болса, онда ол тілекке айналады.
Адам белсенділігінің негізгі қайнар көзі ретіндегі қажеттіліктерге XVIII ғасыр аяғындағы француз материалистері де басты назар аударған. Э.Кондильяк қажеттілікті мазасыздықпен байланыстырады. Ол қажеттіліктің көмегімен барлық жандық және тәндік әдеттер пайда болады дейді.
К. Гельвицкий адам белсенділігінің көзін оның құмарлығынан көреді. Табиғи және физикалық құмарлықтар қажеттіліктердің қанағаттандырылмауынан дейді. Соңғысын ол ерекше әсермен қабылдаған.
Адам мінез- құлқын түсінудегі қажеттіліктер туралы Н.Чернышевский де айтқан. Тек осы арқылы субъектінің объектіге қатысын түсініп, тұлғаның психикалық және рухани дамуы үшін материалды- экономикалық шарттардың орнын айқындауға болады дейді. Ол қажеттіліктің дамуын танымдық қабілеттердің дамуымен байланыстырған.
XX ғасырдың 20-шы және одан бергі жылдары батыс психологиясында тек адамға ғана қатысты мотивация теориясы пайда болады. Бұнда органикалықпен бірге қажеттіліктің қосалқы түрлері де тәрбие мен оқыту нәтижесінде ерекшеленеді. Оларға табысқа жетудегі, дербестік пен қарсылсқ көрсету, сыйластық пен қорғану, назар тартушылық, сәтсіздіктерден қашу мен теріс ықпалдан құтылу қажеттіліктері жатқызылады. Сөйтіп, біз ХХ ғасырда «мотивация» ұғымының «қажеттілік» ұғымымен тығыз байланысты бола түскенін көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: |